Жоспар Кіріспе бет


Тұлғаның экологиялық мәдениетінің өлшемдерінің, көрсеткіштерінің деңгейлері



бет3/4
Дата01.03.2023
өлшемі47,66 Kb.
#170630
1   2   3   4
Байланысты:
Тұлғаның экологиялық мәдиниетін қалыптастыру
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
2.Тұлғаның экологиялық мәдениетінің өлшемдерінің, көрсеткіштерінің деңгейлері

Тұлғаның экологиялық мәдениетінің өзіміз негіздеген компонеттік құрамын ескере отырып, біз тұлғаның экологиялық мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық


1). Тұлғаның экологиялық мәдениетінің әртүрлі көрсеткіштері бізге осы тұлғалық сапаны қалыптастырудың 4 деңгейін негіздеуге мүмкіндік берді:жоғары, жеткілікті, орта және төмен. Жоғары деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы; экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға ұмтылуы; қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға дағдыларының қалыптасуы; экологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру іскерліктерінің болуы; экологиялық іс-әрекеттерге өзінің нақты қатысу қажеттілігін түсінуі; өзі қатысқан табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне өзіндік баға бере алуы Тұлғаның экологиялық мәдениетінің моделі Компонеттері Өлшемдері Көрсеткіштері Мотивациялыққұндылық Құндылық бағдарлардың экологиялық бағыты -қоршаған ортаға эмоционалды-құндылық қатынасының болуы; -қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы. Экологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу; Когнитивтік Экологиялық білімдер -Экологиялық білімнің қажеттілігің түсіну; -табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негіздерін түсіну; - қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалық ісәрекеттерге, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі адамгершілік пен құқық нормаларының бағдары; Мінез-құлықтық Экологиялық іс-әрекет - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылымизерттеу жұмыстарының дағдылануы; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенділігі; -алдағы уақытта кездесетін жағдайларда экологиялық ағартушылықты ұйымдастыру іскерліктерінің болуы; Рефлекстік Өзін-өзі экологиялық бағалау -аймақтың табиғи қорларын сақтауға өзінің тұлғалық жауапкершілігін ұғыну; -практикалық тұрғыдағы экологиялық ісәрекеттерде өзінің қатысу қажеттігін түсінуі; -өзі қатысқан жұмыстың экологиялық салалары мен табиғатты қорғау ісәрекеттеріне өзіндік баға беруі мен өзіндік талдауы; Жеткілікті деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен қорғауға сұранысының болуы; болашақ кәсіби іс-әрекеттеріндегі экологиялық аспектілерді ұғынуы; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытуы; табиғат қорларын сақтауға жеке жауапкершілігін жете түсунуі. Орта деңгей: қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасы орташа; болашақтағы кәсіби іс-әрекетінде кездесетін кейбір экологиялық аспектілерді түсінеді; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда кейбір дағдыларға ие; аймақтың табиғи қорларын сақтау процесіне жеке адамның әсер ете алу мүмкіндіктерін түсінеді. Төмен деңгей: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мен оны қорғауға талпынбайды; қоғам мен табиғаттың тұрақты даму негіздерін түсінбейді; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды немесе ішінара қатысады; практикалық экологиялық іс-әрекетке өзінің қатысуы міндетті деп есептемейді. 11 2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері 2.1 Мектепке дейінгі тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы сабақтастық және соған байланысты шешілетін экологиялық мәселелер бүгінгі күні әлемдік деңгейге көтеріліп отыр. Аталған жүйедегі қарым-қатынастың шиеленісуінен туындайтын және ғылыми зерттеуді керек ететін мәселелердің бірі-бүкіл адамзаттың экологиялық мәдениетін дамыту. «ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңының» 73 бабында «Қоғамның экологиялық мәдениетін және мамандардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары білім берудің бүкіл жүйесіне экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға ортақ және үздіксіз жүргізілуі тиіс»,-деп белгіленген . Демек, жаңа тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мектепке дейінгі кезеңнен басталуы қажет деп санаймыз [11]. Қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақмағамбетов, Ә.Жақсыбеков еңбектерінде табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде тұжырымдаған . Ресей философтары М.Фомин, А.Гусейнов, В.И.Фурсовтың пікірінше жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік санасезімінің пайда болуы. Олай болса, экологиялық мәдениет жеке адамдар саналығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Экологиялық мәдениет мектепалды топ балаларының бастапқы ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың алғашқы рухани бейнесіне тұтастық алып келеді, оны қоршаған табиғи ортаға әлеуметтік мәнді және экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында қанағатт андырады. Кесте 2. Мектепке дейінгі балаларға берілетін экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми негіздері , оның негіздері, оның ішінде сананың қалыптасу механизмі туралы ғылыми еңбектер баршылық. Ғалым Н.Н.Вересовтың оқу процесінде мектепалды балаларының экологиялық санасының негізін қалыптастыруды мағыналық және мәндік деңгейлері арқылы анықтаған. Қазақ жерінде психология ғылымын зерттеуші М.Мұқанов мектепке дейінгілердің таным процесіндегі ерекшеліктерін атай отырып, мүмкіндіктеріне, шамасына қарай табиғат құбылыстары туралы білім беру қажетін былай тұжырымдайды: «...мектепке дейінгі зоология пәніндегі топтастыру айналасындай білім аламаса да, осыларды естіген әңгімелерінен не 12 теледидардан көріп үйрене бастайды. Арнайы үйретілмесе де, бала өздігінен көрген білгені бойынша табиғи заттарды, құбылыстарды топтаптырып ойқорытынды жасайтын болады». Қорыта айтқанда, Республикамызда қалыптасқан психологиялық ой пікірлерден, жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, болашақ ұрпақты әдептілікке баулу арқылы экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты қорғауға, аялауға психологиялық тұрғыдан даярлауды ұсынады. [12]. Психолог Е.Н. Санникова, Г.А.Урунтаева мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатты қабылдау кезінде ақыл-ойды шоғырландырудың барынша дамыған формасы танымдық, эстетикалық және этикалық құрамдас бөліктерінің біртұтастығы ретінде көрінеді. Психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде, мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ішкі механизмін зерттеуге көңіл бөлгендігіне көз жеткіздік. Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде экологиялық мінез-құлық термині жиі қолданылып жатыр. Осы ретте В.Г.Грецованың, М.К.Ибраимованың , И.К.Комарованың , З.П.Плохийдің, Г:В.Кирикс, Л.Т.Шанасырованың зерттеулерінде балалардың табиғат туралы білімі, оның құндылығын түсінуде , экологиялық мәдениетін қалыптастыруда алдымен табиғат аясындағы дұрыс мінез-құлқын тәрбиелеуді қарастырған. Белгілі ғалымдар Н.А.Рыжакова, С.Н.Николаева мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбіс міндеттерін шешуде екі бағытты көрсетті: балаларда бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, екіншісі ересектердің экологиялық мәдениетін дамыту. Дегенмен, зерттеушілердің мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін. Мектепалды балалардың бастапқы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі: Мазмұн дық сипат тамасы психологиялық құрылымы Өлшемдер мен көрсеткіштер Тірі табиғаттың құндылығын түсінуі Өлі табиғаттың құндылығын түсінуі Экологиялық мінезқұлқын тәрбиелеу мотивациялық -тірі табиғатты білуге қызығуы; -тірі табиғатты қорғау тілегі; -тірі табиғатты қорғау -өлі табиғатты білуге қызығуы; -әлі табиғатты білуге қызығуы; -өлі табиғатты қорғау қажеттілігі; -табиғатты қорғау әрекетіне қызығуы; -табиғат аясында әдептілікке ұмтылысы; -табиғатты қорғауда қоғамдық мотиві; 13 қажеттілігі; когнитивтік -өсімдік туралы білімі; -жануарлар туралы білімі; -тірі табиғаттың құндылығын ұғынуы; -өлі табиғат туралы білімі; - өлі табиғаттың тірі табиғат арасындағы байланыс туралы білімі; -өлі табиғат құндылығының ұғынуы; - экологиялық мінез-құлық ережелерін білуі; -экологиялық міндеттер мен құқылары; -экологиялық тақырыптағы көркем шығармаларды білуі туралы білімі; Мінезқұлықтық -өсімдікті күту біліктілігі; - жануарды күту біліктілігі; -тірі табиғаттың құндылығының бағалау біліктілігі; -өлі табиғат туралы білімін өмірде қолдану біліктілігі; -ойынмен байланыстыру біліктілігі; -өлі табиғатты бағалау біліктілігі; - экологиялық мінез –құлық ережелерін орындай алу біліктілігі; -табиғатта әдептілікті сақтай білу біліктілігі; -экологиялық құқықты орындай білу біліктілігі; 2.2 Қазақ халқының ауыз әдебиетінің негізінде жастардың экологиялық мәдениеттін қалыптастырудың тиімділігі Қазақ халқының экологиялық мәдениеті мен өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде жинақталған тәжірибесін ең алдымен ауыз екі шығармашылыған табатын боламыз . Фольклортанушылар тақырыптарына, поэтикалық мазмұнына қарай жанрлық сипаттамалар берген. Алайда, қазақ фольклорын, олардың даму заңдылықтарына , әртүрінің өзара байланысына , ерекшеліктеріне қарай бір жақты классификациялау әлі де өалыптаспаған. Біздер М.Әуезов, А.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, М.Сильченко сияқты фольклористикаға елеулі еңбек сіңірген ғалымдарының ұсыныстарын негізге алып қазақ ауыз екі шығармашылығының келесі педогогикалық жіктемесін ұсынамыз: мақалмәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тиым сөздер, ертегі, аңыз-әңгімелер, қара сөздер, эпостық жырлар [14]. Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниетанымымен табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемінен өз арасында тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтас ұғымда 14 болуы, адамның жер бетіндегі барынша тіршілікпен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Олар табиғатты объект ретінде таза тұтыну пиғылына жоғары мәдениетте болған, оны рухани күш деп танып, қасиет тұтқан. Бұл оның жырларында айқын көрініс тапқан: «Қанатты туған пырағым, аға-інім сен едің» (Қамбар батыр жырынан). Қазақ ауыз әдебиетінде тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдердің орны ерекше. Осындай мақал-мәтелдердің қатарына : «Көктем, көктем нұрын төккен!», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе, мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр, жерге туған нұр», «Күн болсаң, күндей бола біл, Ай болсаң айдай бол!», «Нөсер алдында найзағай ойнайды», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Ормансыз жер жалаңаш, армансыз-ер жалаңаш» сияқты мақал-мәтелдер жатады. Тұлғаның табиғат, қоршаған орта, экология туралы алғашқы ұғымдарды мектептен тыс ұйымдарда мақалмәтелдер арқылы түсіндірудің толықтай мүмкіндігі бар [15]. Халық балалар мен жастарға экологиялық тәрбие беруде қазақ ауыз екі шығармашылығынан елеулі туындысының бірі-жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақтардың тақырыбы да сан алуан. Табиғат көріністерін сипаттайтын жұмбақтар қатарына: «Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,ұстаған қолдарында таяғы жоқ, күніне талай жерге кетер кезіп, нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ»(Бұлт); «Көзге ілінбейді жұтсаң білінбейді»(Ауа);«Қолы жоқ, сурет салады, тісі жоқ, тістеп алады»(Аяз);«Шым-шытыр, шидай қотыр (Жұлдыздар) сияқты жұмбақтар жатады . Қазақ ауыз әдебиетінде маңызды үлгілерінің бірі жаңылтпаштар болып табылады. Жаңылтпаштар табиғат құбылыстарын түсіндіру мақсатында қолданылады. «Ол аралда да марал, бұл арал да марал. От екен маралға арал» дей отырып, балаларды жан-жануарлармен таныстырып қана қоймай, олардың тіршілік етуінен де хабар береді. Ертегілердің қай түрін алсаңда, әрқайсысы адам мен табиғат жайлы көптеген ақпарат береді, әрі табиғатты қорғау, ластанудан аулақ болуға талпындырады. Ертегі сюжеттерінде мал шаруашылығы, оны күтіп баптау, аялау («Бөзінген»), хайуанаттардың өздеріне байланысты («Арыстан мен түлкі») олардың тыныс тіршілігі сөз болады. Тұлғаның экологиялық білім қорын меңгеруінде . оның кең көлемді әрі жүйелі болуында қазақ халқының эпостық жырларының маңызы зор. Қазақ ауызекі шығармашылығының мазмұнына қарап келесідей тұжырымдар жасауға болады: қазақ ауыз екі шығармашылығының танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқырып, қазақ ауызекі шығармашылығында бейнеленген экологиялық тәжірибе оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының негізін құрайтын экологиялық санасын, экологиялық ойлауын, экологиялық білімін, экологиялық қарым-қатынасын, экологиялық іс-әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Біз барлық алынған ақпараттарды негізге ала отырып, тұлғаның қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық моделін жасадық.. 15 Кесте 3. Тұлғаның қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құрылымдық моделі: Компонеттері Өлшемдері Көрсеткіштері 1.Мотивациялық Тұлғаның қазақ ауызекі шығармашылында бейнеленген тәжірибиге қарымқатынасы -қазақ ауызекі шығармашылығының табиғатты қорғаудағы мәнін санамен түсіну; -қазақ ауызекі шығармашылығындағы тәжірибегеқызығушылығы; -қазақ ауызекі шығармашылығындағы экологиялық тәжірибеге талпынысы; -қазақ ауызекі шығармашылығындағы экологиялық тәжірибе негізінде,қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуге деген қажеттілігі. 2. Мазмұндық Экологиялық білімдерінің көлемділігі, жүйелігі -Экологиялық білімдердің көлемдігі; -Экологиялық білімдердің жүйелігі; -Экологиялық білімдердің табиғат туралы шығармашылығын қолдана білу; -Бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалар туралы мағлұматтардың болуы: 3. Процессуалдық Экологиялық дағды, әскерліктері, белсенділіктері, рефлексия жасай білуі -Табиғат қорғау шараларына белсенді қатысу; -Экологиялық білімдерін таныс емес ситуацияларда қолдана білу; -Экология саласында, ғылыми зерттеу, насихаттау істеріне араласу 16 белсенділігі; -Табиғатпен қарымқатынас нәтижелері бойынша рефлексия жасай білуі; Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік тереңмәнмазмұнымен ерекшеленеді [16]. Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары: 1. Денсаулық; 2.Еңбек пен мамандық; 3.Өнер; 4.Имандылық пен адамгершілік; 5.Патриоттық; 6.Эстетикалық; 17 7.Табиғатқа деген сүйіспеншілік; Ауыз әдебиетінің түрлері; 1.Ертегілер; 2.Жұмбақтар 3.Жаңылтпаштар; 4.Айтыс өнері; 5.Мақал-мәтелдер; 6.Тыйым сөздер. Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз… Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Халықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз. Халықтық ертегілер — халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Ертегігің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана — сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балар сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Халық ертегілерінің ішінде балалар арасына кең тарағаны- хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла 18 тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер баланың санасын оятып, мақсатмұрасына жетуге үйретеді. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: « Ертегілер жас баланың ой –санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді.»,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертегі бәрі кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрінісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінезқұлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық», т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы-ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті, жазу, сызудың болмаған кезінде туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлей дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсіндіру. Грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқар», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өздері қалаған кейіпкердің көңіл-күйін, мінезін беруге тырысады.Ұйымдастырылған барысында ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді. Оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар»Көркем әдебиет оқу іс-әректінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді қарапайым математикада осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген 19 ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады. «Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыртуға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу?(біреу), ешкі нешеу?(біреу) - Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең. - Лақтар нешеу? Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп. Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады. Мысалға: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді. Тұрмыс-салт, Хайуанаттар, Қиял –ғажайып ертегілері туралы ертегілері. Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Халық педагогикасының қайнар бұлағы, ең үлкен бір саласыхалық ауыз екі шығармашылығы. Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Ауыз әдебиетінің тәлім-тірбиелік мәнін кемеңгер жазушы М.Әуезовтың мына бір пікірінен аңғаруға болады: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизімді, халықтың қанатты үміті – оптимизімді, сол халықтың өткендегі өмірі, аңсау –арманы, әдеп-ғұрпын, халықтың ұжымдық тәрбиесінің жемісін көреміз».Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. Қазақ ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі қиял дүниесінен туған ғажайып ертегілер, батырлар жырлары, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақжаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындар-бәрі халықтық мол байлық.Сондықтан, осы мол байлықтың қайнар бұлағынан жас жеткіншектерді сусындату, оның педагогикалық дидактикалық тәрбиелік міндеттерін ұстаздар оқу-тәрбие процесінде орайластыра кеңінен пайдалана білу керек. Себебі жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерімен мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі-тәрбиеші. Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеуін, қиялын байқау үшін өздерінің білетін ертегілерін әңгімелету немесе сұрақ-жауап арқылы шәкірттің тіл байлығы қай дәрежеде екенін байқауға болады. Жұмбақ балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі. Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.Ата-бабаларымыз күмбірлеген[18]. 20 Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың жинағында былай деп жазылған: «Бес арысымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…». Осы қағиданы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда басты мақсат етіп алдыға қойса, сонда президентіміз алға қойған бәсекелестікке сай елдің қатарына кіруге еңбек ететін ХХІ ғасырдың азаматын тәрбиелей аламыз. Жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу — халық арманы. Осы орайда қазақ балабақшаларының басты мақсаты: нағыз ел қамын, жер қамын ойлайтын ер-азамат тәрбиелеу. Бала тәрбиелегенде әрбір тәрбиеші ең алдымен өз тәжірибесін, екінші ұлт тәрбиесін қолдану керектігін Мағжан Жұмабаев айтып кеткен… Қазақта «Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөз бар. Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдетғұрып, салт-дәстурі есебінде жетілетіні белгілі.Қазақ халқы- сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді қастерлеп, аузынын тастамай, өнеге ретінде өлең жолдарымен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Мақалмәтелдерді үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа үйретуде мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні зор. «Ең асыл тәрбие –сөзбен тәрбиелеу» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқан. Сөз қүдіреті біздің ел үшін бағасыз қазына. Мақал-мәтелдерді оқыту, насихат ету- егеменді елдің ертеңі үшін керекті шарт. Халықтың ойлаған арманына, алға қойған мақсатына жету үшін білім, еңбек, қатан тәртіп керек екенін мақал-мәтелдерден байқаймыз. Өнерпаздық дәстүрін қыз блаларға іс, өнер үйрету, ер балаларды еңбекке баулу әрекетімен жалғастырып тәрбиелеп отырған. Жастарға үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, ойлау жүйесін дамытып, ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Мақал-мәтелдерде тілдің адам өміріндегі маңызы туралы көп айтылған. Шешендік өнерге құрмет ертеден басталған. Ой шындығының сөз арқылы бейнелеуі, сөз арқылы көрініс табуы мақал-мәтелдерде мол дүние екендігі байқалады. Қазақ халқы сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп өмірде пайдалана білген. Балабақшада бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікір-сайыс негізінде өнеге көрсетіліп, өсиет айтылады.«Ойнап сөйлесенде, ойлап сөйле» аталатын ойында әзіл сұрақтар қойылады, мақалмен жауап беру қажет. 1) Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді). 2)Қар жана ма? (Қалауың тапса, қар жанады) 3)Кімнің құлағы елу? (Ел құлағы елу) 4)Ер неше рет өледі? (Ер бір рет өледі) 5)Ердің қанаты бар ма? (Ер қанаты – ат) 6) Сөз көмірге, алтынға айнала ма? (Көп сөз –көмір, аз сөз – алтын) 7) Адамның қай дене мүшесі батыр, қай дене мүшесі қорқақ? (Көз - қорқақ, қол- батыр) [19]. 21 Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады.«Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған», – деп М.Әуезов бекер айтпаған. Қай топтағы жұмбақты алсақ та, олардың бәрі адамның логикалық ойын дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады. Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Қиялдай білу арқылы ой-өрісі, дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа, тілін дамытуда басты құрал болып табылады. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі — жұмбақтар.Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Академик М.Ауезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты бүлдіршіндерді тілге шешен болу мақсатымен жаттатамыз. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар»,- дейді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы- өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Жұмбақ балалардың ойлау қабілетін арттырумен қатар олардың білген заттарының бәріне де ой жіберіп салыстырып, қорытынды жасауға және тапқырлыққа баулиды. Қорыта келе, фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өміріне және еңбегіне тікелей қатысы бар, өзін қоршаған ортаны, табиғатты, бар дүниенің ішкі мазмұнын жан-дүниесіне әсер етерлік көркем тілмен білдіруге, соны танытуға үйретуді көздейді. Зерттеуші Ш.Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз — адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет