Жоспар Кіріспе бет



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі47,66 Kb.
#170630
1   2   3   4
Байланысты:
Тұлғаның экологиялық мәдиниетін қалыптастыру
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Курстық жұмыстың мақсаты: тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау. Курстық жұмыстың міндеті: - «тұлғаның экологиялық мәдениеті» ұғымының мәнін тұлғаның бойына қалыптастыру; - экологиялық мәдениетін қалыптастыру туралы әдістемелік нұсқаулықты жасау; - қазақ халқының әдеби мұрасы негізінде жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсету. Курстық жұмыстың объектісі: бастауыш сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері. Курстық жұмыстың пәні-аймақтық материалдарды бастауыш сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерінің тұлғалық экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы оқу жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, контент-талдау, студенттердің іс-әрекеттерін бақылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылымитеориялық негіздері
Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған ғалымдардың көзқарастары Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың рухани және материалдық және рухани еңбек өнімділігінде , әлеуметтік нормалар және мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым-қатынастарындағы көрініс алған тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады. Мәдениет жалпыға ортақ әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның өмір сүру салты болыпта анықтала алады. Осы тұрғыдан мәдениет адамзат өмірінің ең маңызды компоненті мен оның даму деңгейінің көрсеткіші болып саналады. Дәстүрлі тұрғыда мәдениет табиғат құбылыстарына қарама-қарсы қойылып, салыстыру негізінде анықталған. Дейтұрғанмен, қоғамның дамуы процесінде мәдениет пен табиғат құбылыстарының өзара кірігуі мен өзара байланыстылығы күшейе түседі (Э.В.Гирусов). В.М.Межуев айтқандай: «Мәдениет табиғаттың адам үшін маңызды екендігін жоққа шығармайды, керісінше адамның табиғатпен байланысының ерекше формасы. Мәдениет-ең алдымен адамдардың тарихи даму барысында және оның белгілі бір белесінде көрініс тауып отыратын табиғатқа деген қарым-қатынасы»,- десек, оның сан түрлі қызмет атқаратындығын байқаймыз Мәдениет теориясын зерттеушілер мәдениеттің қоршаған ортаны, дүниені меңгеру және жаңарту, коммуникативтік, ақпараттарды жинау және сақтау, нормативтік және тыйым салу (Э.В.Соколов), адаптивтік (Э.С.Маркарян), әлеуметтік тәжірибені жеткізуші (Г.В.Грач) сияқты функцияларды ажыратып көрсетеді. Жалпы айтқанда, мәдениет ұғымын адамның ұстамды бола білуі және табиғатқа деген қарым-қатынасын шектей алатын шама-шарқы ретінде тануымызға болады . Э.С.Маркарянның пайымдауынша: «мәдениет табиғаттың адам үшін мәнділігін жоймайды, оған деген қарым-қатынасын да жоққа шығармайды, керісінше адамның табиғатпен байланысының ерекше формасы болып табылады. Мәдениет-ең алдымен тарихи даму процесінде оның белгілі бір баспалдағында мейілінше айғақталатын адамның табиғатқа деген қарымқатынасы». Қазіргі таңдағы қоғамның алдында экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны сақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі адамзат атаулының өмір сүрту шарты болып табылатын субъектінің жаңа этикасын, құндылықтарының жаңа жүйесін қалыптастыруын талап етіп отыр. Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс5 әрекеттерді экологиялық этика нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А.Швейцер, Н.Моисеев және т.б.). Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып таылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни, экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды Экологиялық мәдениет-табиғи ортаның тіршілікке қажетті құндылықтарын меңгеру мен сақтаудағы адамның саналы шығармашылық ісәрекеті, қоғамдық белсенділігі мен саналылығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар мен экологиялық ісәрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру халық педагогикасының жетекші дәстүрінен саналады. Қазақ халқының экологиялық мәдениетінің басты ерекшелігі З.Ж.Кенжалиев тұжырымдағандай: «табиғат таныммен және адам танымымен етене тығыз байланыста болғандықтанда және солармен араласқұралас, бөлімбеген түрде өмір сүретіндігінде...Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы сезінеді.
Б.Т.Лихочевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда дамыған сана эмоционалдық-психикалық жағдайлардың , ғылыми тұрғыда негізделген еркін қолданбалы-практикалық іс-әрекеттердің органикалық бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттерімен, органикалық байланыста болады. Мысалға, философиялық мәдениет- адамға өзінің табиғат пен қоғамның өнімі екендігін түсінуіне, ой елегінен өткізуіне мүмкіндік береді; саяси мәдениет-табиғат жағдайы мен адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері арасындағы экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді; құқықтық мәдениетадамның табиғатпен өзара әрекетін заң талабына сай шектеп отырады; экстетикалық мәдениет-адамның табиғат сұлулығы мен үйлесімділігін эмоционалдық тұрғыдан қабылдауы үшін жағдайлар жасайды; дене тәрбиесі мәдениеті-адамды өзінің табиғи күш –қуатын дамытып, нығайтуға бағыттайды; адамгершілік мәдениеті-тұлғаның табиғатпен ,қоршаған ортамен және т.б. қарым-қатынастарды жанжандырады. Осы аталған барлық мәдениет түрлерінің өзара әрекеттерінен экологиялық мәдениет туындайды. «Экологиялық мәдениет» ұғымы арқылы «қоғам-табиғат» жүйесін сақтау мен дамытуға септігін тигізетін мәдениет түсініледі. 6 Ғалым Н.Н.Вересовтың оқу процесінде мектепалды балаларының экологиялық санасының негізін қалыптастыруды мағыналық және мәндік деңгейлері арқылы анықтаған. Қазақ жерінде психология ғылымын зерттеуші М.Мұқанов мектепке дейінгілердің таным процесіндегі ерекшеліктерін атай отырып, мүмкіндіктеріне, шамасына қарай табиғат құбылыстары туралы білім беру қажетін былай тұжырымдайды: «...мектепке дейінгі зоология пәніндегі топтастыру айналасындай білім аламаса да, осыларды естіген әңгімелерінен не теледидардан көріп үйрене бастайды. Арнайы үйретілмесе де, бала өздігінен көрген білгені бойынша табиғи заттарды, құбылыстарды топтаптырып ойқорытынды жасайтын болады». Қорыта айтқанда, Республикамызда қалыптасқан психологиялық ой пікірлерден, жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, болашақ ұрпақты әдептілікке баулу арқылы экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты қорғауға, аялауға психологиялық тұрғыдан даярлауды ұсынады. Психолог Е.Н. Санникова, Г.А.Урунтаева мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатты қабылдау кезінде ақыл-ойды шоғырландырудың барынша дамыған формасы танымдық, эстетикалық және этикалық құрамдас бөліктерінің біртұтастығы ретінде көрінеді. Психологиялық әдебиеттерді талдау нәтижесінде, мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ішкі механизмін зерттеуге көңіл бөлгендігіне көз жеткіздік. Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде экологиялық мінез-құлық термині жиі қолданылып жатыр. Осы ретте В.Г.Грецованың, М.К.Ибраимованың , И.К.Комарованың , З.П.Плохийдің, Г:В.Кирикс, Л.Т.Шанасырованың зерттеулерінде балалардың табиғат туралы білімі, оның құндылығын түсінуде , экологиялық мәдениетін қалыптастыруда алдымен табиғат аясындағы дұрыс мінез-құлқын тәрбиелеуді қарастырған. [4]. Белгілі ғалымдар Н.А.Рыжакова, С.Н.Николаева мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбіс міндеттерін шешуде екі бағытты көрсетті: балаларда бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, екіншісі ересектердің экологиялық мәдениетін дамыту. Дегенмен, зерттеушілердің мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін Қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақмағамбетов, Ә.Жақсыбеков еңбектерінде табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі ретінде тұжырымдаған . Ресей философтары М.Фомин, А.Гусейнов, В.И.Фурсовтың пікірінше жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік санасезімінің пайда болуы. Олай болса, экологиялық мәдениет жеке адамдар саналығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Экологиялық мәдениет мектепалды топ балаларының бастапқы ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып, баланың алғашқы рухани 7 бейнесіне тұтастық алып келеді, оны қоршаған табиғи ортаға әлеуметтік мәнді және экологиялық қолайлы қағидалар тұрғысында қанағатт андырады. Мамандардың пікірі бойынша жалпы мәдениеттің, соның ішінде экологиялық мәдениеттің жоғары мәдениеттілік белгісі болып оның әлеуметтілігінің табиғаттылығынан айырмашылық дәрежесі емес, керісінше олардың бірлігінің дәрежесі саналады. Мұндай бірлікке әлеуметтік табиғи жүйені түзетуші табиғаттың да, қоғамның да тұрақтылығы арқылы қол жеткізуге болады. Мұндай жағдайда табиғат «адамның адамдық мәніне», ал табиғатты сақтау-адам мен қоғамды сақтау құралына айналады.
1.2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері Экологиялық білім адамның экологиялық санасын дамытуды, оның табиғатпен қарым-қатынастарын оңтайландыру мен үйлестіруді қарастырады. Тұлға өркениетке тікелей емес, мәдениет салалары мен олардағы құндылық бағдарлары арқылы әсер ететіндіктен қоғам үшін адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыздандыратын экологиялық этика қажет. Тұрақты дамуды мақсат ететін білімдер-адамның қоршаған ортаға жауапкершілігін дамытуға, қазіргі және болашақ ұрпақ қызығушылықтарын ескере отырып, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға бағытталды. Экологиялық білім әлемді тұрақты дамыту моделінің өзегі болып табылады. Экологиялық білімнің тұрақты дамытуға арналған біліммен түбегейлі өзгешелігі өркениеттің қазіргі көлемді дағдарыс мәнінің экологиялық тұрғыдан емес , басқару дағдарысы ретінде қабылдануынан көрінеді. Өйткені, тұрақты дамытудағы білімнің негізгі мақсаты-әлеуметтік жауапкершілікке даярлықты қамтамасыз ететін, экологиялық принциптер мен мінез-құлық нормалары жүйесін меңгерген, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізу. Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар мен экологиялық ісәрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық білімнің мақсаттары мен мәнін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, олардың бәріне ортақ жәйт болып экологиялық проблемаларды шешуге қатысатын жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып білу мен оны қорғаудағы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру табылады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыратын экологиялық білімнің негізгі қызметтеріне мыналар жатады: 8 - Қоршаған ортаны табиғи, технологиялық, әлеуметтік, мәдени және де басқа да салалардың бірлігі ретінде қалыптастыру; - Барлық жастағы топтарды қамту; - Аса шиелініскен экологиялық жағдайлардың шешімін табу; - Қоршаған ортаның негізгі мәселелерін және оны дамытуды жергілікті аймақтық, ұлттық және ғаламшарлық көзқарасты қарастыру; - Экологиялық проблемаларды шешу барысында кооперациялардың әртүрлі түрлерін дамыту; - Экологиялық жағдайларды шешуде оқушыларды белсенді араластыруға мүмкіндік жасау; - Табиғатты қорғау іс-әрекеттерін болжау дағдыларын, сыншыл ойлауларын дамыту; - Қоршаған ортаны эмоционалдық тұрғыда аялы көзқараспен қабылдауға үйрету. Біз, экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынандай міндетті компонеттерді қамтиды деген тұжырымға келдік: мотивациялыққұндылық, когнитивтік, мінез-құлықтық және рефлекстік. Осыған орай тұлғаның экологиялық мәдениетінің көрсеткіштері ретінде: құндылық бағдардың экологиялық бағыттылығы, экологиялық білімдер, экологиялық ісәрекет; өзін-өзі экологиялық бағалау негізделеді. Экологиялық мәдениеттің мотивациялық-құндылық компоненті жеке тұлғаның ішкі дүниесінің маңызды элементтері ретінде құндылық бағдар мен эмоционалдықтұтынушылық салаларын сипаттайды, адамға қажетсізден қажеттіні айыра білуге үйретеді. Жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті құрылымдағы осы компонент тұрақты даму мен табиғат қорларына қатынастары бойынша тұлғалық сапалар мен құндылық бағдарлардың тұлғалық –маңызды жүйесін таңдауға көмектеседі. Экологиялық мәдениеттің когнитивтік компоненті қоршаған табиғи орта мен адам арасындағы үйлесімділік пен өзара әрекеттерінің өлшемдік ұғымдарын, нормалары мен принциптерін сақтайтын белгілі бір экологиялық кешенді білдіреді. Компонет өркениетті, өмірді сақтау қажеттілігі мен оның жолдары туралы, олардың антропогендік әсерлері негізінде өзгеріске ұшырауы туралы білімдерін, сондай-ақ табиғат жүйелерінің табиғи дамуының негізгі ұғымдары мен теориялық білімдерін меңгерудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Экологиялық мәдениеттің мінез-құлықтық компоненті экологиялық тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру механизмін анықтайды, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы құнды әлеуметтік тәжірибені пайдалану бойынша реалды әрекеттер сипаттайды. Компонент қауіпсіз қоршаған ортаны қорғау мен қайта жасау, табиғатты пайдалану саласындағы аса жетілдірілген стереотиптердің адам мінез-құлқында қалыптасуын, сондай-ақ олардың әлеуметтік белсенділігін ынталандыруды қамтамасыздандырады. Экологиялық мәдениеттің рефлексті компоненті қоршаған ортаға саналы және адамгершілікті қатынастарын өздігінен талдау мен өздігінен реттеу 9 тәсілдерін дамытуды, жеке және кәсіби тіршілік әрекеттерінде экологиялық мақсатқа бағытталған әр-әрекеттерді қамтамасыздандырады. Компонент салауатты өмір сүруді, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуды, сондай-ақ жеке адамның , аймақтың, елдің, дүниежүзілік қауымдастықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыздандырудағы әрбір адамның саналы әрекетінің жетекші рөлін көкейкестіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет