Жоспар Кіріспе Дарын-адам бойындағы асқан талант Негізгі бөлім



бет6/7
Дата15.10.2023
өлшемі125,08 Kb.
#185519
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие ЖХМ

Қорытынды
Дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс баланың материалмен өзіндік жұмыс істеуіне басты мән бере отырып, жеке-дара сабақтар ұйымдастыру; баланың өзінің білім дәрежесіне орай, бейімділігіне орай және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру, қиын әрі шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыптарын анықтау, белгілі бір уақыт аралығында берілген білімнің нәтижесін тест тапсырмалары арқылы тексеріп отыру, алдындағы оқушыға немқұрайлылық танытпай, оның жан-дүниесіне үңіле білу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагогтік шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже береді. Сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, түсіндірілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауапкершілігіне, жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне, сөздік қорының мөлшеріне баса назар аудару қажеттілігі туындайды.
Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата – аналар, мұғалімдер дер кезінде балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтап және оны дамытса, оның негізінде олардың болашағына бағыт берсе – бүкіл дүние жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан – жақты дамыған дарынды тұлға болып қалыптасуына көп ықпалын тигізері хақ. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның қабілеттілігін дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Олай болса, қабілет өніп, өркендеуі үшін қолайлы жағдай мен сыртқы ортаның қажетті факторларын талап етеді.
Балалардың әр түрлі жас кеңеңіндегі ақыл-ой мүмкіндігін түсіну үшін, қазіргі кезеңдегі деңгейдің өзгеруі мен жоғарыда келтірілген жастық сезімталдығының бағытталуын зерттеу өте маңызды. Қорыта келе, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» — бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық потенциалымен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет