Жоспар Кіріспе Дарын-адам бойындағы асқан талант Негізгі бөлім


Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі



бет2/7
Дата15.10.2023
өлшемі125,08 Kb.
#185519
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие ЖХМ

2.2 Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі.
Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі – білімді таратушы жай мұғалімнің қалыпты ролінен ерекшелігі байқалады.Олардың міндеті білімді ғана беру емес, оқушының өзіндік мүмкіндігін ашуы тиіс. Дарынды балалармен жұмыс істеуде оқушының өзіндік дамуына, бағалауына және ойлау дербестігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл шығармашылық потенциалының айқандалуына мүмкіндік туғызады.
Заманауи ақпараттардан хабардар болу үшін дарындылық бойынша мамандармен және дарынды балалардың ата-аналарымен жиі хабарласып тұру біздер үшін маңызды. Зияткер дарынды баланың шығармашылығын, икемділігін, дене және көркем қабілеттерін дамытуға бағытталған шаралар өте пайдалы. Балаларға қателесуден қорықпай шешім табуға мүмкіндік беруге тырысамыз. Қателіктен қорытынды шығаруға және ең алдымен өзінің тың ойларын бағалауға көмектескен маңызды. Өз сұрақтарына жауап алу үшін балаға кітаптар немесе басқа да ақпарат көздерін табуға үлкендер, әсіресе ата-аналары көмектесуі керек. Бала үнемі және барлық салада өз дарындылығын таныта бермейді, оны түзетіп отыру қажет. Артық сынау шығармашылық қуатын және өзін қадірлеу сезімдерін төмендетуі мүмкін.
Дарынды балалар болған оқиғалар мен құбылыстарды тым терең қабылдайды, көбірек ұғады және түсінеді. Айналасындағылардың тәртіп үлгілері, жүріс-тұрыс қимылдары олардың назарынан тыс қалмайды. Сондықтан олардың жаны сезімтал келеді, көп нәрсені тікелей өзіне қабылдайды. Ата-аналардың өз баласының талантына шамадан тыс таңқалуы қажет емес, себебі ол өзін қабілеті үшін жақсы көреді және сол үшін ғана бағалайды деп ойлап қалуы мүмкін. Бұл балаға кері әсер етеді.
Қазіргі уақытта дарынды және талантты балалар тек ақыл-ой өрісінің деңгейімен (жоғары IQ) анықталмайды, олардың ерекше қабілеттерінің кең ауқымы көзделеді. Оларға зияткерлік, академиялық, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн өте жақсы танытпауы мүмкін әр кездке әр түрлі болады.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашақты бағдарлайтын «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасын ұсынып, біздің мақсатымыз-жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деген болатын. Елбасымыздың: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қалай қыспаққа алса да, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деген сөздері біздерге үлкен сенім береді.
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлекеттік үлесі деп білемін.
Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізудің негізі Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық"» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі" Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет.
Балалардың дарындылық қасиеттерінің барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол адамның темпераменті, мінезі, т.б. себеп болуы мүмкін. Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау-міндетіміз. Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп қоғамға зор пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, үрдіс сол қоғамда қанша дарынды, талантты балалар өсіп келеді, соған да байланысты. Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі. Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
“Бұлақ көрсен, көзін аш” демекші қазіргі заңдағы өзекті мәселе, ол оқушылардың дарындылық қабілетін танып білу, оны зерделеу. Барлық адамның өзіне тән көркемдік қабілеті болады. Ол психологтардың зерттеуі бойынша “туа біткен” және “жүре пайда болған” қабілет болып екіге бөлінеді. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену керек.
Адамның қабілеті әр түрлі. Біреуі музыкаға, енді біреуі сурет салуға, біреуі спортқа, тағы біреуі поэзияға құмар болады. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет — балалардың қабілеттері мен талантарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет