Жоспар Кіріспе Дарын-адам бойындағы асқан талант Негізгі бөлім



бет5/7
Дата15.10.2023
өлшемі125,08 Kb.
#185519
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие ЖХМ

2.5 Ерекше дарын иелері.
Ақтаулық 12 жастағы оқушы жуырда ғана менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатты.Ол әлемнің 150 білімді оқушысымен бірге 30 мың есепті бар болғаны 26 минут 26 секундта шығарған. Жаңа рекорд Ресейде өткен Еуразиялық әйелдер форумында орнатылды. Оқушы қыз 2, 3 таңбалы есептерді калькулятордан да тез санайды. Ол әр есепке 2 жарым секунд жұмсайды екен.Орынгүл былтыр Малайзияда өткен халықаралық олимпиадада 1-орын иеленген.
Данияр Кұрманбаев. Менталдық арифметика бойынша Ресейді таң қалдырған Данияр көп таңбалы сандарға математикалық амалдарды қолданып, тез шеше алатын қабілетімен “Пусть говорят” ток-шоуына қатысқан болатын.Онда бағдарлама жүргізушісі Андрей Малаховтан бастап барлық жұрт қазақ баласының талантына қайран қалған болатын.Қазір Данияр өзінің шеберлігін шыңдап жүр.
Данэлия Төлешова. Алматылық Данэлия Төлешова Украинаның балалар байқауында жеңіске жетіп Париждегі Disneyland-ке жолдама ұтып алған болатын. Данэлия ән айту шеберлігіне көрермендер тәлімгерлер жоғары бағалап, "болашақ әлемдік жұлдыз" деп сипаттады.
Алина Сансызбай. Кішкентай қыз Алина Сансызбай Ресейдің "Голос" байқауына қатысып, өз өнерін паш етті. Ол талантының арқасында ақтық сынға дейін жетті. Оның шеберлігін көпшілік жоғары бағалады.

Нұрмұхаммед Жақып. Жас дарын иесі белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың есімін танымал еткен «Бозторғай» әнін өте жоғары дәңгейде орындап, көпшілктің көңілінен шығып жүр. Қазір Нұрмұхамедтің өзі де түрлі ән жаздырып, бейнебаяндарын түсіріп жүр.


Абзал Мырзаш. Абзал 12 жасында 11 жылдық мектепті үздік бітірген. Бар-жоғы жеті жылда мектеп бағдарламасын еркін меңгерген ол ерекше қарым-қабілетінің арқасында талай халықаралық олимпиадаларда топ жарған. Қазіргі уақытта Қазақ-Британ техникалық университетінде білім алып жатыр.
Шәймерден Әскен. Шәймерден Әскен есімді бүлдіршін 4 жасынан бастап қазақ ақындарының өлеңдерін, поэмаларын жатқа білетін. Сол жасында-ақ, Мұхтар Шахановтың 9 поэмасы мен 40 тан аса өлеңін мүдірмей айтып, елді таң қалдырған болатын.
Данияр Кұрманбаев. Менталдық арифметика бойынша Ресейді таң қалдырған Данияр көп таңбалы сандарға математикалық амалдарды қолданып, тез шеше алатын қабілетімен “Пусть говорят” ток-шоуына қатысқан болатын. Онда бағдарлама жүргізушісі Андрей Малаховтан бастап барлық жұрт қазақ баласының талантына қайран қалған болатын.Қазір Данияр өзінің шеберлігін шыңдап жүр.
Азамат Нұрқожа. Ақтау қаласында туа біткен буынсыз бала тұрады. Бар жоғы 9 жастағы оқушы ГИННЕС-тің рекордтар кітабына енген буынсыз жігіт Айдос Тоқтарбаевтың әйгілі трюктерін оп-оңай қайталайды. Ел арасында «пластилин» бала атанып кеткен Азамат Нұрқожа қазір өздігінен жаттығады. Анасы Жанна Байбозованың айтуынша, баласының іс-әрекетіне көп адам таң қалып жатады.
Темірлан Амангельдин. Темірлан 17 жаста. Ол – Халықаралық математика олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақ баласының дарынын байқаған оңтүстіккореялық беделді оқу орыны оны тегін оқуға шақырды, ең жоғары шәкіртақы тағайындады. Темірлан қазір Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында робототехникасаласын оқып жатыр.
Эссен қаласында тұратын Ники деген бала бір жарым жасында әріп танып, екі жасында оқи бастаған. Әкесі - биолог. Жетіге толған кезде баласы әкесінің кітапханасындағы ғылыми кітаптармен шұғылдана бастаған. Бала түгілі, үлкен адамдар ұға қоймайтын ғылыми дүниелерді түсініп оқитын дәрежеге жеткен.
Ал алты жасар қытай баласы Ли Сяобин мүлдем ғажап. Ол үш жасында екі-үш айдың төңірегінде 3600 иероглифті үйреніп алған. Содан кейін әке-шешесі бірінші сатыдағы мектепке берген екен, ол оны бір жылда бітіріп шыққан. Алты жасында екінші сатылы мектепке көшкен.
Вьетнам баласы Фам Хоанчу үш жарым жасында математика есептерін шығара алатын болған. Газет-журнал оқып, тушьпен жаза алатын дәрежеге жеткен. Соның бәрін үш жасар балдырған мектепте оқитын тәтесіне үйреткен.
Ирандық Мұхаммед Кошесвисан жоғарғы мектептің отыз алты пәнінен диплом қорғаған. Енді университетте жаратылыстану ғылымдарынан сабақ береді. Ол ағылшынша, французша, немісше таза сөйлейді. Оларға қоса эсперантоны біледі. Он алты жасар ғалым докторын талай ел өздеріне шақырып, кафедра меңгерушісі болуға ұсыныс жасаған.
«Санди таймс» газетінің жүргізген тексерісіне қарағанда Ұлыбританияның мұғалімдері өз оқушыларынан білімді емес көрінеді. Польшаның астанасы қай қала деген сұраққа бес мұғалімнің біреуі ғана жауап бере алған. Ал ФРГ-нің сол кездегі астанасын анкетаға қатысушылардың 27 %-ы ғана дұрыс айта алған. Ал 47 %-ы Ауғаныстанның астанасын білмеген.
Он төрт жасар Мариуш Заяц Польша астанасында жоғарғы техникалық мектепте оқуға түскен. Сосын оны жиырма бір жасында бітірген.
Жоғарыда айтылған дарынды балалар адам біткенді сондай таңғалдыратын кездері болады. Олар өз қатырынан даму жағынан оқ бойы озып кететіні сонша оларды «Вундеркинд» таңғажайып қабілет иесі мағынасында айтады. Мұндай балаларға таңғалумен қатар түсінбеушілік, тіпті жақтырмаушылықта болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет