Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері



бет11/12
Дата18.02.2018
өлшемі0,6 Mb.
#37997
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметтері мен операциялары

Еліміздегі барлық несие жүиесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі бакн жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несие реттеудің негізі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолиа-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік бакнтен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолиа-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:

мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгия)

орталық банк фунцияларын біртұтас атқаратын теуелсіз банктер жүйесі (АҚШ).

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан бір тұтас ұйым болып болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттемелер жүктеледі:

ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;

ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:

меншікті қаржат есебінен;

басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орныластырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

ҚР төңірегінде мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен;

арнайы мемлекеттік қорлар және бюджеттік уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) жоғары басқару органдары Басқарма болып табылады және басқармаға қысқаша мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-тің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту.

Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай дарбес бөлімшелер кіреді:

Мемлекеттік сақтау қоймасы;

Ресей Федерациясындағы Ұлттық бакнтің өкілеттілігі;

Банкноттық фабрика;

Монета сарайы;

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);

Қазақстан ипотекалық компаниясы;

Банктік сервистік бюро.

Ақша жүйесіне байланысты Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлық монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгілейді;

ҚР-да несиелер бойыеша сыйақы (мүдделендіру)пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады;

Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

чектер жазып, вексельдерді береді;

жарғыға сай келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банккінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет