екі сатыдан тұрады: қолды сабынмен және сумен жуу және қолды тері антисептигімен дезинфекциялау.
Жабдықтау: Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, тері антисептигі, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі
1) осы әдістемелік ұсынымның 8-тармағына сәйкес қолды сабынмен және сумен жуу;
2) қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).
Медициналық қызметкер қол жуу тәсілін қай кезде орындауы қажет.
Медициналық қызметкер қол жуу тәсілін қай кезде орындауы қажет.
биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жүргізіп болған соң;
науқаспен жұмыс жүргізіп болған соң;
науқасты қорашаған ортамен жұмысын жүргізіп біткен соң.
1. Қолдың буындарын және қолды EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, сұйық сабын қосып, жылы сумен шаяды және стерильді сүлгімен немесе майлықпен құрғатады. Кейін тырнақ ұяларын және тырнақтың жан – жағын антисептикпен суланған бір рет қолданатын ағаш таяқшалармен өңдейді. 2. Механикалық зарарсыздандыру біткеннен кейін қолдың буындарына 3 мл-ден аз емес антисептик жағылады және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақталады