Төмендегі белгілердің 6 немесе 12 түрі болса: Анамнезінде кем дегенде бір рет жедел артриттің шабуылы болса Бірінші күні ауырғанда буынның қабынуы максимальді деңгейге жетсе Моноартрит Зақымдалған буын аймағында терінің гиперемиясы Бірінші саусақ табанфалангты буынның ауырсынуы мен ісінуі Бірінші саусақ табанфалангты буынның біржақты зақымдануы Табан буындарының біржакты зақымдалуы Тофустарға күдік болса Гиперурикемия Рентгенограммада зақымданған буынның ассиметриялық зақымдалуы Рентгенограммада эрозияларсыз субкортикальды кисталардың болуы Буын сұйықтығына себу жасағанда флораның болмауы Подаграның зертханалық тексерулері Жалпы қан анализі кезінде – жедел артрит кезінде ЭТЖ (СОЭ) аздап жоғарлайды Биохимиялық қан анализінде – креатининді анықтау, зәр қышқылының деңгейі жоғарлайды Синовиальді сұйықтықтықты зерттеу кезінде – нейтрофильдер мен лейкоциттердің көбеюі. Ең маңызды диагностикалық әдіс — поляризацияланған микроскопия арқылы натрий, урат кристалдарының анықталуы. Емі Дәрісіз ем: - Дене салмағын қалыпта сақтау
- Күніне 2-3 литр сұйықтық қабылдау
- Зақымдалған буын аймағына суық басу, физикалық жүктемені азайту
- Диуретик дәрілер мен ацетилсалицил қышқылын қолдануды шектеу, себебі олар қан сарысуында зәр қышқылын (мочевая кислота) жоғарлатады.
Келесі тағамдарды қабылдауға болмайды: - Ішімдік пен сыраны мүлдем ішуге болмайды!
- Балықты (уылдырық, майшабақ, сардины, )
- Шаянтәріздес тағамдарды
- Ет тағамдарын: сиыр, шошқа , қой еттерін, құс еттерін
- Кейбір көкөністерді: бұршақ, саңырауқұлақ, түсті орамжапырақ, (шпинаты, спаржи)
Дәрі – дәрмектік емі Есте сақтаңыз. Дәрілік емді ертерек бастасаңыз, ем нәтижесін береді. Дәрілеріңізді үзбей қабылдауыңызды сұраймыз. Жедел подагралық артрит басталғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі тиіс. Емді буындардағы қабыну толық кеткенге дейін жалғастыруларыңыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |