Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дəрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тəсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық əрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: - оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тəрбиелей алады; - баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес); Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |