Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/8
Дата02.03.2023
өлшемі1 Mb.
#170797
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Индира Осатай хим инновация БӨЖ-1
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.

Индира Осатай ЖХБ-011

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
  • Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
  • Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
  • Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің 314 315 түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нəтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады

«Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары

«Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келетінде тұрады,» – деп тұжырымдайды З. Кариев. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», – деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет