Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім

бет2/8
Дата02.03.2023
өлшемі1 Mb.
#170797
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Индира Осатай хим инновация БӨЖ-1

И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрлі қиындықтардағы мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-əрекетті жоғары орынға шығарады. Мəселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақылой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-əрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақылойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды жəне оның басты шарты ретінде əрекет алынады. Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше оқып-танып, əр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап жəне дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық əрекет репродуктивтік іс-əрекет деп аталады. Бұл іс-əрекет алдын ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет