Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/8
Дата08.11.2023
өлшемі36,32 Kb.
#190517
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пед курс

Негізгі бөлім
І. Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары.
Материалдық және рухани өндірістің салалары сияқты білім беру саласында да мамандық аралық диффренциация тенденциясы байқалады. Бұл заңды процесс педагогикалық мамандық шегінде әр түрлі іс-әрекет барысында көрінуде. Педагогикалық іс-әрекет түрлерінің жаңару процесі ең алдымен тәрбие сипатының өзгеруімен, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс себептерімен байланысты.
Жаңа педагогикалық мамандықтардың пайда болуы білікті оқыту мен тәрбие сұранысының өсуіне байланысты болып табылады. 70-80 жылдардың өзінде-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына байланысты мамандандыру мәселесі анық көрінді. Ал бұл мәселенің өзі оқушылардың көркем-өнер, спорт, туризм және басқа да әрекеттерін білікті басқару қажеттілігін тудырды.
Сонымен, мамандықтардың кәсіби тобы – әлеуметтік жарамды әрекеттің тұрақты түрлері бойынша біріктірілген, соңғы нәтижесі, арнайы құралдары, пәні бойынша ерекшеленетін мамандықтардың біртұтастығы.
Педагогикалық мамандық – белгілі кәсіби топ шегіндегі әрекет түрі, ол білім алу нәтижесінде игерілген білім, іскерлік, дағдылардың біртұтастығын сипаттайтын және берілетін біліктілікке сәйкес нақты кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық мамандандыру – педагогикалық мамандық шегіндегі іс-әрекеттің нақты түрі. Ол нақты еңбек түрімен және маманның нақты функциясымен байланысты.
Педагогикалық біліктілік – нақты міндеттерді шешуде маманның мүмкіндіктерімен сипатталатын кәсіби-педагогикалық даярлықтың деңгейі мен түрі.
Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың диффренциациясының негізі осы топ мамандары іс-әрекетінің объектісі мен мақсаты болып табылады. Педагогтардың кәсіби әрекетінің жалпы объектісі – адам, оның жеке тұлғасы. Педагог пен оның іс-әрекетінің объектісі арасындағы қатынас субъект-субъект болып құрылады. Сондықтан бұл топтың мамандықтарын дифференциациялаудың негізі өзара әрекет құралдары ретінде байқалынатын білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы.
Мамандықтарды дифференциациялаудың тағы бір негізі – жеке тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдері, яғни педагог пен дамып келе жатқан жеке тұлға арасындағы нақты қатынастың болуы (мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қарттық).
Мамандықтарды дифференциациялаудың келесі бір негізі – психофизикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты жеке тұлға дамуының ерекшеліктері (есту, көрудің бұзылуы, ақыл-ойдың кешеуілдеу, девиантты мінез-құлық және т.б.).
Педагогикалық кәсіпті мамандандыру педагогикалық әрекет түрлерін көрсетуге және тәрбие жұмысының бағыттарына байланысты (еңбек, эстетикалық және т.б.).
Педагогикалық практиканы зерттеуде педагогтың іс-әрекеті әр түрлі міндеттердің тұрғаны айтылады.
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. Соңғы он жылдағы болып жатқан өзгерістер рухани – өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды, мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет