Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет7/8
Дата08.11.2023
өлшемі36,32 Kb.
#190517
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пед курс

Қорытынды
​ Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл- ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жаңартуды талап етеді. Аса маңызды бұл іс қазақ орта мектебінің, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу мазмұнын әсіресе жас жеткіншектерге тәлім- тәрбие беретін жоғары педагогикалық оқу орындарының түлектеріне - болашақ мұғалімдерге өз мамандығы бойынша терең білім беруге және оқушыны кеңінен танып білуге, олармен тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу мазмұнын тандауға байланысты.
Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.
​Қазақ халқының көрнекті педагогі Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі- оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» - деп, мұғалімнің баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл міндет төмендеген жоқ, қайта ғылыми- техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, халқымыздың дәстүрлі мен әдет- ғұрпы, салтына сай имандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі туған заманда, мұғалімдерге күрделі жаңа міндет жүктеледі. Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жаңарту қажеттілігі туады.
Педагогика - жеке адамды қалыптастыруға байланысты белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс және білім беру, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен формалары, оның мазмұны туралы ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет