Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда.
Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.
Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік –демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.
Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін олфункцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастаринституты тоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалармен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің материалдық базасына үлкен зиянтигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратынмемлекеттік органдарды құру, оны мамандарменқамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау – жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік – экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
1. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесінәлеуметтік қорғау
2. Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасынәлеуметтік қорғау
3. Адам құқығын қорғау
4. Мақсатты әлеуметтік қорғау