Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім


Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді



бет5/8
Дата08.11.2023
өлшемі36,32 Kb.
#190517
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пед курс

Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік –тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралынақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет