Жоспарꓽ Кіріспе. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі29,65 Kb.
#122995
  1   2   3
Байланысты:
Педагогика 8 апта
№9, 3 Тема

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті




СӨЖ
Тақырып: Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.
Қабылдаған: Рысбекова Лаззат
Орындаған:Тұрғанбай Әбдірахман
Тобы:ЖМА-911

Түркістан- 2020 жыл
Жоспар
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды.


1.Кіріспе.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады. Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты. И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. . Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет