Жоспарꓽ Кіріспе. Негізгі бөлім



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі29,65 Kb.
#122995
1   2   3
Байланысты:
Педагогика 8 апта
№9, 3 Тема
2.Негізгі бөлім.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі. Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты. Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаны” қалыптасу кезе”інде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіпті” ма”ызды әлеуметтік мінездері, оны” қоғаммен қарымқатынасын реттейді. Әлеуметтендіру – тұлғаны” белгілі бір бейнесін дәріптейді, оны” негізгі белгілері: адамны” әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамны” адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктерді” арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысыны” жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан”. Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады: а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі, б. әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек. Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет