Жоспар: Кіріспе



Дата23.08.2017
өлшемі14,58 Kb.
#25633
  • Жоспар:
  •  
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жұмыс жасау моделі
  • 2. Түзету – дамыту жұмыстары
  • 3. Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетілетін көмек түрлері
  • Қорытынды
  •  
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар – қалыптасқан күрделі ахуалдың салдарынан өмір сүру тіршілігі бұзылған балалар. Олар бұл жағдайды өз беттерімен немесе отбасының көмегімен шеше алмайды. Бала (отбасы) мынадай негізде өмірдің қиын жағдайына тап болған деп танылады: жетімдік, ата – аналық қамқорлықтың болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде мінез – құлықтың ауытқуы, баланың туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерін шектеулі, дене және ақыл-ой мүмкіндіктеріне негізделген организм қызметтерінің тұрақты түрде бұзылуы, әлеуметтік маңызы бар ауру мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар салдарынан.
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жасау моделін құрастырудың мақсаты:
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету;
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың отбасымен жұмыс істеудің, ата – ана мен бала арасындағы жағымды қарым – қатынасты орнатудың тиімді әдіс – тәсілдерін, жаңа жолдарын іздестіру;
  • Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, олардың отбасына қамқорлық жасау, өмірге деген көзқарасын ояту.
  • Міндеті:
  • Баланың отбасында тұлға ретінде қалыптасып дамуына әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық мәселелердің жағымсыз әсер етуін анықтау және зерттеу;
  • Ата – аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеті мен құқығын, бала құқығын орындауда құқықтық көмектер беру;
  • Отбасының жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларына қажетті көмек беру.
  • Анықтау
  • Бақылау Көмек беру
  • Қолдау Әңгімелесу
  • Кеңес беру
  • Жұмыстың алғашқы кезеңі
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау, толық мәлімет жинау және сараптама жасау
  • Баланың қызығушылығын анықтау;
  • Отбасымен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын қарастыру, жоспар құру.
  • Ж ұ м ы с к е з е ң д е р і
  • Кеңес беру
  • Диагностика
  • жүргізу Түзете – дамыту
  • жұмыстары
  • Бағалау, қорытынды жасау
  • Диагностика жасау
  • Баланың жеке портретін қалыптастыру, өзін – өзі бағалау деңгейін, жеке басының проблемаларын, ерекшелігін, басқа балалармен қарым – қатынасқа түсуде кездесетін қиындықтарын, өмірде қиын жағдайға тап болу себептерін анықтау.
  • Түзету – дамыту жұмыстары
  • Тәртібін бақылау алуға, қоршаған ортада өзін ұстай білуге үйрену, айналасындағыларға мейірімді, рухани көзқараспен қарауға, өзіне, өзінің болашағына деген жақсы көзқарасын қалыптастыруға жету жолдарын таңдауға көмектесу, дамыту.
  • Бағалау, қорытынды шығару
  • Диагностика жұмысын қайта жүргізу арқылы алғашқы сараптамамен салытыра отырып, одан әрі жұмыс түрлерін анықтау, нәтиже шығару үшін жұмысты жалғастыру
  • Өмірде қиын жағдаға тап болуына қандай себептер болуы мүмкін?
  • Ата-анасынан айырылу (өлім);
  • Отбасындағы материалдық жетіспеушілік, баланың қажеттілігін қанағаттандырмау;
  • Отбасы қолайсыздығы, ата – ананың ішімдікке, нашақорлыққа әуес болуы;
  • Денсаулығына байланысты мүмкіндігінің шектеулі (бала немесе ата - ана)
  • Туған баласынан бас тарту. Қаңғыбастық. Ата – ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігінің жоқтығы немесе тиісті деңгейде болмауы;
  • Ата – анасы қамауда отырғандар, ата – аналары ұзақ уақыт емделіп жатқандар, ата – аналық құқықтарынан шектелген, ата – аналары іздеуде немесе іс – түссіз жоғалып кеткендер
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары
  • Әлеуметтік – тұрмыстық қызметтер
  • Әлеуметтік – медициналық қызметтер
  • Әлеуметтік – психологиялық қызметтер
  • Әлеуметтік – педагогикалық қызметтер
  • Әлеуметтік – экономикалық қызметтер
  • Әлеуметтік – құқықтық қызметтер
  • Балаларды тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған жұмыстар
  • Баланың білім алу үшін қажетті жағдай жасау, оның денсаулығыына, физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасау;
  • Отбасына көмек ретінде оқушыға мектептен берілетін тегін тамақ, материалдық көмек ұйымдастырылады.
  • Баланың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған жұмыстар
  • Жыл сайын медициналық тексеруден өткізу;
  • Балаға емдеу шараларын ұйымдастыру;
  • Баланың тұрғылықты орнындағы санитарлық – гигиеналық жағдайларын тексеру, ата – аналарына бала денсаулығын нығайтуда мезгілімен тамақтануға кеңес беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата – аналарына семинар ұйымдастыру.
  • Баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайын түзеуді қарастыратын қызметтер
  • Психологиялық диагностика жүргізу;
  • Денсаулығына байланысты түзету сабақтарын жүргізу;
  • Ата – ананы психологиялық жағынан сүйемелдеу;
  • Жеке сөйлесу, әңгімелесу, кеңес беру, тыңдау, күйзелістен шығу жолдарына бағыттау;
  • Оқуда, әңгімелесуде, көңіл күйлері нашар кезде әлеуметтік – психологиялық оңалту және алдын алу жұмыстары
  • Балалардың өмір сүру сапасын қолдауға және жақсартуға бағытталған жұмыстар
  • Отбасыларына тиісті жәрдемақылар, зейнетақылар алуда көмек беру;
  • Отбасының өзін – өзі қамтамасыз ету, отбасының материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт – бағдар беру;
  • Балалардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңдық көмек көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстар;
  • Ата – ана құқығы мен міндетін орындауда, баланың мүддесін қорғауда кеңестер беру;
  • ҚР Заңымен белгіленген жеңілдіктер, әлеуметтік жеңілдіктер алуға көмектер беру;
  • Мектепішілік есепте тұрған балалармен, олардың ата – аналарымен бала тәрбиелеудегі міндеттері мен құқықтарын орындау бойынша әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету;
  • Мектепішілік есепте тұрған балалармен құқық органдарымен кездесулер, құқықтық сабақтар жүргізу.
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетілген көмек түрлері
  • Нәтижесінде: отбасындағы әлеуметтік – педагогикалық проблемалар есепке алынады.
  • Проблемалардың алдын алу, шешуде уақытылы көмек беріледі.
  • Баланың, отбасының құқығы қорғалады.
  • Ата – ананың құқықтық сауаттылығы және психологиялық, педагогикалық сауаттылығын арттырылады.
  • Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасының балалар саны азаяды. Отбасының мектеппен тығыз қарым – қатынасы орнатылып, мектеппен тәрбие институты ретінде қатынас жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет