Жоспар:Тәуліктік параллакс, Күннің параллаксы. Астрономиялық бірлік. Арақашық-тықты анықтаудың радиолокациялық әдісі. Күн, Ай және планеталардың өлшемдерін анықтау. Жердің Күнді айнала қозғалуын дәлелдеу: жылдық параллакс, жарық абберациясы.
Айдың жұлдыздарға және Күнге байланысты көрінетін салыстырмалы қозғалысы. Ай фазаларының алмасу кезегі. Сидерика-лық және синодикалық айлар. Түйіндер сызығының қозғалысы. Айдаһар айы мен жылы. Күннің және Айдың тұтылуы. Тұтылудың шарттары мен жиілігі. Сарос. Тұтылуды бақылаудың ғылыми мағнасы.
Тәуліктік параллакс Р дегеніміз шырақтың Жер центірінен көрінетін бағытымен Жер бетіндегі бір нүктеден көрінетін бағытының арасындағы бұрыш (20-сурет). Демек, шырақтан бақылаушы тұрған пункттегі Жердің радиусы R көрінетін бұрыш болады. Шырақ зенитте орналасқан кезде оның тәуліктік параллаксы 0-ге тең болады. Ал горизонттағы шырақтардың тәуліутік параллакстары ең үлкен мәнге жетеді. Ол горизонттық параллакс деп аталады. Тәуліктік параллакс пен горизонттық параллакс Р арасындағы тәуелділікті табуға болады.
Сонда:
Күн жүйесіндегі аспан денелерінің қашықтығын радиолокация әдісімен де өлшеуге болады. Егер радиосигналдың аспан денесіне барып қайтып оралуына t уақыт кететін болса, осы денеге дейін қашықтық мынаған тең:
км/с – радиотолқындардың жылдамдығы.
Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты олардың жылдық параллаксы арқылы анықтайды.
Жұлдыздардың арасында Ай өзінің орнын үнемі өзгертіп отырады. Айдың көрінерлік қозғалысының бағыты батыстан шығысқа қарай болып, бір айдың ішінде жұлдыздардың арасында тұйықталмаған қисық болады. Айдың көрінерлік жолы зодиак шоқжұлдыздарында жатады. Негізінде Айдың көрінерлік қозғалысы оның Жерді айналып және Жермен бірге Күнді айналып қозғалуы арқылы түсіндіріледі.
Сұрақтар;
1.Синодтық ай неге тең?
a.29,53 о.к.т.
b.27,21 о.к.т.
c.27,55 о.к.т.
d.27,32 о.к.т.
2.Сидерлық ай неге тең?
a.27,32 о.к.т.
b.27,21 о.к.т.
c.27,55 о.к.т.
d.29,53 о.к.т.
3.Аномалдық ай неге тең?
a.27,55 о.к.т.
b.27,21 о.к.т.
c.27,32 о.к.т.
d.29,53 о.к.т.
4. Аждаһарлы ай неге тең?
a.27,21 о.к.т.
b.27,55 о.к.т.
c.27,32 о.к.т.
d.29,53 о.к.т.
5.Синодтық ай дегеніміз не?
a.Айдың екі қатар аттас фазаларының аралығына кеткен уақыт.
b.Айдың өз орбитасының бір түйінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
c.Айдың өз орбитасының перигейінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
d.Жерді айналуынын периоды.
6.Сидерлық ай дегеніміз не?
a.Айдың Жерді айналуының периоды.
b.Айдың өз орбитасының бір түйінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
c.Айдың өз орбитасының перигейінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
d.Айдың екі қатар аттас фазаларының аралығына кеткен уақыт.
7.Аномалдық ай дегеніміз не?
a.Айдың өз орбитасының перигейінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
b.Айдың өз орбитасының бір түйінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
c.Aйдың екі қатар аттас фазаларының аралығына кеткен уақыт.
d.Жерді айналуынын периоды.
8.Аждаһарлық ай дегеніміз не?
a.Айдың өз орбитасының бір түйінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
b.Айдың өз орбитасының перигейінен екі қатар өтуіне кеткен уақыт.
c.Айдың екі қатар аттас фазаларының аралығына кеткен уақыт.
d.Жерді айналуынын периоды.
9.Айдың фазасы дегеніміз не?
a.Айдың түрінің өзгеруі.
b.Ай-Күн тұтылулардың ретінің қайталану периоды.
c.Ай дискісінің қараңғы және жарықталған аймақтарының шек арасы.
d.Ай орбитасының эклиптикамен қиылысу нүктесі.
e.Айдың оптикалық және физикалық теңселуі.
10.Терминатор дегеніміз не?
a.Ай дискісінің қараңғы және жарықталған аймақтарының шек арасы.
b.Айдың түрінің өзгеруі.
c.Ай-Күн тұтылулардың ретінің қайталану периоды.
d.Ай орбитасының эклиптикамен қиылысу нүктесі.
e.Айдың оптикалық және физикалық теңселуі.
11.Ай орбитасының түйіні?
a.Ай орбитасының эклиптикамен қиылысу нүктесі.
b.Айдың түрінің өзгеруі.
c.Ай-Күн тұтылулардың ретінің қайталану периоды.
d.Ай дискісінің қараңғы және жарықталған аймақтарының шек арасы.
e.Айдың оптикалық және физикалық теңселуі.
12.Айдың либрациясы?
a.Айдың оптикалық және физикалық теңселуі.
b.Айдың түрінің өзгеруі.
c.Ай-Күн тұтылулардың ретінің қайталану периоды.
d.Ай дискісінің қараңғы және жарықталған аймақтарының шек арасы.
e.Ай орбитасының эклиптикамен қиылысу нүктесі.
13.Сарос дегеніміз не?
a.Ай-Күн тұтылулардың ретінің қайталану периоды.
b.Айдың түрінің өзгеруі.
c.Ай дискісінің қараңғы және жарықталған аймақтарының шек арасы.
d.Ай орбитасының эклиптикамен қиылысу нүктесі.
e.Айдың оптикалық және физикалық теңселуі.
14.Айдың айналу осінің ай орбитасының жазықтығына көлбеулігі неге тең?
a.83
b.
c.
d.
e.
Лекция 6.
Жоспар:Аспан механикасының негідері, бүкіл элемдік тартылыс заң. Планеталық орбиталардың элементтері. Тартылыс заңның әмбебаптылығы. Кеплердің жалпы-лама заңдары. Аспан денелерінің массаларын анықтау. Ауытқу теориясының элеменрі. Плутон және Нептун план. ашылуы. Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдары. Нутация. Су деңгейінің тасуы мен қайтуы. Космонавтика негіздері. ЖЖС, ЖАД орбитасын есептеу тәсілдері.
Кеплердің заңдары планеталар дүниесінің бір дұрыс жүйе екенін көрсетті. Сондықтан барлық планеталарды Күнмен байланыстыратын, олардың қозғалысын реттейтін «күш» барлығы туралы идея дами бастайды.
Тартылыс күшінің бар екендігін, оның аралыққа байланысты өзгеретінің ХVII ғ. ғалымдар талқылай бастады. Әуелі Италия оқымыстысы Борелли, онан кейін Галилей, Ньютонның замандасы Гук, ақырында Ньютон табиғаттың ең бір негізгі заңы бүкіл әлемдік тартылыс заңын математикамен негіздеп, ол арқылы тек Жердегі құбылысты ғана емес Күн жүйедегі құбылысты да түсіндірді.
Кеплердің ІІІ заңы былай айтылады:
Планеталардың сидерлық айналыс периодтарының квадраттарының планета мен Күннің массаларының қосындысына көбейтінділері олардың орбиталарының үлкен жарты өсінің кубтеріне тура пропорционал.
Осындай қозғалысты ауытқыған қозғалыс деп атайды. Кеплер заңдарынан шын қозғалыстың ауытқуын ұйытқу /немесе теңсіздектер/ дейіді. Теңсіздіктер дегеніміз шырақтардың ауытқымаған және ауытқыған қозғалыстарындағы орындарының координаталарының айырмы, ал ауытқыған қозғалысты элементтері өзгермелі болатын Кеплерлік қозғалыс деп қарастыруға болады. Элементтердің өзгеруі /теңсіздіктер/ периодты, ғасырлы және аралас болады. Күн жүйесінің денелерінің ғасырлы теңсіздіктері орбиталардың өз ара орналасуына тәуелді болады .
Ауытқытушы күштің әсерін мұхиттар мен теңіздердің жағалауындағы су деңгейінің периодты түрде көтеріліп немесе түсуін бақылау арқылы көруге болады. Осы құбылыстарды тасу мен қайту деп атайды. Күн жүйесіне жататын денелердің ауытқыған қозғалысын анықтау – күрделі мәселеге жатады. Ауытқыған қозғалысты анықтаудағы аспан механикасының үлкен бір нәтижесі ол – Нептун планетасының ашылуы болып саналады.
Ньютонның бүкіл әлем тартылыс заңы аспан денелерінің массаларын есептеуге мүмкіншілік береді. Массаны үш әдіспен анықтауға болады:
а) Ауырлық күштін үдеуін өлшеу арқылы /гравитациялық әдіс/.
б) Кеплердің үшінші /дәлденген/ заңының негізінде.
в) Аспан денелерінің қозғалысындағы ауытқуларды /теңсіздіктерді/ талдау әдісі арқылы.
Сұрақтар:
1.Кеплердің бірінші эмпирикалық заңы?
a.Барлық планеталар жалпы бір фокусінде Күн орналасқан эллипстер бойымен қозғалады.
b.Күн болады.
c.Планеталардың сидерлық периодтарының квадраттары олардың орбиталарының үлкен жарты остерінің кубтеріне пропорционал.
d.Планеталардың радиус-векторлары тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады.
2.Кеплердің екінші эмпирикалық заңы?
a.Планеталардың радиус-векторлары тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады.
b.Күн болады.
c.Планеталардың сидерлық периодтарының квадраттары олардың орбиталарының үлкен жарты остерінің кубтеріне пропорционал.
d.Барлық планеталар жалпы бір фокусінде Күн орналасқан эллипстер бойымен қозғалады.
3.Кеплердің үшінші эмпирикалық заңы?
a.Планеталардың сидерлық периодтарының квадраттары олардың орбиталарының үлкен жарты остерінің кубтеріне пропорционал.
b.Күн болады.
c.Планеталардың радиус-векторлары тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады.
d.Барлық планеталар жалпы бір фокусінде Күн орналасқан эллипстер бойымен қозғалады.
4.Күн жүйесінің динамикалық центірі?
a.Күн болады.
b.Планеталардың сидерлық периодтарының квадраттары олардың орбиталарының үлкен жарты остерінің кубтеріне пропорционал.
c.Планеталардың радиус-векторлары тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады.
d.Барлық планеталар жалпы бір фокусінде Күн орналасқан эллипстер бойымен қозғалады.
5.Математикалық түрде Кеплердің жалпылаған бірінші заңы қалай жазылады?
a.
b.
c.
d.
6.Математикалық түрде Кеплердің екінші заңы қалай жазылады?
a.
b.
c.
d.
7.Математикалық түрде Кеплердің үшінші эмпирикалық заңы қалай жазылады?
a.
b.
c.
d.
8.Математикалық түрде Кеплердің үшінші дәлденген заңы қалай жазылады?
a.
b.
c.
d.
Лекция 7.
Достарыңызбен бөлісу: |