Жоспар: Кіріспе


Жоспар:Галактикадан тыс астрономияның негіздері



бет6/6
Дата10.10.2019
өлшемі322,55 Kb.
#49560
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1


Жоспар:Галактикадан тыс астрономияның негіздері. Хаббл жасаған галактикалар классификациясы. Галактикаларға дейінгі арақашықтықтарды анықтау. Галактика-лардың физикалық қасиеттері: өлшемдері, массасы, жарықтылығы, айналуы. Галактикалардың ядролары. Галактикалардың спектрі. Қызыл ығысу. Хаббл заңы. Өзара әсерлесуші галактикалар. Квазарлар. Галактикалардың топталуы. Метагалактика. Галактикалардың және галактикалар жүйелерінің жасырын массасы.

Біздің Галактикадан /Құс жолы/ тыс орналасқан көптеген жұлдыздық жүйелер – галактикалар бар екендігі астрономиялық зерттеулердің негізінде анықталып отыр. Олардың құрамына енетін жұлдыздардың саны да, біздің Галактикадағы жұлдыздар санынан кем түспейді /100-деген миллиард шамасында/. Сондықтан галактикалардың құрылысы мен олардың кеңістік бойынша үлесуін зерттеу мәселесінің Әлемнің барлық бөліктерінің эволюциялық даму заңдылығын меңгеруде, білуде шешуші роль атқаратындығы бізге күмән келтірмейтіндігі белгілі.

Қазіргі үлкен телескоптармен бақыланатын галактикалардың, саны миллиардтан саналады. Бірақ, олардың азғана бөлігіне статистикалық талдау жасалып каталогке ендірілді. Бұл тұрғыдан біз толық 4 томдық Б.А.Воронцов-Вельяминовтың басшылығымен жасалған «Галактикалардың морфологиялық каталогін» атап етуімізге болады. Бұл каталогте жұлдыздық шамасы 10m,1-нен жарық болатын 30000 галактикалар туралы мағлұматтар келтірілген. Спиральды галактикаларды өзінің спиральды құрылысының даму дәрежесіне қарай ажыратып классқа бөлген кезде S таңбасына а,в,с,d, әріптері қосылып жазылады. Мысалы, Sа жүйесі жақсы қалыптасқан тарамдардан тұратын спиральды галактиканы сипаттайды. Сөйтіп неғұрлым спиральды құрылыстың дамуы кұштірек болса, солғұрлым галактиканың орталық тығыздалған аймағының мөлшері аз бола береді. Галактикалардың спиральды тармақтары негізінен жұлдыздар пайда болатын аймақтар болып саналады.

Эллиптикалық және спиральды галактиклардың аралығында линза тәріздес /SO/ галактикалар жатады. Мұндай галактикалардың белгілі құрылысы болмайды, бірақ, олардың жарықтылығы линза тәріздес ядроның центрінен шетінде қарай сатылы түре өзгеріп отырады (3 сурет).

Дұрыс емес галактикаларға айқын ядролары жоқ және айналыс симметриясы анықталмаған жүйелер жатады. Бұған мысал ретінде І символымен белгіленетін бірге ең жақын түстік жарты шарда орналасқан Үлкен Магеллан бұлтын /ҮМБ/ және Кіші Магеллан Бұлттары.

Сұрақтар:

1. Құс жолы дегеніміз не?

a. Галактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе.

b. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы.

c. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары.

d. Көлемі 3*5 кпк болатын біздің Галактиканың центрлік аймағы.

e. Бірлік көлемдегі жұлдыздар саны.

2. Жұлдыздық шоғырлану дегеніміз не?

a. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы.

b. Галактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе.

c. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары.

d. Көлемі 3*5 кпк болатын біздің Галактиканың центрлік аймағы.

e. Бірлік көлемдегі жұлдыздар саны.

3. Диффуздық тұмандықтық дегеніміз не?

a. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары.

b. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы.

c. Галактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе.

d. Көлемі 3*5 кпк болатын біздің Галактиканың центрлік аймағы.

e. Бірлік көлемдегі жұлдыздар саны.

4. Орталық қоюлану дегеніміз не?

a. Көлемі 3*5 кпк болатын біздің Галактиканың центрлік аймағы.

b. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы.

c. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары.

d.лактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе.

e. Бірлік көлемдегі жұлдыздар саны.

5. Жұлдыздық тығыздық дегеніміз не?

a. Бірлік көлемдегі жұлдыздар саны.

b. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы.

c. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары.

d. Көлемі 3*5 кпк болатын біздің Галактиканың центрлік аймағы.

e. Галактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе.

6. Галактика деп аталатын жұлдыздардан, газ-шаң тұмандықтардан т.с.б. объектілерден тұратын алып жұлдыздық жүйе қалай аталады?

a. Құс жолы.

b. Жұлдыздық шоғырлану.

c. Диффуздық тұмандықтық.

d. Орталық қоюлану.

e. Жұлдыздық тығыздық.

7. Бір-бірімен динамкалық байланысты жұлдыздар тобы қалай аталады?

a. Жұлдыздық шоғырлану.

b. Құс жолы.

c. Диффуздық тұмандықтық.

d. Орталық қоюлану.

e. Жұлдыздық тығыздық.

8. Тығыздығы артқан жұлдызаралық заттың бұлттары қалай аталады?

a. Диффуздық тұмандықтықтар.

b. Жұлдыздық шоғырлану.

c. Құс жолы.

d. Орталық қоюлану.

e. Жұлдыздық тығыздық.

Лекция 15.

Жоспар:Космогония негіздері және космология мәселелері. Күн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары. Жер мен планеталардың жасы. Экзопланеталар. Космология пәніндегі жұлдыз-дардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар. Фотометриялық, гравитациялық және термодинамикалық парадокстар. Иерархиялық құрылым. Кеңейе түсетін Ғалам проблемасы. Критикалық тығыздық. Хаббл тұрақтысы. Ыстық Ғалам және реликтік сәулелену жайында түсінік. Жерден тыс Ғалам.

Күн жүйесінің пайда болуы туралы қазіргі көзқарас.Бұл салада біз Ю.Шмидтің теориясын атап өтуімізге болады. Бұл теория бойынша планеталар суық газ-тозаң бұлттан жасалу керек. Галактиканың центрін айналып қозғалған Күніміз ол бұлтты өзіне тартып алғандықтан, Күн жүйесінің құрылысының кейбір заңдылықтарын Шмидт жоғарғы айтылған негізде түсіндіріп беруге мүмкіндік алды. Сонда планеталардың қашық бойынша орналасуы, олардың орбитальды айналысқа қатысуы т.с.с мәселелер осы Шмидт теориясының негізінде жеткілікті дәрежеде түсіндіріледі.

Біздің планета жүйесінің дамуын қысқаша баяндайтын болсақ, ол төменгі реттегідей болады. Шамамен бұдан 5 миллиард жыл бүрын өзінен магнит күш сызықтары өтіп жататын өте сөзылыңқы газ-тозаң бұлттың ішінде орталық шоғыр /сгущение-қоюлану/ -алғашқы Күн /протосолнце/ пайда болады. Ол алғашқы Күн жайлап сығылып отырады. Ал бұлттың екінші, массасы 10 еседей аз бөлігі, сол орталықтың төңірегінде жайлап айналады.

Метагалактика көлемінде Галактикалардың алыстау құбылысымен өте үлкен массасы бар объектілер болады. Сондықтан мұндай системаларда шешуші күш гравитация күші болып саналады. Ал, өте алыс орналасқан галактикалардың қозғалыс жылдамдықтары жарық жылдамдығына шамалас болады. Осы факторды ескере отырып, біртұтас Әлемнің күйін сипаттау үшін жалпы салыстырмалық теорияны, яғни гравитациялық релятивті теорияны пайдалуымыз керек. Бұл теорияны дамытқан атақты ғалым А.Эйнштейн болды.

Әлемнің біртекті және изотропты космологиялық моделін жалпы салыстырмалық теорияның негізінде алғаш қарастырған кеңес математигі А.Фридман болған. Ол кісі өзінің зерттеуінің нәтижесінде біртекті және изотропты Әлемнің стационарлы болмайтындығын көрсетіп галактикалардың бізден алыстау құбылысын түсіндіреді. Сонда ғана А.Фридманның ұсынған моделі бойынша Әлемдегі кез-келген екі объектінің t уақыт моментіндегі қашықтығы мынадай өрнекпен анықталады:



мұндағы - объектілердің бастапқы уақыт моментіндегі қашықтығы, ал R(t) масштабы фактор. Осы фактордың уақытқа тәуелділігі арқылы Әлемнің кеңейу сипаты анықталады.Дегенмен біз қарстырған Әлемнің біртекті және изотропты модельдері R=O болатын күймен сипатталады. Бұл күй to шекті өткен уақытқа сәйкес келеді де, заттың тығыздығы осы күй кезінде шексіз болған болуы керек. Мысалы, Евклид кеңістігі болған жағдай үшін ,84млрд жылға тең болады.Бұл уақытты «Әлемнің жасы» деп те атайды. Демек осы уақыттың шамасына дейін белгілі физикалық заңдылықтарды қолдануымызға болады.

Сұрақтар:

1.Космологияның негізгі принциптері:

a. Біртектілік, изотроптық, антроптық.

b. Эллиптикалық, спиральдық.

c. Оптикалық, физикалық.

2.Біздің Әлемнің моделін жасаған бірінші ғалымдар:

a. А.Эйнштейн, А.А.Фридман.

b. Галилей.

c. Кеплер.

d. Гершель.

3.Қәзіргі модельге сай біздің Әлем

a. ұлғаяды.

b. стационар.

c. сығылады.

4.Егер болса, онда

a. Әлемнің ұлғаюы сығылумен алмасады.

b. Әлемнің геометриясы Евклид геометриясы болады.

c. Әлемнің ұлғаюы шексіз болады.

5.Егер болса, онда

a. Әлемнің геометриясы Евклид геометриясы болады.

b.Әлемнің ұлғаюы сығылумен алмасады.

c. Әлемнің ұлғаюы шексіз болады.

6.Егер болса, онда

a. Әлемнің ұлғаюы шексіз болады.

b. Әлемнің геометриясы Евклид геометриясы болады.

c. Әлемнің ұлғаюы сығылумен алмасады.

7.Реликт сәулеленудің қасиеттері:

a. T= 2.73K,

b. Біртектілік, изотроптық, антроптық.

c. Эллиптикалық, спиральдық.

d. Оптикалық, физикалық.

298.Хаббл тұрақтысы тең:

a. 75 км/с*(Мпк).

b.

c. Әлемнің массасының тек 5%.

299.Әлемнің затының критикалық тығыздығы тең:

a. .

b. 75 км/с*(Мпк).

c. Әлемнің массасының тек 5%.

300.Біздің Әлемдегі бариондық заттың массасы

a. Әлемнің массасының тек 5%. .

b. 75 км/с*(Мпк).



c.



1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет