Жоспар: Кіріспе



бет5/7
Дата31.03.2020
өлшемі149,12 Kb.
#61096
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кант философиясы
Кант философиясы

2.  14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни “классикалық” Схоластикада “христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.

          3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.

Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:

1. Реализм

2. Номинализм

Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Номинализм  (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

Августин Аврелий Әулие (354-430 ж.ж) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни “нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады. “Құдайдын қаласы” (426 ж) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі-құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. “Жердегі қалаға”, “күнәһар” зиялы мемлекетке ол “Құдайдың қаласын”, яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама-қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.

Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі – “Теология суммасы” (жиынтығы) Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:

Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)

Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)

Философияның негізгі принципі – сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірді:

1.                 Қозғалыс: барлығы қозғалыста, яғни  оларды қозғалысқа келтіретін күш бар. Алғашқы күш – Құдай.

2.                 Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті, соған орай себепкер – Құдай.

3.                 _________

 

4. _________



 

5. _________

 

Уильям Оккам (1285-1349 ж.ж.) – ортағасырлық ағылшын теологы, философ-схоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.



Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат).

 

 



Араб-мұсылман философиясы

 

     Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.



               Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

               Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль-Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.

               Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.

                Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл-Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8-9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл-Ғазали (1059-1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи.

               Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын,  сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.

               Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.)  - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы.  Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.

                Ахмед Яссауи (шамамен 1093-1166-67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.

               Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.

                         

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

 

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.



Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.

 Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.

Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері:

-антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;

-шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу).

-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар   

аудару;

-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;



-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;

-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.

Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола.

      Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.

      Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.

Галилео Галлилей (1564-1642). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.

XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.

Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы –  «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.

Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.     

 

3–БӨЛІМ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ.



ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып,  қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық,  фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.

1918-1922 ж.ж  О. Шпенглердің «Европаның ақыры» деген осы уақытқа дейін әңгіме болып келе жатқан екі томдық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мәдениет деген ұғым организм (тірі дене) ретінде анықталып, әр мәдениеттің өзіндік дара сипаты болатыны айтылған. Дүниеде сегіз мәдениет болыпты: египет, үнді, қытай, вавилон, «аполлон» (грек.рим), «магия сиқыршылық» (византия, араб), «Фауст» (Батыс Еуропа), майя. Бұдан былай орыс-сібір мәдениеті болады деп айтылған. әр мәдениеттік организм мың жылға жуық өмір сүреді, сосын құрып кетеді, нәтижесінде цивилизация туады. Демек, бұл творчестволық жеміссіздікке, әдебиет пен өнердің маңызы жойылып, техника мен ғылымның дамуына, адамгершіліктің дағдарысына соғады дейді. «Аполлон» мәдениеті үшін ол эллинизм кезі болса, ал Батыс Европа үшін бұл дағдарыс ХХ ғасырдың ішінде басталғанын айтады. Осы жіктеу бүкіл интеллигенцияның назарын өзіне аударып, күні бүгінге дейін пікірталасын туғызуда.

Феноменология – негізін салушылар  Гуссерль мен оның шәкірттері – Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы “интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді. Ф-лық ұғым бойынша “объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2) танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес, сананың «таза» нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. «трансценденталдық редукция » деп атайды. Философияны ғылым ретінде   тек қана эйдетика деп аталатын «таза мағыналады» зерттейді,оның реалды шындыққа қатынасы жоқ.Ф. идеалары өзгертілген түрде экзистенциолизмнің (Хайдеггер,Сартр), жартылай филос. Гермепевтиканың филос.негізі Шелер, Мерло-Понти және Гадамер сияқты философтардың көзқарастары Ф-ға байланысты қалыптасты.Католик философтарының (Де Веленс,Ван-Бреда)тусінігі бойынша Ф.неотомизмнен құрастырылған философия.Ф-ның идеалистік тұжырымдары осы бағыттың өз ішінде түрлі оппозициялар тудырды.Ф. мектебінің сол қанаты Ф-ны субъективизмнен,иррационализм-     нен және экзистенциализмнен қорғауға күш салды.Олардың ойы Ф-ның қажетті жағын сақтап қалу болды.Осы бағыттың өкілдері ретінде материалистік «натурализмді» қорғайтын М.Фарберді, және Р.Ингарденді атауға болады.Ф. бағытының теориялық орталығы болып саналатын орындар: Гуссерьдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия,директоры Ван- Бреда ); халықаралық  феноменологиялық қоғам және оның «Философия және феноменологиялық  зерттеулер» атты журналы  (Буффало,Нью-Йорк,АҚШ).



Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік  бағыт. Э-нің идеялық қайнар көздері - өмір философиясы, Гуссерльдің феноменологиясы, Кьеркегордың діни – мистикалық ілімі. Э. діни (Марсель, Ясперс, Бердяев, Л.Шестов, М.Бубер )  және атеистік (Сартр, Камю, С.Бовуар) болып екіге бөлінеді. Хайдеггердің түбірлі онтологиясы  бұдан оқшау тұр, оны діни Э-ге де, атеистік Э-ге де, үзілді-кесілді жатқыза  салуға болмайды. Э. пессимистік дүниетаным ретінде пайда болып, өзінің мынадай мәселе қойды: либералдық – прогресивтік үміт елестен айырылған адам тарихи апаттар алдында қалай өмір сүрмек? Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық  ой философияға қайтарылған жауап болды. Экзистенциалистердің пікірінше, рационалды ойлау жүйесінің негізгі ерекшелігі – субъекті мен обьектінің бір- біріне қарама- қайшылығы принципінен туады. Осының нәтижесінде бүкіл өмірді, оның ішінде адамды да рационалистік ғылыми зерттеу және іс жүзінде пайдалану обьектісі деп ғана біледі, соның салдарынан мұндай көзқарас «мағынасыз» сипат алады. Э., керісінше, жеке адамнан тыс, «обьективті» ғыл. ойдын қара-қарсылығы ретінде көрінуге тиіс. Сөйтіп, Э. философия мен ғылымды бір біріне қарсы қояды. Мәс., Хайдеггер ғылым «шындықты» қарастырса, философия «болмысты» зерттеуге тиіс дейді. «Шындық» деп эмпирикалық дүниеге жататын нәрсенің бәрін айтады, одан болмыстың өзін ажырата білу қажет. Соңғысы жанама түрде емес (дұрыс ойлану арқылы), адамға оның болмысы, жеке басының тіршілігі арқылы, яғни экзистенция арқылы ашылып, тікелей ұғынылады. Суъект пен обьектінің бөлшектелмеген біртұтастығы осы экзистенцияда тұжырымдалған, оны парасатты-ғылыми ойлау жүйесі де, алыпсатарлық ойлау жүйесі де түсіндіре алмайды. Күнделікті өмірде адам өзін экзистенция ретінде сезіне бермейді, бұл үшін ол шекаралық жағдайға, яғни өлім алдындағы жағдайға душар болуы керек. Өзін экзистенция ретінде біле отырып, тұңғыш рет бостандыққа да ие болады. Э-ге сәйкес бостандық  дегеніміз – адам табиғи  немесе  әлеуметтік  қажеттіліктің әсерімен қалыптасатын зат болмауы , өзін - өзі  «таңдап алуы», өзін әрбір әрекетімен және іс-қимылымен қалыптастыруы керек. Сөйтіп, азат адам өзін «себеп-сылтаулармен» ақтамайды, өзі атқарған істің бәрі үшін жауап береді. Өзінің айналасында болып жатқан нәрсенің бәріне айыпты болу сезімі – азат адамның сезімі (Бердяев). Бостандықтың экзистенциялық  концепциясында конформизмге және өзін оқиғалар барысында әлденені өзгерте алмайтын орасан зор бюрократтық  машинаның тетігі ретінде сезінетін бурж, тоғышарға тән бейімдеушілікке қарсы наразылық көрініс тапты. Тарихта болып жатқан оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі Э-нің ұдайы көрсетіліп отыруы осыдан келіп туады. Алайда бостандықтың экзистенциялық ұғымы субъективті түрде қала береді: ол әлеум, тұрғыдан емес, жалаң этикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Дұрыс танып-білуді философия қарастыратын мәселеге сай келмейтін түсінік ретінде қабылдамай, Э. негізінен Гуссерльге (Хайдеггер, Марсель, Сартр), Дильтейге(Хайдеггер, Яссперс), ішінара Бергсонның интуитивизміне сүйене отырып, ақиқатты тікелей, интуитивті тұрғыда түсіну әдісін ұсынады. Көптеген экзистенциалистер  (Хайдеггер, Марсель, Камю және басқалар) философия өзінің танымдық әдісі бойынша ғылымнан гөрі өнерге әлдеқайда жақынырақ тұр деп есептейді. Э-нің 40-60 ж-дары Батыс өнері мен әдебиетіне, ал олар арқылы бурж. интеллигенцияның едәуір бөлігінің көңіл-күйіне соншалық зор ықпал етуі кездейсоқ емес. Э-нің  әртүрлі өкілдерінің  әлеум. саяси позициясы  әрқилы келеді.           

Ницше  Фридрих (1844-1900) – неміс философы, волюнтаризмнің өкілі және қазіргі иррационализнің негізін салушылардың бірі. Классикалық филос. категориялар-«материямен» «рухтың» орнына Н. «билеуге ерік» (күшке, мықтылыққа) ретінде «өмірді» қояды. «Билеуге ерік» Н-ге құбылыс мәнінің критерийі болып табылады: «Не жақсы?»-«Билеу санасын, билікті қажетсінуді , адамдағы биліктің өзін шындайтын нәрсенің бәрі жақсы». «Не жаман?»-«Әлсіздіктен туындайтынның бәрі жаман». Н. танымды осы тұрғыда  бағалай отырып, оны тек «билеудің қаруы» болғанда ғана бар деп есептейді. Ол ғылым заңдарынан жалаң «пайдалы жалғандықты», ол ақиқаттан-пайдалы адасуды  көреді. Гносеол. релятивизм  этикада «барлық игілікті қайта бағалаумен» айқындалады, ол «ерекше адам» идеясына орай  «құндық мораліне» қарсы қоюмен аяқталады. Н. соц. идеялды жоққа шығарады, өйткені одан «құлдардың моралдағы  көтерілісін» көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай алдындағы теңдігі және «билеу еркін» жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін қабылдамайды. Н діни аңыздар жиынтығын «жанның мәңгілік» қалдығы  ретінде «құдай өлімі» мен «мәңгі қайта оралу» туралы аңыздармен алмастырады. Н. философиясының әлеум. негіздері рев. жұмысшы  қозғалысын өрістетуге бағытталған империалистік бурж. әрекетімен байланысты. Ницшеліктің жекелеген-әлеум.-сыни себептері  кейбір көрнекті жазушылар мен ойшылдарға (Т.Манн, Г. Ибсен, Швейцер) әсер етті, бірақ негізгі реакциялық тұжырымдары оны дамытудың басты бағыты – нем, фаш.-інің идеологиясын анықтап берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет