1. Жалпы орта білім берудің қазіргі тұжырымдамасымен танысып, оның қоғам дамуының талаптарына сәйкестігін анықтаңдар.
2.Сіз білім берудің мазмұнының нұсқалылығын, бейімділігін және тез өзгергіштігін қалай түсінесіз?
3. Білім, іскерлік, дағды анықтамасын талдаңыз.
4. Сызбада білім берудің мазмұнын анықтайтын негізгі мемлекеттік құжаттар берілген. Оның сипаттамасын беріңдер.
5. Мұғалімнің ұсынысымен мына өлшемдер боцынша эксперименттік оқу жоспарын талдаңдар: оқу пәнінің саны, оқушылардың оқуына бөлінетін сағаттың мөлшері, оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілуі, оқудың мазмұнын ізгілендірудің мүмкіндіктері;
6. Қазіргі қолданылып жүрген мектеп бағдарламасы жалпы, логикалық, пәндік, пәнаралық дағдыларды қалыптастырудың жолын қарастырған. Олардың ішінде нақты іскерлікке үйрететіні қанша?
7. Оқулықтарға қойылатын талаптарға сай өзіңіздің мамандығыңыз бойынша оқулықты талдаңыз?
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Білім құрылымы неше бөліктен тұрады?
А) 3;
В) 2;
С) 5;
Д) 4.
2. Жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент:
А) іскерлік;
В) дағды;
С) білім;
Д) шығармашылық.
3. Болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, адамның болмысты дұрыс түсінуі:
А) іскерлік;
В) дағды;
С) білім;
Д) дұрыс жауабы жоқ.
4. Қоғамдық-тарихи тәжірибе кезінде жинақталған тәжірибе не арқылы жүйеленеді?
А) іскерлік;
В) дағды;
С) білім;
Д) ғылым.
5. Тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегін, зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін құжат
А) оқулық;
В) оқу жоспары;
С) оқу бағдарламасы;
Д) оқу құралы.
6. Қандай әдіс шығармашылыққа үйретеді?
А) сөздік;
В) көрнекілік;
С) тәжірибелік;
Д) мәселелік.
7. Адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс:
А) білім;
В) іскерлік;
С) сезім;
Д) дағды.
8. Ғылым негіздерін оқушылардың меңгеруі және сол меңгерудің нәтижесі:
А) жалпы білім;
В) политехникалық білім;
С) кәсіптік білім;
Д) қосымша білім;
9. Ойлау қабілетін дамытатын негізгі құрал:
А) ғылыми-жаратылыстану пәндері;
В) гуманитарлық пәндер;
С) әртүрлі тілдер;
Д) еңбек, дене шынықтыру, ән-күй.
10. Оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік, дағдылардың көлемі, оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар қай құжатта белгіленген?
А) стандартта;
В) оқу жоспарында;
С) оқу бағдарламасында;
Д) оқулықта.
11. Политехникалық білімді көбірек беретін пәндер:
А) гуманитарлық пәндер;
В) ғылыми-жаратылыстану;
С) дене шынықтыру;
Д) саз мәдениеті.
12.Оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат:
А) оқу жоспары;
В) стандарт;
С) оқу бағдарламалары;
Д) оқулық.
13. Міндетті оқытылатын пәндер қай құжатта жазылады?
А) оқу бағдарламасында;
В) базистік оқу жоспарында;
С) оқу жоспарында;
Д) вариативтік жоспарында.
4. Сабақтың типтері және құрылымы:
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортақ белгілерін табу үшін оларды жіктеу керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырады. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия сабақ, кино- сабақ, өзіндік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс- әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінеді.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді дамыту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы- сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақ түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды.
Сонымен сабақтың кешенді , қатаң құрылымы жоқ. Аралас сабақтың құрылымы басқа сабақтардың құрылымына негіз болады.
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең таралған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әртүрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білмдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді.
Жаңа материалды оқытуда оны бірнеше рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған дұрыс. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді.
Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке берілген уақытта мұқият қарау керек. 20 – 25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.
Аралас сабақтың принциптері.
Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.
Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы – оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.
Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруға және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезіуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
Жауапкершілік принципі.
Оқушы өһз жолдастарының да, мұғалімнің да алдында білгенін айтады.
Оқушының өз жұмысын бақылау және бағалауы.
Оқушының өзінің оқу іс - әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс - әрекеттің мақсатын және жоспарын, бағалау өлшемдерін айту. Демек, мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымене таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін білу керек.
Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білуі керек.
Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне - өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.
Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны құрметтеу керектігін естен шығармау.
Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еешуақытта жазалауға болмайды.
Оқушы мене мұғалімнің, оқушылардың бір – бірімен қатынасы шынайы болуы керек. «Жауапкершілік» оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғаның өз іс - әрекетін бақылай білуі.
Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.
Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:
Жұмысты ұйымдастыру
Өткенді қайталау
Жаңа материалды оқу
Бекіту
Үйге тапсырма
2 мин
10 мин
25 мин
5 мин
3 мин
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабқты алдын ала ұйымдастыру керек., себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.
Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін -өзі ұстауы, жинақтылығы;
көп сөйлемеу, жігерлілік;
талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:
мұғалім мен оқушының жайдарлылығы;
ұйымдастыру бөлімінің қысқалылығы;
сыныпты тез жұмысқа кірістіру;
барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Бұл өте маңызды жіне жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етді. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады.
Кезеңнің мазмұны.
Амандасу - әдептіліктің қарапайым түрі, педогогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының басы. Оған қарап мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым -қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін –бірі жақсы көру, бір – біріне жақсылық тілеу көрініп тұрады. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, оны жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырыпжатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сұрап, сырқат оқушыға «тез жазылып кетсін», деп тілек айтып жіберген дұрыс.
Ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушы кеклгенде онымен сәлеидесу керек. Жоқ оқушыға көңіл бөлу, олар туралы жылы сөздер айту ынтымақты жақсартады.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл – қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдықоқушының талғамын , сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.
Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны,сондықтан оғанкөңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір -қасиетін тәрбиелейді.
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сынгыпқа кірген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.