Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет32/38
Дата14.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Орыс тілі немесе қазақ тілі – сөздерін дұрыс айтылуы.

Математика – жануарлар өмірі туралы есеп.

VIII. Білімді оқу пәнімен тыс жерде қолдану өмірмен байланыс (сыныптан тыс жұмыс).

1. Үй жануарларын күту.

2. Ит (мысық) көрмесіне бару.

Тапсырма: Әртүрлі тектерде есте сақтау, сыртқы тұрқына сипаттама беру. Мектепте жануарларды күтуді ұйымдастыру (қаңғыбас, ауру, жануарларды күту).



Бағдарламалық оқытуда берілетін тапсырмалар үлгері 3 – сынып.

Оқушының тегі, аты – жөні –

Пән (ғылым негізі) : Қазақ тілі

№ 1 бақылау жұмысы



Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Оқушыға 20 тапсырма беріледі. Жауапты талдау қортындысы мынадай болуы мүмкін:

« Жарайсың, Темір! 15 жауабың дұрыс. «Сөйлем мүшелері» деген тақырып бойынша 5 жауабаң қате. Оулықтың 56 - 66

беттерін оқы. Тұрлаусыз мүшелерді қайтала. Сенің қате орындаған тапсырмаларының нөмері: 3,8,10,11,12.»

Тапсырма:

Енді осы үлгіге қарап, 3 – сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы «Туған елім, түған жерім» тақырыбы бойынша 20 тест сұрағын құрастыр. Оны аудиторияда студентерге бер, қателескен оқушыларға әдістемелік нұсқау әзірле. Тапсырма оқытудың қай түріне негізделіп жасалғанын анықта.
Төмендегі Венн диаграммасын толықтыр
Мәселелі Бағдарламалық


Айырмашылығы:

мұғалім мен

оқушылардың әрекетін

шаған кезендерге

бөлу, ЭЕМ оқулық

көмегімен оқушының

білімді өз бетімен алуы,

білімді өз бетімен

меңгеру процесінің жоспары

Айырмашылығы:

Оқушыларды ізденіс

процесіне тарту,



талдаушы біліктерді кемелдендіру



Ұқсастығы: Өз бетімен жұмыстанады.


Оқушының білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. Дамыта оқыту Л.Выготскидің қай теориясына негізделеді?

А) жақын даму аймағы;

Б) актуальді даму аймағы;

С) жан – жақты даму аймағы;

Д) іс - әрекет.


  1. Оқу іс - әрекеті нені дамытады?

А) Қисынды ойды;

Б) репродуктивті ойды;

С) теориялық ойды;

Д) продуктивтік ойды.


  1. Оқыту арқылы жан – жақты даму міндетін қойған қай ғалым?

А) Л.С.Выготский;

Б) Л.В. Занков;

С) Д.Б. Элъконин;

Д) В.В.Давыдов;


  1. Оқытуды теориялық ой дамыту іс - әрекеті арқылы зерттеген ғалым?

А) Л.В. Занков;

Б) В.В.Давыдов;

С) Л.С.Выготский;

Д) Д.Б. Элъконин - В.В.Давыдов;


  1. Дамыта оқыту арқылы білім қандай тәсілдермен беріледі?

А) репродуктивті;

Б) жан – жақты «теориялық» іс - әрекет арқылы;

С) алгоритімделген;

Д) шығармашылық..


  1. «Жақын даму аймағы» дегеніміз не?

А) баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары.

Б) ересектердің көмегімен істей алатын жұмыстар;

С) өзіндік жұмыс;

Д) шығармашылық жұмыс;


  1. Л.В. Занков өз экспериментінде қандай әдістерді жи» қолданады?

А) психологиялық;

Б) педогогикалық;

С) философиялық;

Д) танымдық;


  1. Дамуда оқытудың баланың дамуында жетекші рөл атқаратын іс – жүзінде дәлелденген, ғалым:

А) Ш. Амонашвили;

Б) В.Ф. Шаталов;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В. Занков;


  1. «Оқыту тиімділігінің көрсеткіші баланың жалпы дамуы» - деген пікірін айтқан кім?

А) В.В.Давыдов;

Б) Л.С.Выготский;

С) Е.Ильин;

Д) Л.В. Занков;


  1. Л.В. Занков Баланың қандай сапаларын дамыту міндетін қойды?

А) ақыл – ой, ерік – жігер, сезім;

Б) қызығушылық, қабілет;

С) Ынта, ықыла;

Д) адамгершілік, мінез;


  1. Л.В. Занков ең басты бала бойындағы қандай сапаны жоғалтпау керек деді.

А) жағымды сезімді;

Б) ақыл – ойды;

С) ерік – жігерді;

Д) қабілетті.


  1. Л.В. Занков жүйесінде қандай білімнің үлес салмағы көп?

А) алгоритім арқылы алынатын;

Б) проблемалық оқыту арқылы алынатын;

С) сабақ үстінде алынатын;

Д) экскурсия кезінде алынатын;


  1. Л.В. Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы:

А) факультатив;

Б) үйірме;

С) сабақ;

Д) экскурсия;


  1. Л.В. Занков жүйесі бойынша сабақты қалай бастау ұсынылады?

А) өткен материялды қайталаудан;

Б) бекітуден;

С) мүлдем жаңа материялдан;

Д) үй тапсырмасын сұраудан;


  1. Л.В. Занков жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың маңызды формасы.

А) сабақ;

Б) экскурсия;

С) факультатив

Д) үйірме;


  1. Қай оқыту түрінде баға басты рөл атқарады?

А) дамыта оқу;

Б) бағдарламаланған;

С) дұрыс жауабы жоқ;

Д) дәстүрлі;



  1. Дамыта оқытуда қандай әдістер қолданылады?

А) балалардың жұмысын ұйымдастырған;

Б) түсіндіру; көрсету;

С) жаттығу;

Д) тәжірибелік жұмыстар.


  1. Дамыта оқудағы әдістің негізгі түрі:

А) монолог;

Б) түсіндіру;

С) жаттығу;

Д) диалог (сұрақ – жауап)


  1. Дамыта оқудың дәстүрлі оқытудан түрлі айырмашылығы неде?

А) технологияландырылмауында;

Б) диалогтың қолданылуында;

С) алгоритім бойынша оқытуында;

Д) барлық жұмысты баланың істеуінде;
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ш.А.Амонашвили. Здраствуйте дети: - М, Просвещение, 1988.

87 – 88б

2. А.Н.Джуринский. История педогогики. – М., Владос, 2000,416б.

3. В.И.Загвязинский. Теория обучения. Современная интерпретация, - М., «Академия», 2001,26 – 27б.

4. Ю.А.Конаржевский. Анализ урока: - М., Центр, Педогогический поск, 2000.113 – 119б.

5. Педогогика.Под. Ред. С. А. Смирнова, 1999,264 -274б.

6.Б.А. Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары,- Алматы, 2000,5 – 32б.

7.Л.М.Фридман. Педогогический опыт глазами психолога – М,1987,31б.

8.А.В.Хуторсккой, Современная дидактика. Спб: Питер, 2001,

119 – 120б.

Оқыту принциптері:



  1. Ғылымилығы

  2. Бір ізділігі және жүйелілігі

  3. Саналылық және белсенділік

  4. Теория мен практиканың байланысы

  5. Көрнекілік

  6. Оқушылар білімінің беріктігі

  7. Түсініктілік

  8. Ынталандыру

  9. Ізгілендіру

  10. Проблемалық

  11. Интеграциялық




  1. Оқыту заңдылықтары

Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.

Оқыту процесінің заңдылықтары:

  1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.

  2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.

  3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгеціне сүйену керек.

  4. Дидактиканың заңдылықтарының ерекшелігі – оқыту процесінің бөліктері- оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.

  5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.




  1. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Принцип- латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі- табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоции оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың тұғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын талаптар» - деп тұжырымдалады.

Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.

В.Е. Гмурман ұсыған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру,

Талданған оқытудың принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталады.

Оқыту принциптерін аталған педпгогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.

Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.

Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.

Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болдаы. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ержелер арқылы жүзеге асады.

3.Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз- құбылыстық мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.

Шарттары:

  • Педегогиканың,психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау.

  • Индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану.

  • Жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау.

  • Ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру.

  • Жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу.

  • Оқушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі мен қызметімен таныстыру.

  • Жаңа ғылыми терминологияны қолдану.

  • Оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру.

  • Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

  • Тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.

  • Оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру.

  1. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.

Шарттары:

    • Оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет- ретімен түсіндіру.

    • Оқыту мазмұнындағы,тәсілдеріндегі жүйені бұзбау.

    • Пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану.

    • Оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету,

    • Бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру.

    • Өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру.

    • Материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу.

    • Оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау.

    • Баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу.

    • Оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу.

    • Жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету.

    • Бар күш –жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру.

    • Пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды- жүйелеу сабақтарын өткізу.

    • Оқушылардың қателерін әдеппен түзету.

    • Оқушыны өз қатесін талдауға үйрету.

    • Оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу.

    • Баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру.

    • Жүйелі білім есте жақсы сақталады.

5.Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

Шарттары:

  • Жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу.

  • Түсінікті етіп оқыту.

  • Танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану.

  • Талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістемелерін қолдану.

  • Аналогияны жиі қолдану.

  • Бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау.

  • Оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру.

  • Оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену.

  • Оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу.

  • Белгілі мәліметтерді белгісіздермен байланыстыру.

  • Ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар.

  • Оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту.

  • әрбір ережеге мысал келтіру.

  • Негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап білу.

  • Тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз.

  • Сезімге, оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету.

  • әрбір ережеге мысал келтіру .

  • негізгіні түсіндіруге назар аудару.

  • Оқушылардың сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу.

  • «Неге?» деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту.

  • Дәйекті дәлелдермен оқыту.

  • Дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану.

  • Оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту.

  • Білім – сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту.

  • Баланы өз бетімен ойдауға, жұмыс істеуге үйрету.

  • Түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру.

  • Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау.

  • Зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетімен меңгерулеріне жағдай жасау.

  • Дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.

6.Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.

Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие прцесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Шарттары:

  • Мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту.

  • «Білім- өмір» байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану.

  • Балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру.

  • Оқушылады өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану.

  • Оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.

  • Мектептің өндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні- өндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау.

  • Оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру.

  • Аймақтың сұранысына қарй кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.

  • Мәселелік- ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы.

  • Еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі- өнегесі.

  • Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру.

  • Қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс- оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі.

  • Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу.

  • Оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру.

  • Балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу.

  • Балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса «Жас өнертапқыштар» сайысын өткізу.

  • Әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру.

  • Ақыл-ой іс-әрекетін тәжірибемен байлпныстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.

7.Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы- көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

  • Балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау.

  • Оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру.

  • Көрнекілік- оқыту және ақыл-ой дамыту құралы.

  • Оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру.

  • Көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану.

  • Көрнекі құралдың оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі.

  • Оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтау.

  • Көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу.

  • Көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады.

  • Көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау.

  • Балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол.

  • Қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды т.б. қолданып , техникалық құралдармен жұмыс істей білу.

  • Көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, байқампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу.

  • Көрнекілік арқылы байланыс орнату.

  • Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекілікті қолдану.

  • Нақты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдық көрнекі құралдарды қолдану.

Көнекілік түрлері:

Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты обьектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.

Экспериментальдық көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.

Суретті көрнекіліктің мақсаты- нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).

Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.

Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған метериалдар, т.б.

Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі ьолмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.

Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.

В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.

8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципке мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.

Шарттары:

  • Қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдеді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шемадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді.

  • Дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нәрселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана сақтау керек.

  • Әртүрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклапедияларды қолдануға үйрету.

  • Есте сақтау керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы.

  • Оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі ұмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді.

  • Жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды.

  • Әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу.

  • Қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалдарды оқып-үйренуді бастамау.

  • Оқу материалын жүйемен беру.

  • Егер оқыту қарқыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру.

  • Тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл- кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтыңыз. Әзіл- сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн.

  • Өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады.

  • Оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану.

  • Баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды.

  • Қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қортындыларды нақтылау.

  • Оқыту қиындылығын қадағалау.

  • Оқушының оқу материалына деген оң көз қарасын қалыптастыру.

  • Жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу.

  • Оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау.

9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақталған білімнің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін әуелі оңай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдары оқытылады.

Шарттары:

  • Оқытылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу.

  • Баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болуы керек екенін ұмытпау.

  • Баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру.

  • Балаларды оқыту арқылы дамыту.

  • Мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру.

  • Жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету.

  • Оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту.

  • Ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану.

  • Жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру.

  • өте асықпау!

  • Оқушыға келген ойды танымның соңы емес, басы деп түсіну.

  • Түсініктілік мұғалімнің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу.

  • Монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру.

  • Оқытудың алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру.

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

  • Оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалын талдауына көмектесу, бағыт беру.

  • Түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.


10.Ынталандыру принципі.

Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларды ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты ьолады.

Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге мінднтті.

Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:

  1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық закңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.

  3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.

  4. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.

  5. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.

  6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.

  7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.

  8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.

  9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.

  10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.

  11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.

Ынталандыру принципінің шарттары:

    • Жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;

    • Ділгірлік оқыту;

    • Компьютерлік технологияны қолдану;

    • Интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;

    • өзара оқыту (жұптық, топтық);

    • білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;

    • сыныпта жағымды микроклимат жасау;

    • мұғалімнің өз пәніне, оқушыларға оң көзқарасы;

    • Оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;

    • Білімнің оны ашқан адамдардың тағдырымен байланысты;

    • Оқыту нысандары және әдістерін түрлендіру.

11.Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі- оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балалаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекеттерінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

Оқу процесінде , сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.

Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.

Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орны ерекше.

Ізгілендіру принципінің шарттары:

  • Оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;

  • Оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;

  • Үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;

  • Баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;

  • Қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;

  • Жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;

  • Баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талап та қою;

  • Оқушының табысына шынайы түрде қуану;

  • Баланың көңіл-күйін ескеру;

  • Баланың дене кемістігін сөз етпеу;

  • Баланың өздігін баспау;

  • Балаларды басқа балалармен салыстырмау;

  • Баланың ар намысына тиетін сөз айтпау;

12.Мәселелік принцип- оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардың ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип- оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудың басталуы мәселеленің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау- мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.

13.Интеграциялау принципі.

Бұл- жалпы білім мазмұнын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция- әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәнднрдің/тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б./ өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдеуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.

Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындамайтын деуіне болмайды.

Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктері, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.

Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.Принцип дегеніміз не?

А)Заңдылық

В)Тәсіл

С)Құрал

Д)Қағида

2.Мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер:

А)Оқыту әдістері

В)Оқыту құралдары

С)Оқыту принциптері
Д)Оқыту тәсілдері

3.Оқытуға қойылатын талаптар қандай қағидаларға сүйеніп тұжырымдалады?

А)Оқыту ережелеріне

В)Оқыту принциптеріне

С)Оқыту құралдарына
Д)Оқыту әдістеріне

4.Түрлі ережелерді қолдану арқылы не орындалады?

А)Принциптер

В)Принциптердің талаптары

С)Принциптердің жүйесі
Д)Жеке принциптер

5.Ғылыми білімдерді меңгеру үшін не қолданылуы керек?

А)Пәндік байланыс

В)Пәнаралық байланыс

С)Пәндік ғылыми білімдер
Д)Ғылымнан мысалдар

6.Қай принципті қолданғанда оқушылар ізденеді, шығармашылық жұмыстар жасайды?

А)Бірізділік және жүйелілік

В)Саналылық және белсенділік

С)Ғылымилық
Д)Беріктік

7.Мұғалімнің жалған сөйлеуіне негізделген қай принцип?

А)Беріктік

В)Саналылық

С)Белсенділік
Д)Ғылымилық

8.Оқушылардың білімді меңгеруіне көмектесетін:

А)Қоршаған дүниенің санада жақсы бейнеленуі

В)Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері

С)Жеке қадамдардан (бөліктерден) тұратын оқыту процесі, сабақтастық
Д)Оқушының жаңалық ашуы

9.Дағдыларды қалыптастыру үшін не керек?

А)Ғылыми білімдерді жүйелі беру

В)Жаттығулар

С)Жаңа ұғымдарды жүйелі қайталау
Д)Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін пайдалану

10.Қай принциптің ережесінде материалдың тірек конспектісін, сызбасын жасап оқушының түсінуін жеңілдету туралы жазылған?

А)Ғылымилық

В)саналылық және белсенділік

С)Көрнекілік
Д)Бірізділік және жүйелілік

11.Оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалауды қай принцип талап етеді?

А)Көрнекілік

В)Саналылық және белсенділік

С)Беріктік
ДБірізділік және жүйелілік

12.Қай принцип баланы өз бетімен жұмысқа үйретуді, көмектесуді талап етеді?

А)Бірізділік және жүйелілік

В)Саналық және белсенділік

С)Беріктік
Д)Көрнекілік



Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы-оқушылармеңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламаның түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.

Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасынын Білім және ғылым министірлігі бекітеді.

Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаларға сүйеніп, аймақтың ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.

Авторлық оқу бағдарламалары мемлекет стандарт талаптарын ескеріп жасалады.Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламаның сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғылымдардан, педагоктардан, психологтардан, әдіскерлерден алға сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалықкеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың тандауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.

Бағдарламаларының бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыланына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдық тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланыстың жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.

Бағдарламаның оқушының меңгеру-оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі.

Оқу пәнінің бағдарламасы әртүрлі ғылымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілігін анықтайды, педагоктар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады.

Оқушыларды білім, іскерлік, дағдылармен қаруландырумен қатар, оқу бағдарламасынын өте маңызды екі қызметі бар.

1. Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген дүние туралы барлық ғылымы білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көз қарасының қалыптасуына көмектеседі.

2. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.

Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдылары қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар еңгізілген.

Оқу процесінің мазмұндағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәнінің бағдарламасын сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатароқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. Оған қойылатын талаптар:

  • қысқа, нақты, деректі материалдың еңгізілуі;

  • ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;

  • балаға түсініктілігі;

  • баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп,танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибегелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;

  • оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;

  • білімнің әр саласынан хабар беруі;

  • оқу материалына қосымша әдебиеттереңгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;

  • оқулық мәтіндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтылығы және нақтылығы болу керек.

  • қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;

  • әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;

  • эстетикалық талаптарға сай безендірілуі;

Мектеп оқулығының атқаратын қызметін оны зерттеуші Д.Д.Зуев анықтады. Оқулық ақпараттық қызмет атқарғанда балаларды керекті мәліметтермен қаруландырып, баланың дүние танымын қалыптастырып, рухани дамуына, дүниені іс жүзінде тануына мүмкіншілік жасайды.

Трансформациалық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.

Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады.

Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.

Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.

Үйлестіруші қызметі неәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.

Дамыту, тәрбие беру қызметініңнәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.

Оқыту қызметі арқылы баланың өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.

Оқыту процесіндегі басты, маңызды бөлік-оқулықтармен жұмыс, ол түсіндірумен, зертханалық, тәжірибелік жұмыстармен қатар тұрады.

Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да,үйде де ұйымдастырады.Оқушы оқулықпен өз бетімен жұмыс істеп,оқу қабілетін дамытады,есін жетілдіреді,баяндауға,талдауға,сынауға,толықтыруға,оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.

Оқулық құрамына негізгі бөлік мәтін енеді.Мәтіннен тыс көмекші бөліктер (Д.Д.Зуев):мәтіндер көркем,ғылыми,ресми,әңгімелеу,сипаттау,талқылау мәтіндері болып бөлінеді.

Мәтіннен тыс бөліктерге оны меңгеруге көмектесетін ақпараттар (сұрақтар мен тапсырмалар,нұсқаулар,кесте,иллюстрациялық материалдарға берілген түсініктер,иллюстрациялық материалдар),бағыт беретіндер(кіріспе,ескерту,қосымша) жатады.

Сонымен,оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары-білім мазмұнындағы маңызды элементтер.Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады.Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім,іскерлік,дағдыларың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.

1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып,1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.

I-IV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.)басқа да оқу құралдары жарық көрді.

Сонымен қатар 5-11сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді.Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.

Жаңа типті мектептердегі білім мазмұны



ЖОСПАРЫ:

1. Жаңа типті мектептердің білім мазмұны тарихы:

2. Даранды балалармен жұмыс.

1. Афинада V-IV ғасырда (біздің заманымызға дейін) ауқатты отбасыларынан шыққан жастар 14 жастан бастап философияны, саясатты, әдебиетті палестрада (күрес мектебі), гимнасияда (кейін гимназия) оқып, мемлекетті басқаруға әзірленген.

Я.А. Коменский 12-18 жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі және гимназия болу керек деген.Білім мазмұнына сол кездегі орта мектепте оқылған «Өнердің жеті түрін»-грамматика,риторика,диалектика,арифметика,астрономия,саз,діндерді енгізіп,бұларға қосымша жаңа оқу пәндері-физика,география,тарихты оқытуды ұсынды.Гимназияда латын,грек,ана тілдері оқытылған.6 сыныпқа грамматикалық,физикалық,математикалық,этикалық,диалектикалық және
риторикалық деген ат берілді.Ғылымды осылай жүйелеп оқыту идеясына ешкім құлақ асқан жоқ,бір ғылымнан кейін,екінші ғылым оқытыла берді.Ал XVIII ғасырдың аяғынан бастап бір мезгілде алуан түрлі оқу пәндері оқытыла бастады.Қазіргі оқу жоспарлары осы принциптің одан әрі дамуы нәтижесі.

Д.Локк,Ж.Ж.Руссо еңбек пәндерін енгізуді талап етті.XVIII ғасырдағы француз материалистері Гельвеций,Дидро орта мектептерді классикалық білімдердің көптігін айтып,нақты пәндер-математика,физика,жаратылыстану,астрономия сияқты пәндерді окытуды талап етті.

XX ғасырдың ортасында, Германияда гимназиялар классикалық, жаңа тілдер, жаратылыс математика болып бөлінді. Классикалық гимназияда латын, грек, қазіргі тілдер мен математиканы оқытуға баса назар аударған. Гимназияға негізінен ауқатты адамдардың балалары қабылданды. М.В. Ломоносов (1711-1765) гимназияның жұмыс мазмұның анықтаған.

1758 жылғы академиялық гимназия регламентінде гимназияда жалпы білім берілу керектігін, діннің керексіздігін дәлелдегісі келген. 1748 жылы «Риторика», 1755 жылы «Орыс грамматикасы» деген оқулықтарды гимназия үшін жазған. 1755 жылы Москва университеті жанынан екі гимназия ашылды. Гимназия орыс, латын, бір шетел тілі, әдебиет, математика және тарих оқытылып, балалар орта білім алды.

Осы гимназия тәжірибесіне қарап, 1758 жылы университетке түсуге әзірлейтін Қазан гимназиясы ашылған. 30 жыл бойы осы гимназиялар Ресейдің ғылымы, мәдениеті дамуына үлкен үлес қосты. 1779 жылы Ресей университеттері жанынан алғашқы мұғалімдер семинариясы ашылып, олар гимназияларға мұғалім әзірледі.

XIX ғасырдың бірінші жартысында гимназиялар әрбір қалада болды.Оған халық училищелерін бітіргендер қабылданып,4 жыл бойы білім алды.Мақсаты біріншіден университетке түсуге әзірлеу болса,екіншіден тәрбиелі адамға қажет білім беру еді.Оқу жоспарында,латын,француз,неміс тілдері,география,тарих,статистика,философияның бастауыш курсы(логика,адамгершілік)тіл поэзия теориясы,эстетика,математика(алгебра,геометрия,тригонометрия)физика,жаратылыс тарихы (минералогия,ботаника,зоология)коммерция теориясы,технология және сурет пәндері болды.Оқу жоспарында дін болған жоқ.Орыс тілі оқытылмаған.Барлық пәндер өмірмен байланыста оқытылды.

Математика мен физика мұғалімдері оқушылармен саяхатқа шығып,диірмендерді,жергілікті кәсіпорындағы әртүрлі машиналарды көрсетті.Гимназияда толықтай мемлекет қаржыландырған кітапхана,көрнекі құралдар болған.Дворянның балалары гимназия бітіріп,түрлі мемлекеттік орындарда жұмыс істеуге құқылы болған.Басқалары сенат шешімімен бастауыш және орта мектептің мұғалімдері болып жұмыс істей алды.Гимназия бітіргендер университетке түсті.

Ресейде гимназияның көбінде үстем тап балалары оқыды.Ер,қыз балалар бөлек оқыды.1915 жылы 1500-ге жуық гимназияда 450мың оқушы оқыған.Гимназияда аздаған қазақ балалары оқып,олар кейін университет бітірген.Гимназиялар 1918 жылы кеңес үкіметі жариялаған «Бірыңғай білім мектебі туралы ережеге»сәйкес жабылып,жалпы білім беретін бірыңғай еңбек мектебі болып қайта құрылды.

1990 жылы гнимназиялардың жұмысы жандана бастады. 1991 жылдан бастап гимназия, лицейлер көптеп ашылды.

Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25.

  • интеллект;

  • білім іскерлігі және дағдыларын тәжірибеде күрделі мәселелерді шешуде пайдалана білу;

  • тыңғылықты және толассыз пайдалы еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, жүйелі оқып үйренуге, ізденуге қабілет.

Элиттарлық білімді реформа әкелді. Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында жалпы білім және элитарлық білім үлгісін біріктіру ұсынылған.

Өркениетті елдер санаткерлік элитаны қалаптастыру процесіне ықпал етудің белгілі бір тәжірибесін жинақтады. Мысалы, Жапониядағы санаткерлік элитаны әзірлеу үлгісі бойынша баланың генетикалық дайын қабілеті болмайды, сондықтан оны интеллектуалдық жағынан дамыту үшін оған ерте білім беріледі. Таланттарды тәрбиелеу институты бар. Барлық азаматтар өз қабілетін дамытып, Таңдаған мамандықтары бойынша ел игілігі үшін шығармашылықпен жұмыс істеу керек.

АҚШ-та санаткерлік элитаның басқа үлгісі бар. Адамдар арасындағы интелектуалдық айырмашылықтың 80 пайызы туа біткен, 20 пайызына білім әсер етеді деген пікір қалыптасқан.Демек, дарынды балаларды ерте анықтап, оларды арнайы оқыту қажет.

Балалардың бәрі қабілетті, әңгіме оның қандай екенін анықтап, дамыта білуде. Сондықтан білімнің алуан типі бар, таланттарды іріктеу және анықтаудың арнайы бағдарламасы жүзеге асырылады.

Қазақстандық элитарлық білім үлгісі американдыққа жақын, ол таланттарды ерте анықтап, дамытуды талап етеді . Кез келген талант бағалауға тұрарлық, біреу математикаға, екіншісі – тілге, үшіншісі – ұсталық өнерге қабілетті. Осы күрделі және маңызды міндетті балаларды қабілетті мен бейімділіктеріне қарай саралауды шешу үшін дарынды балаларды анықтайтын арнайы психологиялық – педагогикалық нұсқауларды жасап, дарындарды іріктеуді балабақшадан бастау керек. «Шығармашылық дарын»
республикалық бағдарламасы бойынша талантты балалармен жұмыс жүргізілуде.

2. Мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл – ой дамуының қарқыны, баланың өз құрдастарынан озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері мен зияттылық коэффициенті осыған негізделген).Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағынан бірінші дәрежелі маңызы бар.

Дарындылықтың бағалануы тестеуге ғана негізделмеуі керек. Оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында балалардың белгілі бір мазмұндағы қарекетті атқаруы кезінде байқалады. Дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуіне арнаулы мектептер (музыка, математика, спорт мектептері, т.б.), факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркемдік өнерлерінің байқауларын өткізу және т.б. жағдай жасайды.

Дарындылық баланың қабілетінен көрінеді



Техникалық қабілет:

  • алуан түрлі тетіктер мен машиналарға қызығады;

  • үлгі, құрал, аппарат құрастырғанды жақсы көреді;

  • механизм, аппараттың жұмыс істемеу себептерін анықтайды;

  • бұзылған құрал және механизмдерді жөндейді, ескі бөлшектерден жаңа ойыншық, құралдар, бұйымдар жасайды;

  • тетіктердің сызбасын сала алады;

  • техникалық әдебиеттерді оқиды.

Музыкалық талант:

  • музыканы және музыкалық жазбаларды жақсы көреді;

  • саз әуеніне тез құлақ түріп, оны мұқият тыңдап, жадына жаттап алады;

  • жан - тәнімен беріліп музыкалық аспапта ойнап, ән айтады;

  • ән жазады;

  • бір музыка аспабында ойнайды;

Ғылыми жұмысқа қабілет:

  • абстрактілік ұғымдардан ой қорытындыларын тез шығарады;

  • басқаның және өзінің ойларын, бақылағандарын жазып алады;

  • ғылыми-көпшілік басылымдарды, ғылыми мақала және кітаптарды, ғылыми әдебиеттерді көркем әдебиеттерден бұрын бірінші оқиды;

  • әртүрлі оқиғалардың себептерін және мәнін табады;

  • өзінің жобаларына, сызбасына уақытты көп бөледі;

  • жұмыс істегенде шаршамайды.

Актерлік талант:

  • сөз жетпегенде өз сезімін бет қимылы, қимыл-қозғалысы арқылы білдіріп, жұрт назарын өзіне аудару үшін қызықты әңгімелер айтады;

  • кейіпкерге еліктеп дауысын өзгертеді;

  • аудиторияның алдында сөйлегенде, әсіресе үлкендер алдында сөйлегенді жақсы көреді;

  • сұлулықты жақсы көріп, маңызын түсінеді.

Өзгеге ұқсамайтын интеллект:

  • жақсы, анық ойлап, адам ойын тез түсінеді;

  • адамдардың іс-қимылының себептерін біледі;

  • еске сақтау қабілеті жақсы;

  • жаңа оқу материалын тез қабылдап, жадына жаттап алады;

  • сұрақтарды көп қояды;

  • кітапты көп оқиды;

  • өзіне қатысы жоқ мәселелерді көп біледі;

  • өте ақылды, өзін құрметтейді.

Спорт:

  • күшүі көп, үнемі қозғалғысы келеді;

  • соққыдан қорықпайды;

  • спорт жарыстарында жеңеді;

  • қай уақытта күреске және басқа спорт түрлеріне үйренгені белгісіз;

  • өзінің көп құрбыларына қарағанда денесі жақсы дамыған, қимыл-қозғалысы үйлесімді;

  • ешуақытта шаршамайтын әсерн туғызады;

  • спортшыларға еліктейді.

Әдеби дарындылық:

  • жазбаша және ауызша әңгімелерінде кейіпкерлердің көңіл-күйін беру үшін әдеби сөздер қолданады;

  • әңгіме, өлең, роман жазады.

Көркемөнерге қабілеті:

  • сөз таба алмаса, сурет арқылы көңіл-күйін, сөзімен білдіреді;

  • суреттерде адамдарды, жануарларды, оқиғаларды бейнелейді,

  • өнер шығармаларын талдай алады;

  • бос уақытта ермексазбен жұмыс істеп, сурет салады;

  • үйді, киімдерді безендіреді;

  • классикалық шығармаларды дұрыс бағалайтын кездері болады.



Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласында, сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, қайсыбір қарекет саласында ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды.

Баланың ең үздік жетістіктері болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер-индивидуумдық-психологиялық ерекшеліктердің қалаптасуының бір шарты, бәрі қоршаған ортаға, қарекеттің сипатына өте көп байланысты.

Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқулық жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балаларға қамқорлық қабілеттерін тдамытуды жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.

Дарынды оқушымен негізгі жұмыстың мақсаты-шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің міндеттері:

  • дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне көңіл бөліп, сол бағытта талмай жұмыс жасау;

  • дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай біліп, олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере білу;

  • жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді тауып, жұмыстың мақсатын нақты қоя білу;

  • оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмектесу;

  • педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізіп, оларды бір-бірімен байланыстыра алу;

  • дарындылықты анықтауда әр түрліпсиходиагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана білу.

  • оқушыны жақсы көру және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

  • дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу дамыту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

  • дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

  • дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылу;

  • өз пәнің мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • қызмет нысанын, яғни, бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

  • оқушы дарындылығының үлгісін білуі;

  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштермен байланысына көңіл бөлуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • дарынды оқушыны оқудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы;

  • дарынды оқушының ата-анасына әр түрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.

5-7 сыныптардың базалық оқу жоспары 1 вариантқа сүйеніп жасалынды. Оқушының бейімділігіне, қабілетіне қарай терең білім беру үшін факультатив және үйірме сағаттары әдеп және шахмат пәндерін оқу үшін пайдаланылады. Ағылшын тілі-5 сыныпта 2сағат(1 сағат үйірме, 1 сағат факультатив) 6-сыныпта 2сағат (факультатив) 7-сыныпта 1сағат (факультатив) енгізіліп отыр. Валеология, экология, сенің өміріңнің қауіпсіздігі, көшеде жүру тәртібі пәндері біріктірілген.

Дамыта оқыту, логикалық есептеуге үйрету мақсатында әр сыныпта 1 сағаттан 3 сағатқа дейін логикалық есептер шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет