Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет28/38
Дата14.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#68083
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
лек пед

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Философия мен психологиялық білімді пайдалана отырып, оқу процесінің методологиялық негізіне талдау жасаңдар.

  2. Таным мен ілім процесінің ерекшелігі және бірлігі неден тұрады?

  3. Оқу процесінің негізгі компоненттерінің иерархиялық байланысын ажыатыңдар. Олардың өзара байланысын қамтамасыз ететін негізгі методологиялық жағдайлардың бастыларын сипаттап шығыңдар.

  4. Ғылыми әдебиеттерде оқу типінің әр түрлі берілген догматикалық, түсіндірме – көркемсурет, проблемалық, программалық, саралық ұдайы дамып отыратын түрі, т.б.

  5. Қандай жағдайда қарама – қарсылық оқу процесінің қозғаушы күші бола алады? Мектеп тәжірибесінің мысалымен, оны анықтай түсіңдер.

  6. Оқу мен дамудың ара қатынасы туралы мәселені қарастырыңдар, бұл ретте қосымша әдебиетті пайдалануға тура келеді.

  7. Оқудың заңдылықтарын екі түрге бөлуге болады:

    • объективтілік, бұлпроцесіне және оның мәніні тән;

    • субъективтілік, бұл оның қатысушылық ерекшелігіне байланысты.

  8. Танымдық қызығушылық оқушылардың білімінің жетекші себебі екенін дәлелдеңдер. Ғылыми әдебиеттерде танымдық қызығушылықтың ең маңызды үш түрі берілген. Олар: оқу материалының мазмұны, оқушылардың қызығушылығын туғызу, таным мен оқу процесінің арасындағы болатын процестер. Сіздің сыныпта мұғалімдер танымдық қызығушылықтың үдемелі түрлерін пайдалана ма?


Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:


  1. Дидактика деген сөздің мағынасы:

A) оқыту;

B) білім жүйесі;

C) дәрбие;

D) даму.



  1. Мұғалім мен оқушылардың мақсаты, бірлескен іс-әрекеті арқылы таным іс-әрекетін ұйымдастыру.

A) білім беру;

B) даму;

C) оқыту;

D) тәрбие.


  1. Бұл процесте оқушылар ғылыми білім алып іс-әрекетке үйренеді.

A) тәрбие;

B) оқыту;

C) даму;

D) қалыптасу;


  1. Білім беру дегеніміз не?

A) мұғалім мен оқушылардың мақсатты іс-әрекеті;

B) мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ретке келтірілген іс-әрекеті;

C) оқушылардың таным іс-әрекетін әдейі ұйымдастыру;

D) ғылымда жинақталған табиғат, қоғам туралы білімдерді жеке адамның меңгеруі, қолдана білуі.


  1. Дидактика міндеті:

A) білім мазмұны, оқыту әдістерін, нысандарын негіздеу;

B) мұғалім меноқушылардың мақсатты іс-әрекетін ұйымдастыру;

C) оқушылардың таным іс-әрекетін әдейі ұйымдастыру;

D) оқыту процесінде мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін реттеу.


  1. Дидактиканың негізін салушы:

A) И.Песталоцци;

B) А.Дистервег;

C) А.Коменский;

D) Ж.Руссо.


  1. Сынып – сабақ жүйесін терең зерттеген кім?

A) А.Коменский;

B) Ж.Руссо;

C) К.Ушинский;

D) А.Дистервег.


  1. Дамытып оқыту принциптерін жасап, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалаушы:

A) А.Коменский;

B) И.Песталоцци;

C) Ж.Руссо;

D) А.Дистервег.


  1. Ж.Ж.Руссо қандай теорияны ұсынды?

A) дамытып сқыту;

B) көрнекілік;

C) өмірмен байланысы;

D) баланың қажеттіліктерін қанағаттандыратын;


  1. К.Д.Ушинский:

A) бастауыш менктептің негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға үлкен үлес қосқан;

B) өмірмен байланысы жоқ мектепті сынаған;

C) кітап сөзін көп қолдануға қарсы болды;

D) баланың белсенділігін көтеруді ұсынды.


  1. “Оқытуды ақыл – ой тәрбиесінің негізгі құралы” – деген кеңес педагогы:

A) А.С.Макаренко;

B) В.А.Сухомлинский;

C) Н.К.Крупская;

D) А.В.Луначарский.


  1. Ынтымақтастық педагогикасы қашан пайда болды?

A) XIX ғ. 90 ж.

B) XX ғ. 80 ж.аяғында

C) XX ғ. 90 ж.

D) XX ғ. 80 ж.басы.


  1. Ынтымақтастық педагогикасының дәстүрліден айырмашылығы:

A) балалармен ынтымақ, қиын ақсатқа жетуге жігерлендіру;

B) өнімді еңбек;

C) зерттеу жұмыстары көп;

D) өз бетімен оқу көп.


  1. Ынтымақтастық педагогикасы маңызды міндет деп санайды:

A) білімді меңгертеді;

B) дағдыға үйретеді;

C) баланың оқуға ынтасын оятады;

D) тәртіп сақтайды.


  1. Ы.Алтынсарин “Қырғыз хрестоматиясын” қашан жазды?

A) 1889 ж.

B) 1879 ж.

C) 1888 ж.

D) 1870 ж.


  1. А.Байтұрсынов - ...

A) орыс талін оқыту әдістемесінің негізін салушы;

B) дидактиканы тәржімелеген;

C) баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді;

D) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы.


  1. Тұңғыш әліппе жазып, оны сауаттандырудың басты құралы еткен:

A) А.Байтұрсынов;

B) М.Жұмабаев;

C) Ж.Аймауытов;

D) М.Дулатов.


  1. Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін салушы:

A) А.Байтұрсынов;

B) М.Жұмабаев;

C) Ж.Аймауытов;

D) М.Дулатов.


  1. Ж.Аймауытов қай еңбегінде, қай жылы оқыту теориясы жөнінде жазды:

A) “Тәрбие жетекші”, 1924;

B) “Психология”, 1926;

C) “Дидактика”, 1924;

D) Дұрыс жауабы жоқ.


  1. Зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсеткен?

A) А.Байтұрсынов;

B) М.Жұмабаев;

C) Ж.Аймауытов;

D) М.Дулатов.


  1. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін:

A) оқыту керек;

B) ойлау операциясы керек;

C) оқуға ынтаны ояту;

D) бала қажеттілігін ояту керек.


  1. Дамытып оқытудың негізгі ережесі:

A) білім, іскерлік, дағдыға үйрету;

B) оқуға ықыласын арттыру;

C) зейінді тәрбиелеу;

D) оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, іздендіру, зерттеу, жаңа білімді өз еріктерімен меңгерту.


  1. Оқушылардың білімі ненің нәтижесі?

A) оқу материалдарын меңгеру нәтижесі;

B) оқуға қызығушылықтың;

C) оқуға ынтаның;

D) Барлық жауабы дұрыс.


  1. Оқушылардың білімді қалай меңгергенін қандай құжаттарға сүйеніп анықтайды?

A) білім беру тұжырымдамаларына;

B) бағдарлама, оқулықтарға;

C) күнтізбелік – тақырыптық жоспарға;

D) оқу жоспарына.


  1. Қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі:

A) іскерлік;

B) дағды;

C) білм;

D) білім алу;


  1. Білімнің аса маңызды қасиеттері:

A) тұрақты, терең;

B) толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді;

C) өздігі, тереңдігі;

D) белсенділік, өздік, өнім, сыншылдық.


  1. Іскерлік дегеніміз не?

A) табысты іс-әрекет;

B) табысты іс-әрекет;іс-әрекетке керек тәсілдерді дұрыс таңдап, қолданып, сапалы жұмыс істеу қабілеті;

C) белгілі бір жағдайда жақсы жұмыс істеу;

D) өнімді жұмыс істеу.


  1. Дидактиктер қандай іскерліктерді белгіледі?

A) теориялық, тәжірибелік;

B) танымдық;

C) ес, қабылдау, ойлау;

D) арнайы іскерлік.



  1. Өте маңызды оқу іскерліктері:

A) арнайы, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру, ақыл – ой;

B) өлшеу, есептеу, реактивтерді, қолдану;

C) бақылау, жүргізу, тәжірибе жасау;

D) әдебиетпен жұмыс.


  1. Арнайы іскерлік:

A) оқу материалымен жұмыс істей білу;

B) оқу материалдарын меңгеру;

C) оқу материалдарын талдау;

D) жұмысын безендіру.


  1. Оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі:

A) талдау, жинақтау;

B) қорытындылау, саралау;

C) салыстыру, ұқсату;

D) оқу жұмысын бақылау, керек жағдайда түзету, өз іс-әрекетін басқару.


  1. Дағды дегеніміз не?

A) табысты, тиімді орналасатын іс-әрекет;

B) іс-әрекетті жақсы атқаруға керек жұмыс тәсілдері;

C) іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі;

D) адамның жаңа жағдайда сапалы жұмыс істей алуы.


  1. Ақыл – ой дағдылары:

A) тез талдау, жинақтау, салыстыру;

B) жұмысын безендіру;

C) өз жұмысын бақылау;

D) өз жұмысын басқару.


  1. Тілдік дағды:

A) әдебиеттерді оқи білу;

B) сөздікпен жұмыс істей білу;

C) сөйлемдерді дұрыс құру, дәлелді сөйлеу, көркем жазу;

D) барлық жауабы дұрыс.


  1. Іс-әрекет бөліктері ненің нәтижесінде автоматтандырылады?

A) көрнекіліктің;

B) тәжірибелік жұмыстардың;

C) жаттығудың;

D) үйренудің.


  1. Автоматтандырылған дегеніміз не?

A) істі шапшаң жасау;

B) көп күш жұмсамай жасау;

C) іс-қимылдарды жақсы атқару;

D) барлық жауап дұрыс.


  1. Оқытудың білімдік қызметі:

A) біліммен қаруландырып, өз бетімен алуға үйрету, іскерлік, дағдыға үйрету;

B) ой тұрақтылығын тәрбиелеу;

C) ой тереңдігін қалыптастыру;

D) толық, жинақы білім беру.


  1. Тәрбиелік қызметі:

A) оқушының дүниетанымын қалыптастыру;

B) білімді сенімге айналдыру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру;

C) моральдық нормаларды игеру;

D) барлық жауабы дұрыс.


  1. Оқытудың дамыту қызметі:

A) адамгершілік қасиетін қалыптастыру;

B) өмірге білім алуға үйрету;

C) мінез – құлық нормаларын игеру;

D) тілін, ақыл ойын, ерік – жігерін, қажеттіліктерін, себептерін дамыту.


  1. Қай әдіс баланы дамытуға бағытталған?

A) түсіндіру;

B) бағдарламалық;



C) проблемалық;

D) жаттығу.


  1. Қазіргі оқыту ең алдымен баланың қандай жеке тұлғалық сапасын дамытуға бағытталған?

A) ерік – жігерді;

B) сезімді;

C) ақыл-ойды;

D) қажеттілікті.


Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары



Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары






Ақыл-ой қабілетін, іскерлігін дамыту

Мақсаты

Педоцентристік

Қазіргі дидактикалық жүйе

Дәстүрі

Ақыл-ой іскерлігін, білімді қалыптастыру

Мақсаты



Мақсаты




Білімді қалыптастырып, оқушыларды дамыту

ЖОСПАРЫ:



  1. Негізгі дидактикалық тұжырымдама.

  2. дәстүрлі дидактикалық жүйе.

  3. педоцентристік дидактика.

  4. қазіргі дидактикалық жүйе.




  1. оқыту процесі психология – педагогика тұжырымдамаларынасүйенеді, оларды дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүиеге енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі дидактикалық жүйелер. әрқайсының негізгі бағыттары, ғалымдардың теориясы бар. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады. Ол А.Я.коменский, И.Песталюцци және И.Гербарттың дидактикасынан тұрады.


Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В.Лай (1862-1926) дидактиканың жүйелері жатады.

  1. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) есімімен байланысты. Оқыту мақсаты – оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принціпін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.

Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөледі. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады. Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып береді. Мұнан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.

XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, балагың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдың басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.



  1. Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері,қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты – баланың жақсы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту емес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сәйкс пікірлер, айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрейне, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талдатпайды. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.

  2. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты – оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту(П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Бруннер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.

Бырыңғай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нәрсе бар. Көптеген оқу тәсілдері, оқыту мақсатын – тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркем өнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:



  1. Дидактикалық жүйеге енетіндер:

A) Тәрбие принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары;

B) Оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары;

C) Зерттеу жұмысы принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары.


  1. Дидактика пәні:

A) Тәрбие процесі;

B) Оқыту процесі;

C) Еңбек процесі;

D) Ойын процесі.




  1. Қай жүйеде мұғалім іс-әрекеті басым?

A) Педоцентристік;

B) Дәстүрлі;

C) Қазіргі дидактикада;

D) Дұрыс жауабы жоқ.




  1. Қай тұжырымдама бойынша оқыту процесіндегі негізгі рөлді бала іс-әрекеті атқарады?

A) Дәстүрлі;

B) Педоцентристік;

C) Қазіргі дидактикада;

D) Дұрыс жауабы жоқ.




  1. “Оқыту екі жақты процесс. Ол оқыту мен оқудан тұрады. Екеуімен де дидактика айналысады”- деген қандай тұжырымдама?

A) Педоцентристік;

B) Дәстүрлі;

C) Қазіргі дидактикалық жүйеде;

D) Когнитивтік.




  1. Оқыту процесі қандай тұжырымдамаларға сүйеніп жүреді?

A) Психологиялық;

B) Педагогикалық;

C) Психологиялық – педагогикалық;

D) Дұрыс жауабы жоқ.




  1. Оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары.

A) Дидактикалық жүйе;

B) Дидактикалық тұжырымдама;

C) Дидактикалық қағидалар;

D) Барлық жауап дұрыс.




  1. Дидактикалық жүйе неше топқа бөлінеді?

A) 4;

B) 5;


C) 3;

D) 6.



  1. Тұжырымдама неге 3 топқа бөлінеді?

A) Дидактика пәніне байланысты;

B) Оқыту мақсатына байланысты;

C) Оқыту мазмұны;

D) Оқыту әдісі.




  1. Дидактика пәні:

A) Оқыту мазмұны;

B) Оқыту әдісі;

C) Оқыту процесі;

D) Оқыту принципі.




  1. Қай жүйеде мұғалім іс-әрекеті оқыту процесінде үстем?

A) Педоцентристік;

B) Қазіргі;

C) Дәстүрлі;

D) Психологиялық;




  1. А.Я.коменский, И.Песталюцци, И.Гербарт қай дидакиканың өкілдері?

A) Дәстүрлі;

B) Педоцентристік;

C) Қазіргі;

D) Когнитивтік.




  1. Қай тұжырымдамада оқыту процесінде баланың іс-әрекетіне негізгі рөл беріледі?

A) Дәстүрлі;

B) Педоцентристік;

C) Қазіргі;

D) Когнитивтік.




  1. Д.Дьюй, Г.Кершенштейнер, В.Лай қай педагогика өкілдері?

A) Педоцентристік;

B) Дәстүрлі;

C) Қазіргі;

D) Когнитивтік.




  1. Оқыту процесінде оқыту және білім алу қатар жүру керек деген пікірді ұсынатын қай тұжырымдама?

A) Қазіргі;

B) Педоцентристік;

C) Дәстүрлі;

D) Психологиялық.




  1. Қазіргі тұжырымдамалар дидактиканың пәніне қандай категорияларды енгізеді?

A) Оқыту;

B) Білім алу;

C) Оқыту, білім алу;

D) Психологиялық.




  1. “Оқыту мақсаты оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерін, ұғымдарды, теориялық білімдерді қалыптастыру”- деген кім?

A) Д.Дьюй;

B) В.Лай;

C) И.Гербарт;

D) Г.Кершенштейнер.




  1. Тәрбие беру арқылыоқыту принціпін ұсынған кім?

A) Г.Кершенштейнер.

B) И.Гербарт;

C) Д.Дьюй;

D) В.Лай.




  1. Тәртіпке баса назар аударған, оны жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі құрал деп қараған педагог:

A) И.Песталоцци;

B) Г.Кершенштейнер.

C) И.Гербарт;

D) В.Лай.




  1. Оқыту процесінің құрылымы: баяндау, түсіну, жинақтау қолдану. Бұл кезеңдерді міндетті деп санаған педагог кім?

A) Я.Коменский;

B) И.Гербарт;

C) И.Гербарт;

D) В.Лай.




  1. Зерттеу әдісін қолдануды ұсынған:

A) В.Лай.

B) И.Гербарт;

C) Д.Дьюй;

D) Я.Коменский;




  1. Өнімсіз, уақыт көп кетеді деп есептелетін оқыту түрі:

A) Дәстүрлі;

B) Педоцентристік;

C) Дәстүрлі;

D) Бағдарламалық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет