Жоспар: Сыныптан тыс жұмыстың функциялары



бет5/6
Дата30.01.2022
өлшемі40,14 Kb.
#116291
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сыныптан тыс жумыс

Эстетикалық тәрбиелеудің – сыныптан тыс жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қадағалайды. Мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдің пәндері көп орын алмаса да, осы ісәрекеттің өзі ерекше мағыналы екені көрініс табады.

Мектеп эстетикалық тәрбиенің төмендегідей мәселесін шешеді: эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыру, жақсылықты қабылдай алу, одан ләззат алып, қоршаған ортаға өз үлесін қосу; табиғат, қоғам және адам тәртібіндегі сұлулық туралы ойын дамыту, шығармашылық қабілеттілікті, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру; шығармашылық дүниетанымның кеңейтілуі, оқушылардың өнер саласымен танысуы.

Сыныптан тыс жұмыстар қатарына информатикада компьютерлік графикада жұмыс істеуі мүмкін, анимация және музыка, мультимедиалық, гипермәтіндік және әдеби жобалары. Оқушылардың көпшілігінің қызығушылықтары Web-графика, дизайн, интернет-шығармашылықтары болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық топтарының қызықты формаларынің бірі - журнал немесе газет дайындау. Компьютердің көмегімен өңделген электрондық түрде немесе Интернетке мектеп сайттарында көрсетілуі мүмкін. Эстетикалық дамудың шексіз мүмкіндіктері компьютерлік анимациялы мектептік студияларды ашады, олар тек қана оқушыларға ғана емес мультипликациялық фильмдерді жасау және жас көрермендерді тәрбиелеуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар үшін үлкен қызығушылық туғызатын мектептегі бейне-студиялар болып табылады. Мұғалімдер компьютерлік технология арқылы әдеби бейне-фильмдерді мультипликацияларды жасауға мүмкіндік алады.

Бұл іс-әрекеттердің қызық жері - компьютерлік өнердің әртүрлі көрсетілімдері. Оқушылардың ең басты көзқарасына экономикалық, экологиялық көзқарастары жатады. Олар компьютерлік жобаларды қолдануда қалыптасады. Әрбір мектеп және мектептен тыс мекемелер өздерінің сыныптан тыс жұмыстарының мазмұнын өздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектептерде бірдей емес. Оған мына факторлар әсерін тигізеді:



Мектептің дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы: егер мектептің пәндік бейіні болса, онда сыныптан тыс жұмыста танымдық аспектілердің үстем болуы. Әдеби, экономикалық, физикалық, математикалық және т.б. тәрбие, соған сәйкес кәсіби мектептермен сыныптарға тән.

Жас ерекшеліктері, сыныбы, оқушылардың жеке мінездемелері.

Компьютерлік техниканың мүмкіншіліктері, ерекшеліктері, информатика кабинетінің кесте бойынша жүктемесі.

Мұғалімнің өз ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, икемділігі және талаптары.

Егер мұғалім оқушыға білім беруде жоғары нәтижеге жетуге тырысса, онда сыныптан тыс жұмыста мақсатқа жету үшін танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырады.

Сонымен қатар, оқудан тыс танымдылықтың көлемі қиындық деңгейімен ғана сәйкес келмей, үйренушілердің жеткен деңгейлерінен асып түсуде, жан-жақты дамумен сәйкес келуі керек. Сыныптан тыс жұмыстың формалары



Сыныптан тыс жұмыстардың формалары – бұл мазмұнына қарап қойылатын талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс формаларының саны орасан көп болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп жіктеуге болады (4.1-сурет). Сыныптан тыс жұмыстарды жекетоптық және көпшілікті біріктіруі бойынша, ал жеке және көпшілікпен фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.

Жеке жұмыс – өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушының өздік іс-әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі.

Баланың санасында өзін-өзі кемелдендіру, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл үрдісті тұлғаны әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырылымдалады.



Жеке жұмыстың тиімділігі, қойылған талапқа сай, жеке жұмыстың формасын дәл таңдаудан басқа, баланы әрекеттердің қандайда бір формаларыне икемдеу болып табылады.

Сыныптан тыс жеке жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды дамуы үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң «Мен-концепциясын» қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.



Үйірмелік (топтық) сыныптан жұмыс оқушылардың ғылымның, техниканың, көркемөнердің, спорттың белгілі аймақтарына қызығушылықтарын анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бағдарламалық материалдан алған білімдерін тереңдетуге, жаңа мәліметтерді білуге, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Үйірме - информатика бойынша оқудан тыс әрекеттердің негізгі түрінің бірі. Оның жұмысының мазмұны негізінен оқушылардың дайындығымен және қызығушылықтарымен анықталады, әйтсе де кейбір жағдайда бағдарлама да болады. Компьютердің көптеген мүмкіндіктеріне (компьютерлік графика, компьютерлік модельдеуді бағдарламалау және т.с.с.) байланысты информатика бойынша үйірмелердің бағыттары әртүрлі болуы мүкін.

Үйірмеде сабақтардың әртүрлі типтері өткізіледі. Олар: баяндамалар, жобалар жасау жұмысы, кабинет үшін әртүрлі көрнекі құралдар жасау, зертханалық жұмыстар, интерактивті тақтаның флипчарт технологиясын игеру және оларды дайындау, виртуалды саяхаттар және т.с.с. болуы мүмкін.

Үйірменің жұмысы күнделікте тіркеліп отырады. Есептік шараларды: кеш, конференция, көрме, байқау түрінде өткізуге болады. Кейбір мектептерде үйірме жұмысының қорытындысы, жыл бойы жасалған жұмыстың байқауын тәмәмдайтын мектептік мейрамда өткізіледі. Мысалы, информатика бойынша жалпы мектептік апта өткізілгенде.

Жұмыстың бірлестіру формаларына мектеп мұражайы, клубтар, қоғамдар, уақытша ұжымдар және т.с.с. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет