Жоспардың тарауы: 2а заттардың тасымалдануы



бет1/3
Дата22.11.2019
өлшемі372,2 Kb.
#52303
  1   2   3
Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.2А Заттардың тасымалдануы



Күні:18.11.2019;

Сынып: 8

Мектеп Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалім: Уразалиева А.



Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау

8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру



Сабақтың мақсаты

1.Иммунитеттің не екенін анықтау.

2.Лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау.

3.Гумoральдық және жасушалық иммунитеттің ерекшеліктерін салыстыру арқылы иммунитеттің тірі ағзалар үшін маңызына баға беру.


Бағалау критерийі

- иммунитеттің не екенін анықтайды.

- лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттады.

- гумoральдық және жасушалық иммунитеттің ерекшеліктерін салыстыру арқылы иммунитеттің тірі ағзалар үшін маңызына баға береді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Иммунитеттің не екенін анықтап, маңызын анықтап.

Пәнге қатысты лексика және терминология

Иммунитет,лейкоциттер,нейтрофилдер, лимфоциттер,

моноциттер,эозинофилдер,базофилдер


Құндылықтарға баулу

Жұптық, топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта болу, бір-бірін сыйлау, құрметтеу. Оқушыларды өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп,іздену қабілетін арттыру.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,шығармашылыққа баулу.


Пән аралық байланыс

Жаратылыстану, медицина, информатика, әдебиет

Алдыңғы білім

7 сынып биология, 8 сынып Қанның құрамы мен қызметі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

Үй тапсырмасын тексеру

3 мин


1.Оқушылардың назарын шоғырландыру,ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқу мақсатын анықтау, күтілетін нәтижені айқындау.

Топтастыру: «Атомдар мен молекулалар». Оқушылар ынтымақтастыққа, жылдамдыққа бейімделеді.

Мұғалім «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, мұғалім «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.

Үй тапсырмасын тексеру: «Фасоль салынған қапшық» әдісі /Жеке жұмыс/ (Сұрақтар жеке оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.)

1.Қан плазмасында әртүрлі заттар көп болатынын түсіндір?

2.Тромбтың қашан және қалай түзілетінін айт ?

3.Қаназдық дегеніміз не ?

4. Эритроциттердің қызметін сипатта ?

5. Қан плазмасы неден тұрады ?

6. Қан плазмасы құрамында болатын еритін нәруыздардың рөліне мысал келтір ?



7.Лейкоциттердің құрылысы мен атқаратын қызметін анықта ?

ҚБ: оқушыларды смайликтер арқылы мұғалім бағалайды.






Сабақтың ортасы
3 мин

20 мин


6 мин

5 мин


«Адасқан әріптер» әдісі. Тақырып ашылады. /Топтық жұмыс/

Заныңағ (ағзаның), ларғажұқпа (жұқпаларға), нетөб (бөтен), бөлтергешек (бөлшектерге), сықар (қарсы), рутұ (тұру), қатісие (қасиеті).

Ағзаның жұқпаларға бөтен бөлшектерге қарсы тұру қасиеті. (иммунитет)


  • Ағзаға қандай бөтен бөлшектер түседі ?

  • Ағзалардың қарсы тұру қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер ?

Дискриптор:

1.Барлық оқушылар берілген әріптерден сөз құрайды.

2.Көптеген оқушылар құралған сөздерді мағына тұрғысынан өзара байланыстырады.

3. Кейбір оқушылар сөздерді байланыстыру арқылы анықтамадан тұжырым жасайды.



ҚБ: «Уш шaпaлaқ»

Жаңа тақырып. Мәтінмен жұмыс. «Топтас, талқыла, бөліс» әдісі /Топтық жұмыс/ Топтарға тапсырма бөлініп беріледі, оқушылар алдымен жеке, топта оқиды, талдайды. Бір баяндамашы өз тақырыбын басқа топтарға сағат тілімен ауысып түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет