• 18 жасқа дейінгі мектепке және де мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды білім беру мекемесіне барып жүргізіледі. • 18 жасқа дейінгі мектепке және де мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларға жергілікті МСАК көрсететін ұйымдарда жүргізіледі.
18 жасқа дейінгі балаларды скринигтік тексеру сатылары
Дайындық сатысын- МСАК ұйымының орта медициналық қызметкері жүзеге асырады:күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік қарап-тексеруге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін құру және ата аналарына скринигтен өту қажеттілігі туралы хабар беру; Скрининг сатысы- дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған сатыларды қамтиды; мекеменің орта медицина қызметкері жүргізеді. Дәрігерге дейінгі; орта медициналық қызметкер 1) бойы мен дене салмағын анықтау; 2) ерте шақтағы балалардың (3 жасқа дейінгі) басы және кеудесінің көлемін өлшеу; 3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау; 4) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан үлкен жастағы балалардың); 5) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан үлкен жастағы балалардың); 6) көру өткірлігін анықтау; 7) есту жітілігін анықтау. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу; 8) тексеріп-қарау деректері бойынша бастапқы медициналық құжатты рәсімдеу.
Педиатриялық саты
Педиатриялық саты
1) тері жабындарын және бастың шашты бөлігін қарап-тексеру; 2) көзге көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап-тексеру: 3) перифериялық бездерін қарап тексеру; 4) жүйелі ағзалардың қызметін зерттеулер арқылы тексеру 5) Үш-төрт ай аралығындағы балаларға сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі;