Байланысты: жүрек қан тамыр жетіспеушілігі реферат
Жүрек жетіспеушілігінің айырмашылықтары Жүрек астмасында науқасты қарағанда: ортопноэ, акроцианоз болады, салқын тер басады. Пальпацияда: ЖҰТ солға және төмен ығысады. Пульс жиілеген, толықтығы мен қаттылығы өте азаяды. Жүрек ырғағының бұзылуы жиі кездеседі. Перкуссияда: Жүректің сол жақ шекарасы солға және төмен ығысады. Аускультацияда: Жүрек тондары өте әлсіреген. Шоқырақ ырғақ, тахикардия болады. Өкпенің төменгі және артқы жағынан ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі. Өкпенің ісінуі — өкпе веналарындағы қысым 25-30 мм сын. бағ. биіктеген кезде дамиды. Оның дамуына сол қарынша шамасыздығын арттыратын басқа бір теріс факторлардың қосылуы септігін тигізеді, мәселен в-адреноблокаторлар, барбитураттарды немесе тахикардияны туғызатын, сұйықтықтың іркілуіне алып келетін дәрмектерді колдану. Өкпенін ісінуі, көбіне АҚ биіктеуінен, сүйықтыкты көп мөлшерде тамшылатудан, осмостық диуретиктерді қолданудан немесе миокардтың ауыр зақымдалуынан болады. Клиникалық көрінісі — көбіне ұйқының немесе ангинальдік ұста- маның кезінде наукас кенет ентігіп жөтеле бастайды. Басында жөтел құрғақ. Ауаның жетіспеуінен науқас терезені ашуға ұмтылады, төсекте аяғын төмен түсіріп сүйеніп отырады. Шамасы келсе, науқас иық белдемесін бекіп, яғни қолдарын тіреп отыруға тырысады; қосымша бұлшықеттердін барлығы тыныс қимылына қатысады. Науқас қиналып тынышсызданады, өлім қорқынышы пайда болады. Оның үрейленген көздері дәрігерге үміт күтумен қадалып қарайды. Жүректен шоқырақ ырғағы, өкпе артериясында II тонның акценті, жарыкшақтануы естілуі мүмкін, Көбіне өкпенің шулы тынысы жүрек тондарын естіртпейді. Өкпе ісінгенде альвеолаларда сүйықтық жиналады, жиналған сүйықтық көбікке айналады. Көбікті сүйықтық альвеолаларды толтырғаннан кейін бронхиолалар бойымен бронхтарга, трахеяға жетеді. Содан кейін ауыз бен мұрыннан шыға бастайды. Өкпе артерияларында қысым аса биіктегенде эритроциттер сүйықтыққа шығады, сондықтан көбікті сүйықтықтың түсі қызғылттанады. Тыныс жолдарының көбікпен бітелуі, суға бату механизміне үқсас, өлімге әкелуі мүмкін (өз сүйықтығына батып өлу). Өкпе ісінуінің жеделдеу немесе созылыңқы барыстары жүректің туа немесе жүре біткен ақауларында, өкпенің қабыну процесінде, бүйрек, бауыр шамасыздығында байқалады. Бүл жағдайларда өкпенің ісінуі 10-12 сағатқа дейін созылып, бір басылып, бір көтеріліп, толқын тәрізді дамиды. Оң қарыншалық белгілер Оң қарыншалык белгілер (оң қарынша шамасыздығының белгілері) — үлкен шеңбердегі веналық іркіліспен білінеді. Қуыс веналар жүйесінде қысым биіктейді, мойын веналары ісінеді, пульсациясы күшейеді. Бауыр тығыздалып, ұлғаяды және шеті жұмырланады. Бауырды басса мойын веналары томпаяды. Ұзаққа созылған бауырдағы іркіліс портальдік гипертензияға, спленомегалияға және асцитке әкеледі. Бауыр жасушалары, әсіресе, бөліктер орталығындағы, гипоксиядан некрозға ұшырауы мүмкін. Бауырдың осылайша зақымдануынан науқас сарғаяды, билирубин мен аминотрансферазалар жоғарылайды. Ісіну — басында тек кешкілікте аяқ басында, тобықтарда пайда болып, танертеңге дейін жойылады. Кейін, ісіну ұлғая келе тұрақты сақталады және балтырға, санға, бел аймағына, құрсақ қабырғасына тарайды. Ауыр түрінде ісіну бүкіл денеге тарап, гидроторакс, анасарка деңгейіне жетеді. Ісінудің себебі — шеттік ұсақ тамырларда, капиллярларда гидростатикалық қысымның биіктеуі, гипоксемия әсерінен тамыр қабырғалары өткізгіштігінің артуы және организмде натрий мен судың жиналуы. Сұйыктықтың іркілісінен жеңіл жалпы ісіну сол қарынша шамасыздығында да байқалуы мүмкін. Гидроторакс — көбіне оң жақты плевралық веналарда қысымның жоғарылауынан болады. Париетальдік плевраның веналары үлкен шеңбердің, ал висцеральдік плевраның веналары кіші шеңбердің жүйесіне жатады. Сондыктан гидроторакс үлкен және кіші шеңбердегі іркілістің екеуінде де бола береді. Асцит —бауыр веналарында және іш пердесі веналарыңда қысымның биіктеуінен болады. Аса көлемді асцит үш жармалы қақпақтың шамасыздығында және констрикциялық перикардитте байқалады. Оң карынша шамасыздығының дара түрі сирек кездеседі (өкпетекті журек түрінде), кәбіне ол сол қарынша шамасыздығымен бірге жүреді.
Жедел жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жедел жәрдем: Тыныс орталығының қажуы мен өкпе ісінуін болдырмас үшін тезарада басталуы тиіс Толықтай төсектік режим. Қысып тұратын киімдерді шешу. Жылытқыш (Грелка) қою. Кислород беру Көктамырішілік коргликон немесе строфантин тезарада беру!!! 10—15 мл изотониялық ерітіндісі не 20% глюкоза ерітіндісі. Реттік дозасы 0,006% коргликон: 1 жас — 0,1 мл; 2—3 жас— 0,2 мл; 4—7 жас — 0,3—0,4 мл; 7 жастан асса — 0,5—0,8 мл. Реттік дозасы 0,05% строфантин ерітіндісі:Жасқа дейінгі балаларға— 0,05—0,1 мл; •2—3 жас —0,1—0,2 мл; 4—7 жас — 0,2—0,4 мл.