Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.
Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде қой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталкаракөл» – қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.
Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.
Қорытынды
Қорытындылай келе еліміздегі жеңіл өнеркәсіп дамып келе жатыр.Бірақта еліміз әліде ішкі нарықта халықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етуде әліде тыңғылықты жұмыс атқаруы қажет.Еліміздің негізгі жеңіл өнеркәсіп орталығы ретінде құрылған дамып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан аймағы.Қайткенменде Қырғызстан,Қытай ,Түркия мем лекеттерінің өнімін пайдаланып отырмыз.Жүн иіру оны пайдалануға мемлекет назар аудармай біз дами алмаймыз. Еліміздегі де жеңіл өнеркәсіп дамып келе жатыр.Бірақта еліміз әліде ішкі нарықта халықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етуде әліде тыңғылықты жұмыс атқаруы қажет.Еліміздің негізгі жеңіл өнеркәсіп орталығы ретінде құрылған дамып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан аймағы.Қайткенменде Қырғызстан,Қытай ,Түркия мем лекеттерінің өнімін пайдаланып отырмыз.Жүн иіру оны пайдалануға мемлекет назар аудармай біз дами алмаймыз.Болашақт а өз өнімізді өндіріп пайдаланамыз деген үміттемін.
Пайдаланған әдебиет
1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. Алматы, 1997ж.
2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000ж.
6. Жанакенов Л.А Өнеркәсіп кешені. Алматы, 1987.
8. Занков Л.В. Избранные труды, Москва, 1990
9. Тәжібаев Т. жалпы психология, Алматы, 1998ж.
Достарыңызбен бөлісу: |