Жоспары Кіріспе Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік және технологиясы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті құрастыру Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе


Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті құрастыру



бет3/5
Дата01.05.2020
өлшемі20,77 Kb.
#65286
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жеңіл өнеркәсіп

2.Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті құрастыру

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары мол. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді.Бұл сала жоспарлы экономикада негізгілердің қатарына жатқызылған жоқ. 1990 жылдардың басында оның құрал-жабдықтарының 70%-ы 10 жыл бұрынғы ескі болатын. Экономикалық дағдарыс жылдарында ол мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалды. Арзан (көбінесе сапасыз) шет елдік тауарлар «толқыны» Қазакстанның жеңіл өнеркәсібін жайпап өтті. Жұмыскер саны мен өнім өндіру 10 есе, ал аяқ киім тігу 1000 есеге қысқарды. Қазіргі кездегі елдің өнеркәсібіндегі оның «үлесі» бар болғаны 1%-ды құрайды (1990ж – 15%). Кәсіпорындардың бір бөлігі үкіметтің армия мен полицияға аяқ киім мен формаға тапсырыс беруі арқасында ғана «аман қалды».Қазіргі кезде жеңіл өнеркөсіпте оң өзгерістер байқалады. Бірақ, оған Қазақстан индустриясындағы алдыңғы қатарлылардың бірі болуы үшін көп нәрсе жасау керек.Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар. Оның негізгілері — тоқыма, тігін, мақта-мақга, былғары, тері илеу салалары. Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.Жеңіл енеркәсіп (кей жағдайда болмаса) – материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала – тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Мата шығару өңдеудің 4 сатысынан өтеді.

Бірінші сатысы – металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дөнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан ал, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояу, бетіне өрнек салады (әрлеу).1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т. астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан, бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе өрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет