Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/3
Дата18.11.2022
өлшемі62,07 Kb.
#158760
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат жасмина




Реферат
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар
Орындаған: Куримбаева Жасмина
Тобы: ХТ229к3
Қабылдаған:Токтибаева Кадиша

Шымкент, 2022 ж.


Жоспары

  • 1. Кіріспе

  • 2. Негізгі бөлім

  • 2.1 Жай және күрделі заттар
    2.2 Бейорганикалық заттар

  • 2.3 Бейорганикалық қосылыстардың кластары

  • 2.4 Оксидтер, қышқылдар, тұздар сипаттамасы

  • 3. Қорытынды.

  • 4. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Бейорганикалық қосылыстар — химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органикалық және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі химия ғылымы Бейорганикалық қосылыстардың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды бейорганикалық қосылыстарға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-сы т.б.), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы т.б.), физ.-мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т.б.), электрфиз. (электр өткізгіштігі, концентраттануы т.б.), оптикалық, магниттік т.б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды бейорганикалық қосылыстардың ішіндегі ең қарапайымдары — екі элементтен құралған бинарлы заттар. Олар құрамына байланысты кластарға (мыс., гидридтер, оксидтер, галогенидтер) жіктеледі. Бұлардың атаулары анион түзуші элементтің атына -ид жалғауын қосудан шыққан. Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Мыс., азот оттекпен қосылып 5 түрлі оксид береді. Олардың (дальтонидтер) құрамы тұрақты, құрылымы молекулалық болып келеді. Бинарлы қосылыстардың ішінде құрамы тұрақсыз, өзгермелілері де кездеседі (бертоллидтер). Бинарлы қосылыстар ионды (тұзтектес), ковалентті және металл тектес болып 3 түрге бөлінеді. Олардың қатарына интерметалдық қосылыстар да жатады (мыс., мыстың құймалары — қола, жез). Бинарлы қосылыстардың өзара әрекеттесуінен күрделі бейорганикалық қосылыстар шығады. Олардың құрамына үш не одан да көп элементтер енеді. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Тұздар өз кезегінде қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады. дың көпшілігі хим. өнеркәсібінің маңызды өнімдері болып табылады. Қазақстанда олардың көптеген түрлері, мыс., фосфор, хлор, оттек, сутек, көміртек, кремний т.б., түсті металдар (алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын, титан, ванадий, қалайы т.б.), бинарлы қосылыстар (кальций карбиді т.б. бейорганикалық қосылыстар), металдық негіздер (сілтілер), аммоний гидроксиді (мүсәтір спирті), түрлі қышқылдар, тұздар, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары, тотияйын, ашудастар т.б. заттар өндіріледі. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің және микроорганизмдердің жасушалары химиялық құрамы жағынан өзара ұқсас келеді, мұның өзі органикалық дүниенің біртүтастығын көрсетеді. Жасушалар құрамынан И. Д. Менделеевтің периодтык жүйесіндегі 110 элементтің 80-ге жуығы табылған. Жасушада кейбір элементтер көптеу, басқалары анағүрлым аз кездеседі. Әсіресе жасушада төрт элемент — оттек, көміртек, азот және сутек көп мөлшерде болады. Жасуша құрамының 98%-ға жуығын осы төрт элемент күрайды. Жасушаға аз мелшерде болса да кажет біраз элементтер бар. Олар: күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір. Бұлардың жиынтығы — 1,9%. Бұл екі топ элементтерін макроэлементтерге (гр. макрос — үлкен) жатқызады. Қалған элементтер жасушада өте аз мөлшерде (0,01%) кездеседі.
Сонымен, жасушада тек тірі организмге ғана төн ешқандай ерекше элемент жок. Бұл тірі және өлі табиғаттың бір-бірімен байланысы мен бірлігін көрсетеді. Ал атом тұрғысынан қарағанда, органикалық және бейорганикалык көлемнің химиялық құрамы арасында айырмашылық жоқ. Айырмашылық одан гері жоғарырақ — молекулалық құрылым деңгейінде байқалады. Тірі денелерде өлі табиғатта таралған заттармен қатар тірі организмдерге ғана тән көптеген заттар болады.
Элементтердің біреуінің жетіспеушіліғінен организмдер ауруға шалдығуы немесе өлімге душар болуы мүмкін. Демек, әрбір элемент организмде белгілі бір қызмет аткарады. Оттек, көміртек, сутек және азот — биополимерлердің негізін құрайды. Жасушадағы биополимерлер: — нәруыз, кемірсулар, нуклеин кышқылдары сол сиякты липидтерсіз тіршілік болмайды.
Темір гемоглобиннің молекуласын құруға катысады. Магний — хлорофилдің құрамына, ал мырыш көптеген тотықтырғыш ферменттердің құрамына кіреді. Na және Са — жүйке талшықтары мембраналарын зарядтайды; кобальт — В12 витаминінің, күкірт кейбір нәруыздардың, ал фосфор — нуклеин қышқылының құрамына кіреді.
Су
Тіршіліктің негізі болып табылатын су молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды. Жасушаның 80%-ы судан тұрады. Су ерітінділерінде барлық тіршілікке қажетті процестер жүреді. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі — оның асимметриялығында. Сутек атомы оттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.
Суда еритін заттар гидрофилді (гр. хидор — су және гр. филео— сүйемін) заттар деп аталады. Бұған иондық байланысты (мысалы, тұз) және кейбір молекулалық байланысты (мысалы, кант, нәруыз) заттар жатады. Мысал ретінде тұздың еру процесін көрсетуге болады. Суда тұз натрийдің оң зарядталған катионына және хлордың теріс зарядталған анионына ыдырайды. Натрийдің оң зарядталған ионына су молекуласы теріс полюсімен тартылса, ал хлор ионына оң полюсті жағымен жақындайды. Қорытындысында, әрбір ионның айналасында қабықша пайда болады. Оны гидрат қабығы деп атайды. Зарядталмаған молекулалар суда ерімейді.
Суда ерімейтін заттарды гидрофобты (гр. хидор — су және гр. фобос — қорқу, жек көру) деп атайды. Оларға бензин, керосин, бензол, липидтер, көксағыз, полиэтилен және баска пластмассалар, т.б. жатады.
Бір су молекуласы құрамындағы оттек атомы келесі молекула құрамындағы сутек атомымен сутектік байланыс түзеді. Сутекті байланыс су молекулалары арасындағы көптеген байланысты қамтамасыз етеді. Суды қыздырғанда, энергияның азын-аулақ белігі сутекті байланысты ажыратуға жұмсалады. Сутекті байланыстың ажырауы 70°С температурада басталады. Ал 100°С температурада қайнағанда, барлық сутекті байланыс толықтай ажырайды.
Сутекті байланыстың арқасында судың жылу еткізгіштігі артады. Суытқанда, керісінше, жылу белінеді, себебі жаңадан сутекті байланыс пайда болады. Бұл касиеттеріне қарап, судың жылу өткізгіштігі жоғары екендігін білуге болады.
Су жасушаның физикалық қасиеттерін анықтайды: көлемін; серпімділігін; физиологиялық ортада атқаратын қызметін және биохимиялық процесін; фотосинтез кезінде оттектің бөлінуін; химиялық қосылыстарды; осмос және термореттеушілікті.
Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан — тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан — аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс.--95.57.81.14 18:31, 2013 ж. қазанның 10 (ALMT)
Сусыз тіршілік жоқ. Жасуша массасының көп бөлігін су кұрайды. Адамның эмбриондары мен ми жасушаларынын 80%-ы су. Адам организміндегі 20% суды жоғалтса, өліп қалуы мүмкін. Сүйек ұлпасының жасушасында 20 % су, бұлшықет жасушасында 76 % су болады.
Тұздар
Сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін кальций, натрий, калий, магний, және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үпгін де иондардың маңызы ерекше. Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. Атап айтқанда, сүйек ұлпасының катты әрі беріктігі кальций фосфатының, ал былқылдақ денелілер бақалшықтарының беріктігі онда кальций карбонатының болуына байланысты. Кальций иондары биологиялық процестердін реттелуіне және канның ұюына да қатысады.
Na+, К+ иондары жасуша мембранасына әр түрлі заттардың енуіне және жүйке талшықтарының тітіркеністерді өткізуіне көмектеседі. Фосфат иондары нуклеин қышқылын тұзуге қатысады және энергетикалық процестерді, қозғалыс қызметін жүзеге асыруға ат салысады.
Темір иондары да оттекті тасымалдауда үлкен рөл атқарады. Ал темір және мыс иондары тотығу-тотықсыздану процестерін қалпына келтіру реакцияларына қатысады. Магний иондары нуклеин кышқылы мен рибосомды тұрақтандырады және хлорофилдің құрамына кіреді. Мырыш, молибден және кобальт иондары ферменттік процестерге қатысады.

Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар. Металдарда ерекше өздеріне тән «металдық» жылтыры болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі. Бейметалдарда металдарға тән жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылумен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі барлық элементтер химиясын қамтиды. Органикалық қосылыстардың қасиеттері бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын алады.


Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлык, қосылыстар мен көпэлементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі. Бинарлы қосылыстарға кез-келген екі түрлі элементтен тұратын қосылыстар жатады. Мысалы, азот пен оттегінің бинарлық қосылыстары: N2O,NO,N2O3,NO2,N2O5; мыс пен күкірттің бинарлық қосылыстары: Cu2S,CuS,CuS2. Бинарлық қосылыстардың формулаларында металдар бейметалдан бұрын көрсетіледі: SnCl2,Al3N. Егер бинарлық қосылыс екі бейметалдан түзілген болса, онда бірінші орынға келесі тізбекте солға қарай орналасқан элемент символы жазылады: B,Si,C,As,P,H,Te,Se,S,I,Br,Cl,N,O,F. Мысалы, CBr4,H2O,SF6. Егер бинарлық қосылыс екі металдан тұратын болса, онда бірінші үлкен периодтың басында орналасқан металл көрсетіледі. Ал егер екі металл да бір топта орналасқан болса, онда бірінші реттік нөмірі үлкен элемент көрсетіледі. Мысалы, CuZn,AuCu3. Бинарлық қосылыстар бейметалл типіне сәйкес әртүрлі кластарға жіктеледі (кесте-2.1), ал қалған бинарлық қосылыстар металдар арасындағы қосылыстарға – интерметаллидтерге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет