3. Педагогикалық ғылымдардың негıзгı категорияларының маңызды сипаттамасы
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлıнıп шықты. Олар:
жалпы педагогика (тәрбие, бıлıм беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейдı), сәбилер мен мектепалды педагогикасы, мектеп педагогикасы, сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесı мәселелерıн зерттейдı),
жеке пән әдıстерı, Педагогика тарихы. Жеке әдıстемелер оқытудың жалпы заңдылықтарын жеке пәндердı оқытуға қатысты қолдану ерекшелıктерıн зерттейдı.
Педагогика тарихы адамзат дамуының түрлı тарихи кезеңдерıнде педагогикалық ойлар мен тәжıрибенıң даму ерекшелıктерıн зерттейдı.
Салыстырмалы педагогика салыстыру негıзıнде түрлı елдердегı бıлıм және тәрбие жүйелерıнıң қызметı мен дамуының ерекшелıктерıн зерттейдı.
Педагогика әдıснамасы – педагогика, оның мәртебесı, дамуы, категориалдық аппараты, жаңа педагогикалық бıлıм алудың жолдары туралы ғылым.
Жас ерекшелıк педагогикасы – адам дамуының түрлı жас кезеңıнде (мектепке дейıнгı, мектеп, ересектер педагогикасы) оқыту мен тәрбие ерекшелıктерıн зерттейдı.
Кәсıптıк педагогика – кәсıптıк бıлıм берудıң (бастауыш кәсıби бıлıм беру педагогикасы, орта кәсıптıк бıлıм беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ӛндıрıстıк педагогика) теориясы мен тәжıрибесıн зерттейдı.
Арнайы (коррекциялық) педагогика - дене және әлеуметтıк дамуында ауытқушылықтары бар балалар мен ересектердı оқыту мен тәрбиелеудıң теориялық негıздерıн, қағидаларын, әдıс-тәсıлдерı мен түрлерıн, құралдарын зерттеп жасайды.
Жеке салалық педагогика (әскери, спорттық, криминологиялық және т.б.).
Әлеуметтıк педагогика - әлеуметтıк ортаның нақты жағдайын ескере отырып тұлғаны тәрбиелеудı оңтайландыру бойынша тәрбиелıк шаралар жүйесıн жасаудың теориясы мен тәжıрибесı.
Еңбекпен түзету педагогикасы – түрлı жастағы құқықбұзушыларды қайта тәрбиелеудı теориялық негıздеу мен тәжıрибесıн жасаумен айналысады.