Жоспары: 1.Тұлғаның феноменологиялық теориясы. 2.Клиентке бағытталған терапия түсінігі. 3. Өзін-өзі тану және өзектену. 4.К.Роджерс тұлғаның Мен концепциясы. Карл Рэнсом Роджерс 1902 жылы Иллинойс штатындағы Ок-Парк қаласында дүниеге келді. Роджерс ата-анасы, инженер-құрылысшы және үй шаруасындағы әйелдің алты баласының төрттен бірі болды. Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі болған. Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған. К.Роджерсөзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоциациясы тарапынан 1956,1972 ж.ж. екі мәрте марапатталған. Теория және оның кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К.Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланды.
Тұлғаның феноменологиялық теориясы Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерсұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясынжәне осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды. К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды, импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Яғни, мұндай мінез-құлық реакциялар көбінше сыртқы факторлардың арқасында пайда болады деген тұжырымға келеді. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субúективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив - ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.