«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Мәселелік оқыту және оның жоғары мектептің оқу процесінде қолданылуы



бет29/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

Мәселелік оқыту және оның жоғары мектептің оқу процесінде қолданылуы.

  • Мәселелік оқыту дегеніміз оқушы оқыту процесінде мәселелерді шешуге ұмтылатын оқытуды айтамыз. Ол қазір ақыл-ой күштерінің, таным белсенділігінің, шығармашылық ойдың өздігінше дамуы сияқты күрделі тапсырмаларды шешудің бір тәсілі ретінде қарастырылады.
  • Мәселелік оқыту – бұл жаңа педагогикалық құбылыс емес. Мәселелік оқытудың элементтерін сократтық эвристикалық әңгімелесулердің өзінде көруге болады. Мәселелік оқыту идеясы мен принциптері ойлау психологиясын зерттейтін кеңес психологтары С.Л.Рубинштейнмен, Д.Н.Богоявленскиймен, Н.А.Мечинскиймен, А.М.Матюшкинмен, Т.В.Кудрявцевпен және көрнекті дидактар М.А.Даниловпен, М.Н.Скаткинмен жасалды.Соңғы жылдары бұл сұрақтармен М.И.Махутов айланысады.
  • Қазіргі уақытта мәселелік оқытудың идеялары мен ғылыми концепциялары арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдар мен терминдерден тұрады. Мәселелік оқытудың негізгі басты ұғымы «мәселелік жағдайң болып табылады.
  • Мәселелік жағдай (немесе мәселелік жағдаят) – қандайда бір қажетті іс-әрекетті жасау немесе бір нәрсені ұғыну үшін білімнің немесе белгілі әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі пайда болғанда туындайды, яғни білім мен білімсіздік арасында қарама-қайшылық орын алады. Оқушының алдында мәселе тұрады, оған кейбір байланыстар мен қатынастар белгілі, бірақ ол қандайда бір үзілісті де сезінеді, сонда мазасыздық сезімі пайда болады. Ол, өз білімінің қандайда бір негізінің болғандығынан, егер ойланса, ізденсе , онда бұл жағдайдан шығу жолын табуы мүмкін екенін сезеді. Кейде , мәселелік жағдайды «білімсіздік туралы білімң деп те айтады, бұл жалпы алғанда оның болмысын дұрыс бейнелейді.
  • Мәселелік жағдай, тек егер оқушының бұл жағдайдан шығуды, туындаған және сезінген қайшылықты жоюды қалауын,тілеуін тудыра алатын болса ғана, үлкен оқытушылық құндылыққа ие болады. Бұндай қалау барлық жағдайда туындай бермейді. Оның көрінуі үшін мынадай екі шарттың орындалуы қажет: мазмұны жағынан жағдай оқушылар үшін қандайда бір қызығушылық танытуы керек, және олар мәселені шешуге , нақты бір нәрсе жетіспесе де өздерінде қандайда қажетті білімнің бір бөлігі болғандықтан, жалпы алғанда күштері жететінін сезуі керек.
  • Бұндай қалауды тудыру - танымдылық қажеттілігін (жаңаны білу қажеттілігі) - мәселені шешуді қолға алу сәтін бейнелейді.
  • Мәселелік жағдайдың екі жағы бар: пән - мазмұндылық (қайшылықтарды бөліктеу, негізгі білімнің барлығы, қандайда бір нақты білімнің жетіспеушілігі ) және мотивациалық (қайшылықтың көрінуі, қызығушылықтың оянуы және оны жоюды қалау, қандайда бір жаңа жетіспейтін білімді алу шартында оны шешу мүмкіндігін бағалау).
  • Мәселені шешуді қолға алып және оны белгісізден белгіліні айыратын сөз түрінде көркемдегеннен кейін , - ол мәселелік тапсырмаға айналды . Сол тапсырманы шешу процесінде ғана жетіспейтін білімді алуға және түсінуге, ұғынуға болады.
  • Мәселелік оқытумен байланысқан барлық ұғымдарына, - мәселе, мәселелік сұрақ, мәселелік тапсырма, мәселелік жағдай - ортақ және оларды байланыстыратын : а) білім мен білімсіздік арасындағы қайшылықтың бар болуы және б) оны шешудің дайын (стандартты) әдіс-тәсілдерінің жоқтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет