«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Эдвайзер қызметінің маңызы



бет34/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

Эдвайзер қызметінің маңызы

  • Эдвайзер жұмысының тиімділігі студенттермен мақсатты түрде құрылған қарым-қатынастарымен анықталады. Егер қарым-қатынас шын көңілден, сенімнен, сыйластықтан құрылса және егер куратор студенттермен бірге жұмыс істеу әдісіне жүгінсе, онда оған қойылған тапсырманы шешу оңай болады.
  • Жетекшіліктің таңдау әдістері бірнеше шарттармен орындалады: ұжымның даму дәрежесімен, біліктілік тапсырмасымен, нақты жағдаймен, куратордың өзінің тұлғасымен. Эдвайзер топтағы болған өзгерістерді байқап, осыған байланысты өзінің жүріс-тұрысын түзетіп отыру керек: бір жағдайда студенттерге инициативаны беру керек, екіншісінде – қатаң педагогикалық талапқа сүйену керек, үшіншісінде – студенттердің позициясын және жағдайды толық анықтағанға дейін, қандайда бір уақыт шыдау керек, сонан кейін жиналыста ашық талқылап, шешім қабылдау керек.
  • Тәжірибелі эдвайзер болу үшін арнайы әдістемелік әдебиеттерді, басқа оқытушылардың тәжірибелерін оқу керек. Эдвайзердің жұмыс практикасын оқу негізінде педагогикалық ереже-шарттардың ретін болжауға болады. Олар кураторлардың біліктілігінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.
  • жұмысты топ белсендісімен бірге, шынайы жағдайларды ескеріп жоспарлау керек.
  • өзінің академиялық тобының мүшелерін барлық қатынаста білу. Бұл оған сәйкесінше әсер етуге мүмкіндік береді.
  • студенттермен өзінің қарым-қатынасын құруды үрену. Педагогикалық жағдайға тәуелді қатаң және икемді болу керек.
  • курделі, ұзақ, бірінші сатылы тапсырмалардың бірі екенін ескеріп, толық студенттік ұжым құру.
  • ортақ жұмыстарға және біліктілікке әрбір студент қатысуға және бір нәрсеге нақты жауапкершілік алуына жету керек.
  • көптеген әлеуметтік ролді орындауға дайындалуға студенттерге көмектесу.
  • жауапкершіліктің, қадағалаудың болмауы, көңіл аудармау ұжымды бұзатынын ұмытпау.
  • студенттер өз-өзіне бағытталған жұмысты орындауда , оған қажетті көмек көрсету.
  • студенттік өзін-өзі басқаруды, инициативаларды, қоғамдық белсенділікті қолдау және дамыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет