Бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 7 Модуль. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7 Тақырып. Білімдендіру технологиялары ұғымына түсінік
2 Бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 7 Модуль. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7 Тақырып. Білімдендіру технологиялары ұғымына түсінік.
Жоғарғы мектептегі білімдендіру технологиясының ғылыми негізері
XXІ ғасырда өмір сүріп жатқан адамзат үшін жаңа жағдай жаңаша қағидалы білімдендіруді қажет етеді. Бүгінде адамдардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, интеллекттің жаңа түрін, қоршаған ортадағы экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық тез өзгерістерді мен адамдардың қарым-қатынасын анықтайтын ойлаудың басқаша бейнесін сипаттау өте қажет.
Үстіміздегі ғасырда, білім алу адамның бүкіл өмірінде жалғасатын үзіліссіз процесс болуы керек. Тек осылай ғана ол үзіліссіз жүріп жатқан информациялық жаңаруларға бейімделе алады.
Қазіргі уақытта білім жүйесі қоғамның ақпараттау поцесіне қатысты екі аспектіден тұрады:
Информатика және ақпараттық техноогиялар төңірегіндегі мамандардың квалификациясын, жергілікті қажетті білім деңгейін қамтамасыз ететін жүйе ретіне;
Өзінің функцияларын жетілдіру үшін, нәтижелік өсуі үшін информациялануға ыңғайластырылған жүйе ретінде.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде білімдендіру технологиялары ретінде кредиттік; қашықтан оқыту технологияларын айтуға болады. "Білімдендіру технологиясы" өз тарапында білім беру жүйесін жетілдіру және жаһандану процесіне енуге ыңғайлы, тиімді болуымен сипатталады. "Технология" (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шебрлік, жасай алу және logos – білім) - өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы материалдарды немесе жасалған заттарды т.б. өңдеу немесе қайта өңдеу, қабылдаудың сәйкестігі және алу тәсілдері; осындай қабылдаулар мен тәсілдерді жасайтын және жетілдіретін ғылыми тәртіп. Сонымен қатар, өндірістік процестің негізі болып табылатын өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау операцияларын да технология деп атайды. Қазіргі заманғы технологияның құрамына өндірістің техникалық басқаруы да кіреді. Өндірістік процестің бейнесі, оның орындалу барысындағы құрылымы, технологиялық ережелер, талаптар, карталар, графиктер және т.б. технология деп атауға болады.