Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.
Электрондық сабаққа инфрақұрылым, электрондық оқулықты жеткізу платформасы, контентті жасау және басқару жатады.
Электрондық сабақ оқудың жаңа ортасын береді. Сонымен қатар, біріккен орта жасайды – мұғалім мен оқушы үшін оқу ортасы. Оның элементтері мыналар болып табылады:
Адамзаттық фактор – педагогикалық және дидктикалық әдістемелер, оқушының алатын орны, мұғалімнің квалификациясы, оқушының талабы, мәдени факторлар, қатынастың жаңа түрлері (мысалы, топтық қатынас, WEB-конференцияларда бірігіп жұмыс істеу және білім алмасу);
Контент – мультимедиялық контент, курстар жасау құралдары, оқудың мақсатын басқару, курстарды сақтау, қолданушыға ыңғайлы контентті басқару – классификация мен іздеудің әртүрлі әдістері және т.б.
Қауыпсіздік пен құпиялылық құрадары, білімді басқару жүйесі, оқуға жазылу, онлайн тесттер, есеп жасау, эффективтілікті өлшеу т.б.
Бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылым, яғни серверлер, маршрутизаторлар, желілер, мәліметтер базасы, жеткізу платформалары, моильдік технологиялар.
Жаңа технологиялар оқу тұтынушылығын толық шеше алмайды, сондықтан, онымен байланысты әдістеме болуы керек.
Электрондық оқу үшін желілік инфрақұрылым технологиялық база болып табылады. Желілік инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық стендарттарға негізделеді. Сонымен қатар, ол әртүрлі құрылғылар үшін: ноутбуктен ұялы телефондарға дейін байланысты қамтамасыз етуі керек. Ол кейбір электрондық сабақтардың қанат жаюына базалық мүмкіндік және шектеу қоя алады.
Мультимедиа курстарының ұсанылған компоненттері педагогикалық мәселелерді өздігінен шеш алмайды. Бұндай оқу функциясы мультимедиалық курстарда, мұғалімнің оқыту траекториясын жобалайтын педагогикалық сценарийдің көмегімен жанданады.
Жалпы электрондық оқыту дистанциялық оқу жүйесінің (ДО) негізі болып табылады. Дистанциялық оқыту жүйесінің негізгі көрінісі мұғалім мен оқушы арасында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы. Бұл орталықтанған өзара қатынас, компьютерлік ортамен қарым-қатынасқа негізделген жаңа дидактикалық қарама-қайшылықтар тудырады.