20 тақырып. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
Кредиттік оқыту жүйесінің мәні
«Кредитң ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр.
Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеденнегізгі айырмашылығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
Кредиттік жүйенің негізгі бағыттары мынадай:
оқушылардың қызығуын толық есепке алу;
олардың білімге деген сұранысын қамтамасыз ету;
оқушылардың арасынан бәсекелестік тудыру;
оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамыту.
Кредит сағаты деп бүкіл оқу үрдісі кезінде өтетін сабақпен қатар жүретін оқушының орындайтын өзіндік жұмыстарына кететін уақыттардың қосындысына тең шаманы айтады.
Кредиттік жүйе бойынша оқытушы өз бетінше жоғары деңгейдегі әдістемелік және дидактикалық материалдар кешенін өңдеп, оқытудың интерактивті тәсілін қолдануға ұйымдастырушылық қабілетімен ізденіс арттыруға дайын болуы қажет. Әрине, жоғары мектептің кредиттік жүйеге көшуі бір күнде шешілетін мәселе емес. Ол аса зор еңбекті талап етеді. Ал жүйеге көшпеу – заман талабынан қалып қою, бірте-бірте білім аясынан шеттеу деген сөз.
Қазіргі жағдайларда студенттер студенттер екі типті зерттеу жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып табылатындығы екеуіне ортақ белгі. Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады.