«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


Тақырып. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау



бет39/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

19 Тақырып. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау

  • Педагогикалық жобалаудың түрлері мен кезеңдері
  • Педагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады.
  • Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады.
  • Педагогикалық жүйе, педагогикалық үрдіс, педагогикалық жағдаят педагогикалық болжаудың объектісі бола алады. Соның ішінде ең маңыздысы педагогикалық үрдіс. Педагогикалық процесс студенттерді жан-жақты дамытуға бағытталған компоненттер жиынтығы. Педагогикалық процесс барысында педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят – белгілі бір уақытта, кеңістікте болған уақиғаның сипаты, педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады.
  • Педагогикалық жүйені, үрдісті, жағдаятты жобалау- көпсатылы, қиын іс-әрекет.
  • Педагогикалық жобалау: 3 кезеңнен тұрады:
  • 1 кезең – үлгілендіру;
  • 2 кезең – жоба құрастырушылық;
  • 3 кезең құрастыру технологиясы;
  • Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы.
  • Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу.
  • Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы.
  • Педагогикалық жобалаудың түрлеріне педагогикалық жүйе, үрдіс, жағдаяттың әртүрлі деңгейде сипатталған құжаттар жиынтығы жатады. Мысалға бағдарлама, тұжырымдама т.б.
  • Педагогикалық жобалаудың негізгі принциптері:
  • адамға бағытталған принцип (негізгі роль адам);
  • өзін-өзі дамыту принципін;
  • дидактикалық шығармашылықты;
  • технологиялық шығармашылықты;
  • ұйымдастыру шеберлігін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет