Мысалы: “Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру” тақырыбы бойынша дәріс мынадай
3 мақсатты көздеуі тиіс:
Білімдік мақсаты: «Адам – тұлға – индивид» ұғымдарына анықтама беру, тәрбиелеу процесінде жеке тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктерін түсіндіру. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлармен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Әлеуметтік мәнге ие «тұлға» ұғымына студенттердің құндылықтық қатынасын қалыптастыра отырып, әрбірінің өз тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жеке белсенділігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Дәріс кезінде «тұлғаның қалыптасуы» түсінігін талдай отырып, өз Отанымыздың ілгерілеуі үшін тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу қандай мақсаттарды көздейтінін бірлесіп талқылау.
Семинар сабағы міндеттерінің таксономиясы
Тақырып:Психология ғылымы таным аймағы ретінде
Мақсаттар:
Білімдік мақсат: Психология ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, оның бастапқы кездегі сипаты, өзіндік ерекшеіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат: Ойлау, ойын жинақтау және талдау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат: Психология ғылымы жүйесі туралы жалпы ғылыми тұжырымдарды талдай отырып, білім жасап шығаруға (воспроизведение знаний) түрткі жасау
Міндеттер:
1.1. Психология пәнінің ерекшелігі неде?
1.2. Психология қандай ұғымдарда қарастырады?
1.3. «Психология» ғылымына өз тарапыңыздан анықтама беріңіз
1.4. «Психология ғылымын зерттеу қоғамға не береді?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
2.1. Психология пәнін қандай әдістер арқылы оқытқан дұрыс деп ойлайсыз?
2.2. Психология пәнін оқытуда қандай педагогикалық технологиялық қолданылуы мүмкін?
2.4. Психология ғылымының жетекші категорияларын көрсетіп, оған талдау жасаңыз
2.5. Психология қандай ғылымдармен байланысты және неге?
2.6. Психология ғылымындағы теориялардың әркелкі, кейде бір-бірін жоққа шығаруының себебі неде деп ойлайсыз?
2.7. Психология пәнін оқыту арқылы адам бойында қандай сапалық өзгерістер жасауға болатынына өз бетіңізше шығармашылық сипаттаиа жасаңыз
Семинар барысы:
Студенттер дөңгелек үстелге айнала отырады да, аталған тақырып бойынша дайындап келген ақпараттарының негізінде өз пікірлерін ортаға салады. Оқытушы модератор қызметін атқарып, пікірталасқа араласпай, тек сауал қойып отырады.