Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.
Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
Жоғары білім – ғылым мен техниканың, мәдениеттің белгілі саласы бойынша, теориялық және практикалық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін жүйе: білім мен дағдылар жиынтығы. Жалпы білім беретін орта мектеп пен арнаулы оқу орындарын бітіргендерді қабылдап, эканомика, ғылым мен техника және мәдениет салалары үшін жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын түрлі типтегі жоғары мектептер де жоғары білім терминдерінің түсінігін береді.