Көңілді әуенмен балалар келіп шахмат үлгісінде тұрып, билейді.
«Жұп биі»
Балалар: Сәлеметсіздер ме, құрметті үлкендер!
1 бала: Достар, қараңдаршы біздің ән – саз залы бүгін тағы да әсем болып, жайнап кетіпті.
Бүгін өзі қандай күн?!
2бала: Балбөбекпіз бақшамызға
Күнде ертемен, бардық біз.
Тәрбиеші апайлардан
Тәлім тәрбие алдық біз.
3 бала: Балбөбекпіз бақшамызда
Би билеп ән айттық біз
Еңбек етіп, сурет салып
Оқып – жазып қайттық біз.
4 бала: Балбөбекпіз бақшамызда
Жалқауланбай бардық біз
Таңқаларлық тәрбие алып
Білімге жол салдық біз.
5 бала: Тәрбие берген бақшамызға
Алғыс айтар күн бүгін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
«Балабақша» әні
6 бала:(Диана) Ой достар, қандай қиын! Мен қазір ақ апайларды, бақшаны сағынып тұрмын!
1 бала: Ой, Диана мұңайма! Әрине балабақшаны, апайларды, бәріміз де сағынамыз! Бірақ біз өстік қой! Бізді мектеп күтіп тұр! Достар, одан да келіңдер, бақшадағы барлық апайларға құрметпен алғыс айтайық!
7 бала: Директор Раушан апайға арналады!
Ажырамай бақшадан бір елі сіз!
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз бүгін!
8 бала: Гүлденсін деп бақшамыз
Күн сайын тыным таппаған
Әдіскер Эльмира апайым
Қоштасып біз сізбенен
9 бала: Психолог Зейнеп апай
Тәртіпті біз баламыз
Біріншіге барамыз
Аямас жанын бақшадан.
10 бала: Шекер қосып бал берген
Тәтті – тәтті дәм берген
Апайымыз қоймашы
Сара апай сізге де
Мың да бір рахмет айтамыз.
11 бала: Керек заттың бәрін де
Бала үшін табасыз
Шаруагер Самал апайым
Көп рахмет айтамыз.
12 бала: Шынықтырып денені
Спортқа бізді үйреткен
Спортшы Жанар апайға
Көп рахмет біздерден!
13 бала: Тамылжытып ән салдырып үйреткен
Жүгіріп жүріп талай билер билеткен
Гүлсім, Гүлдана апайлар, сіздерге алғыс айтамыз
Мың қайтара сәби бала жүректен.
14 бала: Суық тиіп қалыпты деп
Денемізді қыздырып
Шөп қайнатып береді
Бақщамызда барлық бала
Мейірбике Жанар апайды
Өте жақсы көреді.
15 бала: Ақ төсекке жатқызып
Тазалықты сақтаған
Кір жуушы Қарлығаш апай
Еңбегіне мақтанам.
16 бала: Есеп – қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс беретін
Есепші Омар ағайға
Айтамыз біз мың алғыс.
17 бала: Әлде май ма, құймақ па,
Сорпа ма, бал ма, қаймақ па?
Дәмді – дәмді тамақ берген
Аспазшы апайларға
Мың алғыс біздерден!
18 бала: Дер кезінде тамақты
Әкеліп бізге беретін
Шынар апай қашанда
Тазалықты сақтайтын.
19 бала: Аялап, баптап өсірген
Балалық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Тәрбиеші Құңдыз апайға
(Ақзираш, Жүрсін, Ұлболсын)
Бәрі: Мың алғыс сізге біздерден!
(2 бала тәрбиешіні әуенмен алып келіп ортаға тұрады)
«Қош бол балабақша» әні
1 бала: Құрметті апайлар! Сүйікті Құндыз апай, біз міне өсіп қалдық, үлкен болдық.Балабақшада көп нәрсеге үйрендік. Ол сіздердің еңбегіңіз! Біз мектепке баруға дайынбыз! Солай емеспе достар?!
Бәрі: Дайынбыз!
Бала: Сіз сұраныз біз жауап береміз! Дайын екенімізді баршаға көрсеткіміз келеді, Құндыз апай.
Тәрбиеші: Рахмет! Орыңдарыңа жайғаса қойыңдар! Білімпаз ата келеді.
Балалар әуенмен отырады.
Білімпаз ата:
-Сәлеметсіздер ме балалар!
- Сәлеметсіз бе!
- Мені таңыдыңдар ма?
-Иә!
Білімпаз ата: Балалар біздер сендермен жыл бойы кездестік қой, әдеби кештерде бірге болдық. Балалар сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отыр екенсіндер, мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарын Әліппе!
Осы Әліппе кітабын жазған-Ыбырай Алтынсарин аталарының «Кел балалар, оқылық» деген өлеңін білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Әрине Білімпаз ата Ы. Алтынсарин атаның «Кел балалар оқылық» өлеңін біздің балалар жатқа біледі. Кім айтады балалар?
(қол көтеріп бір бала айтады)
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Іздегенің алдыңнан
Сұрамай – ақ табылар.
Білімпаз ата: - Ой, рахмет балам сол Ы. Алтынсарин аталарының өлеңін сананызға сақтап жүргейсіздер.
Тәрбиеші: Білімпаз ата өзіңіз айтқаныздай Әліппе туралы тақпақ айтқылары келіп отыр.
Білімпаз ата: Дұрыс айтасыңдар, білім бастауы бақшада деген, қане кім айтады? Құлағым сіздерде!
1 бала: Әліппе білім анасы
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
2 бала: Жақсы кітап әліппе
Үйретеді әріпке
Ойыншықпен қоштастым
Әліппемен достастым.
3 бала: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Білімпаз ата: -Өте жақсы балалар рахмет.
Тәрбиеші: Енді осы оқу, білім туралы мақал – мәтел айтып көрейікші.
1бала: Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ.
2 бала: Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Тәрбиеші: Білімпаз ата қалай ойлаййсыз, біздің балалар мектепке баруға дайынба? Сізге оқыған тақпақ, мақал – мәтел ұнап жатырма?
Білімпаз ата: - Әрине маған ұнап жатыр.Бұл әрине балабақшаның, сіздердің көмегі деп білемін! Ауыз әдебетінде жақсы ұйреніп қалыпсыңдар!Әріқарай мектептеде білімдерін шындала түсуіне тілектеспін.
Тәрбиеші: Білімпаз ата балалардың өнерлерін тамашалыңыз.
«Алғашқы қоңырау» әні
Тақпақтар
Би: « »
Білімпаз ата: Өте жаөсы қандай өнерлі балаларсыңдар! Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп отыр. Ана тілі қай тіл?
Балалар: Қазақ тілі.
Білімпаз ата: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал балалар тағы бір сұрағым бар. Жақсы мен жаманды ажырата білесіңдерме?
Тәрбиеші: Иә ата біздің балалар бәрінде біледі.Жақсы мен жаманды ажырата біледі. Дұрыс айтасыз Білімпаз ата.
Ана тілін құрметтеген баланын ойы озық
Білімі терең, ақылы көп болары анық. 1 бала:
Ана тілім- баба тілім ,
Мен өзіңді сүйемін
Өз тілімде жазған тарих
Шежіреме иемін
2 бала:
Жақсы менен жаманды
Ажырата білеміз
Ата – баба жолымен
Алға қарай жүреміз
3бала:
Әдепті болсан жасыннан
Көпті сыйлай білесің
Мейріміне бөленіп
Бақытты өмір сүресін
4 бала:
Балдырғанбыз бақытты
Болашаққа сенеміз
Ер жүрек боп өскенде
Ел қорғауды білеміз
5бала:
Біз балдырған баламыз
Оттай лаулап жанамыз
Бейбіт танда бас қосып
Шарқап әнге саламыз
«Туған өлкем» ән
Би:қазақша би
Білімпаз ата: Ал балалар қнерлерін үстем болсын, құрметті ата – аналар, балабақша қызметкерлері, бақшадан мектеп деген кемеге аттанғалы отырған балалардың жолы болсын! Ал балалар мен сіздерді күзде мектепте күтемін.
Балалар: Рахмет Білімпаз ата!
Тәрбиеші: Балалар, Білімпаз ата сіздерді мақтап кетті. Сонда да болса мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр. Балабақшада неге үйрендіндер?
Балалар кезекпен оқуды, жазудығ сурет салуды, ән айтуды, билеуді, шынығуды, есептеуді, ойнауды, дос болуды, отанды сүюді, үлкенді құрметтеуді, кішіге қамқор болуды, тәртіпті болуды, театрда ойнауды, өзін өзі тануды, еңбектенуді, ұлт жанды болуды, кішіпейіл болуды, иманды болуды, т.б.
Тәрбиеші: Дұрыс, ал сауат ашу, тіл дамыту, орыс тілі, көркем әдебиет сабақтарында дұрыс сөйлеуге, әріп танып, белгілеп жазуға , оқуға үйрендіңдер солайма?
Это Д\С имени №59 Сайын Шапагатова! Я Дымбілмес из м\ф незнайкав стране чудес–я услышал что вы собираетесь идти в школу, правда ли это?!
Балалар – Иә!
Дымбілмес: Ой мне так грустно, что вы покидаете наш любимый детский сад, мне не хочется вас отпускать! (немножко грустит, потом опять повеселел ) но вы уже взрослые , конечно надо идти в школу! Но я тоже хочу с вами вместе в школу, возьмите меня с собой, а?
Балалар- иә!
Дымбілмес: Алақай! А я хочу идти в казахскую школу! Я немножко, конечно , знаю по казахски. Ведь я давно дружу с вами! Вот, спросите меня как по казахски «мама»?
Спросите, спросите, я знаю!(хлопает, прыгает)
Тәрбиеші: Жарайды, білсең айтағой, мама деген қазақша калай екен?
Дымбілмес: апа, шеше!
Тәрбиеші: Жарайсың. Дымбілмес!
Ал папа деген ше?
Дымбілмес: Әке!
Тәрбиеші: Жарайсың. Ал Школа деген?
(Дымбілмес ойланып қалады)
Тәрбиеші: Детский сад деген ше?
(Дымбілмес жауап бере аламайды?)
Тәрбиеші: ал дети, Родина деген сөздерді білесің бе?
Дымбілмес: Нет, незнаю! Ребята, помогите мне пожалуйста! Родина как по казахски?
Балалар: Отан!
Дымбілмес: А дети? А школа? А детский сад?
Балалар жауап береді.
Дымбілмес: Ой апай, я не умею говорить по казахски, как мне быть?(плачет)
Тәрбиеші:Дымбілмес , сен жыламай тұра тұр, мен байқап тұрмын сен қазақша жақсы түсінеді екенсін, мектепке бару үшін әріп танып, жаза да білу керек, қазір балалар саған ойнап, қазақша әріптерге сөйлеуге үйретеді!
«Текшелерден сөз құра» ойын
Дымбілмес: Рахмет, жақсы үйрене бастадым! Теперь я хочу читать стихи на казахском языке. Пожалуйста, научите меня!
Тақпақтар- қоштасу мектеп туралы.
Дымбілмес: (1 баланын тақпағын қайталайды)
Ура! Мен де қазақша тақпақ айта аламын. Үйрендім! Ал достар, енді қазақша мектеп туралы ән айтып беріңдерші?!
«Мектебім » әні
Дымбілмес: Рахмет, Спасибо! Жарайсыңдар, балалар! Мен де жарайсың! Қазақша көп үйрендім! Мен де қазақша мектепке барамын! Кездескенше, до свидания достар!
Кетеді.
Тәрбиеші: Балалар менің сұрағыма дұрыс жауап беріп жатырсыңдар. Ал келесі сұрағым есептеуді үйрендіңдер ме?
Балалар: Иә!
(Әуенмен қасқыр мен түлкі келеді.үлкен ыдыстағы жұмсақ ойыншықтарды көтеріп, жағаласып келеді.)
Қасқыр: Түлкі, бер деймін. Бұл менің ойыншықтарым»
Түлкі: Қояғой, Қасеке! Менікі!
Тәрбиеші: Түлкі! Қасқыр! Сендерге не болған?
Не бөлісе алмай келесіңдер?
Түлкі: Мына Қасқырғой ойыншықтын бәрін менікі деп!
Тәрбиеші: Қасқыр, Түлкі! Жанжалдаспай бірге ойнауды, достарыңан үйренген жоқсындарма? Бұларың дұрыс емес, тату ойнау керек. (екеуі бастары салбырап үндемейді)
Тәрбиеші: балалар мына достарының істегендері жөн бе?
Балалар: Дұрыс емес. Ұрысыспау керек, дос болу керек, ойыншықты бөлісіп ойнау керек.
Тәрбиеші: Қане онда ойыншықтарын тең бөліп берейік.
Ойын: «Ойыншықты тең бөліп бер»
(2 бала ойнайды.)
Тәрбиеші: енді ойыншықты 4 ке бөліңдер!
(2 бала Қасқырға, Түлкіге өздеріңе тең бөледі)
Қасқыр: Охооо, Жақсы болды.
Түлкі: Ал мен осы ойыншықтар мен билегім келіп тұр!
Тәрбиеші: Дұрыс ақ балалар, менің келесі сұрағыма жауап беріңдерші?ән саз сабағы сендерге нені үйретті?
Балалар: ән салуды, билеуді, театрды ойнауды, әдемі, мәдениетті болуды, сахнада өнер көрсетуді, музыка тыңдауды, сайыстарға қатысып, жүлделі орын алуды.
Тәрбиеші: Олай болса үйренген әндерінен, попури орындап бере аласындарма? Таныс әндерден попури.
Тәрбиеші: Балалар ден шынықтыру сабағында не үйрендіңдер?
Балалар: шынығып, спортпен шұғылдануға
Жалқаубек: Апчхи! (түшкіріп, жөтеліп)
Уфф, шаршадым.сендер – ақ шаршамайды екенсіңдер. Недеген айқай шу? Басым ауырып, шаршап кеттім.(отыра кетет)
Спортшы: сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіңдер ме ата – аналар! Балабақша қызметкерлері. Балалар сендер мектепке барады деп естіп ақ жол тілеймін деп келдім.
О – о – о! Жалқаубекті қара. Жалқаубекте келіп қалыпты. Бұл не отырыс? Сәлеметсіңбе Жалқаубек! (қолын ұсынады, басын көтермейді, қолын алмайды)
Жалқаубек: Ой, ерініп отырмын.
Спортшы:Жоқ Жалқаубек,олай болмайды. Бүгін балаларда мереке ғой, мектепке барғалы жатыр, жол болсын айтпайсыз ба?
Жалқаубек: Солай ма, балалар жолдарың болсын, бірақ сендермен көңіл көтеруге қошым болмай тұрғаны! Шаршап, ауырып отырым. Уфф шаршап тұрғанымдай!
Спортшы: Балалар, ауырса денені шынықтыру керек емес пе? Кәне, келіңдер, жаттығу жасап, серігіп алайық!
Ойын – жаттығу. «Көңілді ырғақтар»
(Жалқаубекте қосылады)
Спортшы: Бәрекелді! Ал Жалқаубек қалай? Көңілін көтерілдіме?бас ауырғанын, шарғанын кеттіме?
Жалқаубек: Рахмет Спортшы! Маған жаттығу ұнады.
Спортшы: олай болса кел ұлттық ойын ойнайық!
Жалқаубек: Ойнасақ, ойнайық келіндер!
«Бәйге»
Жалқаубек:Балалар шынығу өзім сауығып кеттім, еріңбеу керек екен, мен соны білдім.
Спортшы: Дұрыс айтасың! Жалқаубек! Ерінбеу керек, Шымыр, батыл азамат болыңдар! Мектепте жақсы оқыңдар!
Екеуі: Сәт сапар, сау болыңдар! (кетеді)
Тәрбиеші: Балаларым балабақшада көп жақсыға уйренгендеріңді көрсеттіңдер! Өздеріңді өздерің тани аласыңдар! Жарайсыңдар, менің сүйкімді балғын түлектерім!
Күн: (әуенмен келеді) Сәлем, балалар! Мен сендерге ақ жол, сәт сапар тілей келдім!
Бәріңді бақшадағы соңғы «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
«Шаттық шеңбері»
Күн: Айналайын, балалар! Ақ ниетпен сәулелерімді сыйға алыңдар! Бақшадан басталған әрқайсыңның жүрегіңдегі имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сәулесі сөнбесін!
(күн эмблемалар сыйлайды, балалар қолдарына тағып алады.)
«Әрқашан күн сөнбесін» ән
Тәрбиеші: Көз жетіп көңіл тоймас, бұл өмірде
Жақсы жан жанған бір от әр көңілде
Меңгеруші Раушан Жаңбырбайқызы
Айтпақшы ізгі тілек, той төрінде-деп осы киелі шанырақты ұстап келе жатқан балабақша меңгерушісі Раушан Жаңбырбайқызына беріледі.
Тәрбиеші: Әсем әуен шалқиды
Жүректі тербей келіскен!
Шақырамын бәріңді
Қоштасу биі – «Вальске»!
Би: «Вальс»
Тәрбиеші мен Күн екі шетке келіп тұрады.
Тәрбиеші: Балабақша өзінің жас, түлектеріне ақ жол тілеп қоштасады!
Олар – ақылды да талапты – Диана мен әбілқайыр
(әрі қарай осылай әр жұпты осылайхабарлайды)
Балалар жұппен иіліп қол бұлғап кезекпен шығып кетеді.