Жұқпалы аурулар әдістері мен принциптері



бет5/5
Дата16.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#129363
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жұқпалы ауру диагнос әдістері
Getting Started, 27-28.05 практика, Рустюмова қазақша, 11

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырылған.

Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:

Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:

  • Оба.
  • Туляремия.
  • Күйдіргі (түйнеме).
  • Бруцеллез.
  • Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.
  • Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.
  • Шешек.
  • Ботулизм.
  • Кенелік энцефалит.
  • Тырысқақ.

Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары келесі мәліметтерге негізделеді:

Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары келесі мәліметтерге негізделеді:

1. Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы

(аурудың аса тән клиникалық белгілеріне негізделінеді)

2. Жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы

(эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді)

3. Жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы

(зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді)

Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру.

Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру.

Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, ағзаның преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет.

Жұқпалы науқастардың емінің негізгі қағидалары:

-қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия);

-жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия);

-макроағзаның арнайы емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен;

-асқынуларды алдын-алуға және емдеуге, сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.

Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)

Жұқпалы аурулар кезінде энергия жоғалту процесстері жоғарылайды, асқорыту және қоректі заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің сорылуы нашарлайды, олардың әр түрлі сөлдермен (секреттермен), экскреттермен жоғалуы күшейеді.

Диетаны тағайындаған кезде аурудың ауырлығына және кезеңіне асқазан-ішек жолдарының жағдайына, қосымша патологияларға назар бөлінеді. Қазіргі кезде жұқпалы ауруханаларда көбінесе № 4, 5, 13, 15 диеталар қолданылады.

  • Іш өтумен көрінетін жедел ішек аурулары кезінде №4 диета тағайындаған дұрыс.
  • Бауыр зақымдалған кезде (вирусты гепатит, лептоспироз, инфекциялық мононуклеоз т.б.) №5 диета ұсынылады.
  • Қант диабетімен ауырған науқастарға №9 диета тағайындалады.
  • Қызбамен өтетін аурулардың жедел кезеңінде (тұмау, ЖРВИ, баспа, пневмония т.б.) №13 (2) диета ұсынылады.
  • №15 диета арнайы тамақтануды талап етпейтін науқастарға, көбінесе жұқпалы аурулардың реконвалесценттеріне ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет