Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:
1) мекемеге инфекциялық және паразиттік ауруларды алып келудің;
2) мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуын, таралуы мен жоюдың;
3) мекемелер шегінен тыс инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың алдын алуға бағытталған.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг эпидемияға қарсы тұруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау үшін негіз болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің міндеттері:
1) мекемелер орналасқан ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жүйелі түрде зерделеу;
2) мекемелер орналасқан аумақтың санитариялық жағдайын, су көзін үздіксіз медициналық бақылау;
3) орын алған инфекциялық аурулар, эпизоотийлер және сыртқы орта объектілерінің бактериалды ластануын анықтау туралы мәліметті уақтылы алу болып табылады.
Мекемелер орналасқан ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бойынша мәліметтерді зерделеу және нақтылау:
1) тұрғындардың инфекциялық және паразиттік аурулармен ауршаңдығының құрылымымен және өсу динамикасымен танысу;
2) эпидемиялық аурулардың таралу жолдарының мүмкін болатын көздерін және мекемеде ұсталатын адамдардың тез қабылдауын зерделеу;
3) жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық- эпидемияға қарсы іс-шаралардың көлемі және сапасымен танысумен қамтамасыз етіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде СЭҚБ мамандары: мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелері халықтың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайына қолайлы болу үшін:
1) тұрғындар арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулармен аурушаңдық туралы, жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы мәліметтерді жүйелі алу үшін;
2) жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін;
3) консультативтік көмек алу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасасады.
Мекемеге инфекциялық және паразиттік аурулардың келуін ескерту мақсатында мекемеге келген адамдар үш тәулік ішінде толық санитариялық өңдеуден, медициналық куәландырудан өтеді және карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Инфекциялық және паразиттік аурулармен тығыз байланыста болған адамдар динамикалық бақылауға жатады.
Динамикалық бақылау кезінде инфекциялық және паразиттік аурулар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіледі. Бұл жағдайда медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы ауырған адамды оқшаулаған күннен бастап белгіленеді.
Мекемелерде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүзеге асыру үшін арнайы белгіленген күнтізбелік кезеңде эпидемиологиялық талдау (ретроспективалық талдау) жүргізіледі - ай, тоқсан, жыл. Сонымен қатар, эпидемиологиялық талдау эпидемия ошағында да жүргізіледі (жедел эпидемиологиялық талдау). Мекемелерде эпидемиологиялық талдауды СЭҚБ мамандары жүргізеді.
Ретроспективті эпидемиологиялық талдауды жүргізу кезінде қызмет көрсететін адамдар арасында сырқаттанушылық құрылымы, динамикасы және деңгейі зерделенеді. Әрбір инфекциялық ауру бойынша инфекция көзі, жұқтыру жолының ерекшелігі зерделенеді. Бұдан басқа, инфекциялық аурумен аурушаңдықты одан әрі болжау үшін эпидемиялық ошақтың пайда болу себебіне тиянақты талдау жүргізіледі.
Эпидемиологиялық болжамдар нақты жағдайларда эпидемиялық ағымдағы үрдісті белгілеу үшін жүргізіледі және жыл мерзімнің өткен кезеңіндегі эпидемиологиялық бақылау, эпидемиологиялық талдау нәтижелері мен нақты инфекциялық аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, беріледі. Эпидемиологиялық болжам негізінде СЭҚБ инфекциялық аурудың алдын алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
Инфекциялық ауруларды анықтаған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар № 126 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Мекемеде инфекциялық аурулар (күдіктілер) анықталған кезде СЭҚБ маманы:
1) ауруларды анықтау, оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу, дәрігер-инфекционистің кеңесін алу және емдеу;
2) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау;
3) ауру көзін анықтау мен оқшаулау мақсатында эпидемиологиялық тексеру және провизорлық іс-шараларды өткізу үшін байланыс аясын белгілеу;
4) динамикалық бақылау, обсервациялау немесе карантиндік санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастырады.
Инфекциялық ауруларды уақтылы (ерте) анықтауды амбулаторлық қабылдауда, медициналық тексерістер кезінде, сондай-ақ жатақханаларды, камераларды мекеме әкімшілігімен бірлесіп аралау кезінде медициналық жұмыскерлер жүзеге асырады.
Науқастар және инфекциялық ауруға күдікті адамдар дереу оқшауландырылады және медициналық бөлімнің инфекциялық боксына жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |