Инфекциялық аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) ұстауға қойылатын жалпы талаптар:
1) инфекцияны жұқтыру механизмі әртүрлі инфекциялық ауруларды бөлек орналастыру;
2) оқшауланған палаталарды (бейімделген үй-жайларды) тамақтандыру және сумен жабдықтау объектілерінен кемінде 30 метр қашықтықта орналастыру;
3) оқшауланған палаталарды киім-кешектер мен төсек жабдықтардың толық жинағымен, ыдыстармен, науқасты күту заттарымен, киімді суға салуға арналған ыдыстармен, киім сақтауға арналған қаптармен, аурулардан бөлінетін заттарды дезинфекциялауға арналған қабылдағыштармен, сондай-ақ дезинфекциялық және дезинсекциялық заттармен қамтамасыз ету, оқшауланған палатаға түскен ауруларды гигиеналық жуу, ал көрсеткіштер кезінде санитариялық өңдеу, дезинфекциялық режимді сақтау болып табылады.
Білікті көмек алу үшін науқастарды аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына жатқызу жүзеге асырылады.
Инфекциялық аурумен ауыратын науқастарды (күдіктілерді) соматикалық аурумен ауыратын науқастармен және сау адамдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Инфекциялық науқасты тасымалдаған көлік эвакуациядан кейін екі сағаттан кешіктірмей қорытынды дезинфекциялаудан өтеді.
Ауру пайда болған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар эпидемиялық ошақ шегінде өткізіледі.
СЭҚБ маманы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.
Тексеру процесінде инфекцияның болжамды көзі, қоздырғыштың таралуы мүмкін жолдары мен факторлары айқындалады, қатынаста болған адамдар аясы анықталады.
Инфекциялық аурулардың жекелеген жағдайларында эпидемиологиялық зерттеу кезінде СЭҚБ маманы науқастан, онымен ошақта байланыста болғандардан жауап алуды және тексеруді, сыртқы ортаны, оның ішінде зертханалық тексеруді жүргізеді.
Жауап алу және тексеру нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшліктеріне сәйкес және инфекцияның көздері мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексерістің мәліметтері ошақта өткізілетін іс-шараларды түзету үшін қолданылады.
Топтасып аурулардың (эпидемиологиялық тұтану) себебі бойынша эпидемиологиялық тексеріс кезінде СЭҚБ маманы жасақтар, бригадалар, камералар, аурудың пайда болған мерзімдері бойынша талдау жасайды. Осындай тексерістің мақсаты әрбір ауырған адам үшін инфекцияның көзі мен жұғу жолдарын, топтасып аурудың дамуындағы барлық механизмді анықтау болып табылады.
Инфекциялық аурудың (күдіктілер), паразитарлық арудың, астан уланудың, профилактикалық егуге өзгеше реакция берудің әрбір жағдайында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел хабарлама жасалады, оны он екі сағаттың ішінде аумақтық ҚАЖ департаменттері мен ҚАЖ комитетінің СЭҚБ-ге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелеріне жолдайды. Хабарламаның уақтылы жолдануына бақылауды мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысы жүзеге асырады.
Инфекциялық аурудың ошағында эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шаралары өткізіледі.
Эпидемияға қарсы режимдік-шектеу іс-шараларының үш санаты бөлінеді, олар:
1) динамикалық бақылау;
2) обсервация;
3) карантин.
Динамикалық бақылау мекеме жанындағы медициналық ұйым басшысының нұсқауы бойынша енгізіледі және инфекциялық аурулармен ауырғандарды, кейіннен оларды оқшаулау және ем қабылдауға жатқыза отырып, жұқпалы ауруларды белсенді анықтауға бағытталған. Инфекциялық ауруларды белсенді анықтау жауап алу, тексеру, термометрия, зертханалық зерттеу жолдарымен жүзеге асырылады.
Сальмонеллез, іш сүзегімен ауырған адамдар үш ай ішінде есепке алуға және динамикалық бақылауға жатады
Жіті ішек инфекциясы бар жекелеген ауруларға СЭҚБ маманы ауруды жұқтырған орынды, қоздырғышты жұқтыруы мүмкін жолдарды, жұқтыру тәуекеліне жататын адамдардың ортасын анықтауға бағытталған эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді.
Жіті ішек инфекцияларының себебін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі:
1) науқастан жауап алу және тексеру;
2) ошақта байланыста болғандардан жауап алу және тексеру;
3) мекеме шегінде сыртқы орта объектілерін қарау және тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |