Талықсу болған кезіндегі мейірбикенің Кірісулері /коллапс/ Мақсаты:Қанқысымын қалпына келтіру.
Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері: -толық тыныштықпен қамтамас етіңіз;
-дәрігерді жедел түрде шақыртыңыз;
-пациентті жастықсыз жатқызыңыз;
-мидың жұмысын жақсарту үшін аяғына жылытқышты қойып, жылылап орап, шай немесе кофе беріңіз;
-оттегіні қолданыңыз;
-қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп, тіркеңіз;
-егер осы шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1 мл 10% кофеин ертінділерін тері астына жіберіңіз;
Ескерту: тамыр соғысын және қан қысымын көтеру үшін осы жоғарғы айтылған дәрілерді қолданылады. Міндетті түрде пациентті ауруханаға жеткізу керек.
-физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз;
-пациенттің жағдайын бақылап отыра, нұсқау қағазында демін, тамыр соғысын, терінің түсін дымқылдығын, сана сезімін температурасын белгілеңіз;
-осы аурудың себебі туралы кеңес беріңіз.