Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейірбикелік үрдіс


Жүрек ауруларындағы ісіктер кезіндегі мейірбикенің



бет9/18
Дата09.02.2022
өлшемі28,08 Kb.
#131155
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
14 тақырып электив

Жүрек ауруларындағы ісіктер кезіндегі мейірбикенің
кірісулері
Үлкен қан айналым шеңберіндегі қанның тұрып қалуы - жүрек жетіспеушілігінің мінездемесі тұрып қалу
салдарынан қанның сұйықтығы тамырлар қабырғасы арқылы басқа тіндерге жайылады.Тұрып қалған қан бауырдың ісінуіне әкеліп соғады.Ол ісінеді,бауыр көлемі үлкейеді,бауырдың ауырсынуына себеп болады.Оң жақ қабырға астының түсініксіз ауруы туындайды. Ісік біртіндеп басталып кебінесе кешке таман пайда болып, таңға жақын жоғалуы мүмкін. Ол алдымен тобық түсында және аяқ басының сырт жағында, кейін тізеге дейін көтеріледі.
Жағдайы ауырлаған кезінде кеуде қуысына, құрсақ қуысына сүйықтық жиналады (шемен). Науқастың асқа тәбеті шаппайды, жүрегі айнып құсқысы келеді, тіпті құсады, іші кебеді. Бұл белгілер (симптомдар) іш қуысындағы ағзалардың қан айналымының бүзылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен бүйректің қызметі бұзылып, зәрдің бөлінуі төмендейді. Жүрек қантамыр жүйесі ауыруымен ауыратын науқастарда орталық нерв жүйесінің қызметінің өзгеруі, әлсіздік болуы, тез шаршау, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, үйқының бұзылуы сияқты белгілер пайда болады.
Бас ауыруы және құлак шуылы, бас айналуы сияқты шағымдар қан қысымы көтерілген науқастарда жиі кездеседі.
Жүректің одан ары жұмысы нашарласа сұйықтық жиналады (плевралық – гидроторакс,іште- асцит).Науқастың қанша мөлшерде сұйықтық қолданғанын білу үшін мейірбике тәуліктік диурез көлемін бақылайды (тәуліктегі қолданған су мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшерінің қатынасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет