Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейірбикелік үрдіс


Жүрек маңайының ауырсыну кезіндегі мейірбикенің



бет5/18
Дата09.02.2022
өлшемі28,08 Kb.
#131155
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
14 тақырып электив

Жүрек маңайының ауырсыну кезіндегі мейірбикенің
кірісулері
Жүрегі ауыратын науқастар шағымының бірі - ол жүректің ауыруы. Сұрастыру кезінде міндетті түрде ауыру сезімінің тура орнын, оның пайда болу жағдайы мен себебін (физикалық күш түсу, эмоциялық зорығу, жүру немесе тыныштық кезінде ме, үйқы кезінде пайда болды ма, оның сипатын, өткірлігін, шаншып ауыру, төс артында ауырлық немесе қысу сезімі, төс үшы аймағында шашнып ауруы), үзақтығын, басқа жаққа берілуін, не себептен пайда болуын анықтау қажет. Ауыру көп жағдайда жүректің тәж артериясында қан айналымының жедел жетіспеушілігі кезінде туады, кейін миокардтың ишемиялық ауыруына душар етеді. Стенокардия кезінде ауыру әдетте төс астынан немесе одан біршама солға қарай және көп жағдайда сол жақ жауырын астына беріледі. Ауырғаны мойынға немесе сол жақ қолға да берілуі мүмкін. Олар әдетте физикалық жұмысқа байланысты болады, кейде эмоциялық толқу кезінде де пайда болады және ол нитроглицерин қабыддағаннан кейін жеңілдейді,
Миокард инфаркты кезіндегі жүректің ауыруы жанға өте қатты батады және оның стенокардиядан айырмашылығы ол ұзаққа созылады, бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға, кейде бірнеше күнге созылумен сипатталады
Қолқаның сыдырылмалы аневризмасы кезіндегі ауыру сезімі де өте өткір сипатта және миокард инфарктідегі ауыру сезіміне ұқсас келеді. Одан айырмашылығы ол омыртқаға беріледі, кейін біртіндеп қолқа жолы бойына ауысады. Жүрек ұшыңдағы шаншып ауыру зорыққанда және эмоциялық толқу кезінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет