Жүректің екі тоныныңда күшеюінің - Кардиальды себептері:
- Қарыншалардың тез жиырылуы (тахикардиялар - физ. жүктеме, тиреотоксикоз, кардионевроздар…)
- Қарыншалар гипертрофиясының алғашқы сатысы
Жүрек тондары күшінің жеке дара өзгеруі - 1-і тон күші өзгеруін 1-і және 4-і аускультация нүктелерінде бағаланады
- 2-і тон күші өзгеруін 2-і және 3-і аускультация нүктелерінде бағаланады
1-і тонның әлсіреуі: - Митральды қақпақша жетіспеушілігі
- - Жетіспеушілігі бар, жармалары бітіскен қақпақшалар аз керіледі, тербелістері төмен, сондықтан 1-і тон күші әлсірейді;
- Қақпақшалардың жабық кезеңі болмағандықтан сол қарыншада қысым баяу көтеріледі. Сондықтан қақпақшаға берілетін гемодинамикалық соққы күші қалыпты деңгейден төмен, қапақша тербелісі төмен, тон күші әлсіздеу.
1-і тонның әлсіреуі: - Қолқаның, өкпе артериясының жарты айшықты қақпақшаларының және үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі
- - Қақпақшалардың өзгеруі, бітісуі олардың қалыпты тербелуін төмендетеді, нәтижесінде 1-і тон күші әлсірейді
- Ірі тамырлардағы қысым дәрежесіне қарамастан қарыншалар жиырылуының әлсіреуі де тон күшін әлсіретеді.
Бірінші тонның күшеюі: - Сол А-В тесіктің тарылуы – стенозы
- Сол жүрекшеден сол қарыншаға өтетін қан көлемі қалыпты мөлшерден аздау. Сондықтан сол қарынша систоласы қалыпты жағдайға қарағанда тездеу орындалады және қарынша ішілік қысым тез өседі, митральды қақпақшаға беретін гемодинамикалық соққы күшіде өседі, қақпақша қаттырақ тербеледі, 1-і тон
- күшейеді
Бірінші тонның күшеюі: - Оң атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы-стенозы. Механизмі бірдей. Ақау өте сирек кездеседі.
- Толық атриовентрикулярлы блокада – Стражесконың зеңбірік тоны
- Экстрасистолиялар – кезектен тыс жиырылған қарынша қанға толық толып үлгермейді, сондықтан қарынша жиырылуы тез және қаттырақ
Достарыңызбен бөлісу: |