Жүрек аускультациясы: қалыпты және патологиялық жүрек тондары. Диагностикалық маңызы



бет2/8
Дата17.10.2022
өлшемі10,5 Mb.
#153434
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№10 ЖүрекТондары

жалғасы:

  • Өкпе артериясы қақпақшалары –
  • 3 тыңдау нүктесі – 2-і қабырға аралығында төстің сол қырында (қақпақшалар тұсында)
  • Үшжармалы қақпақшалар – 4 тыңдау нүктесі – төстің төменгі үштен бірі, төс өскіндісі негізінде (қақпақшалар тұсында).

Жүрек қақпақшаларының тыңдау нүктелері

Жүректі тыңдау реті (тәртібі):

  • Алдыменен тыңдалатыны:
  • Митральды қақпақша – 1-і аускультация нүктесі, әрі қарай
  • Қолқа қақпақшалары – 2-і аускультация нүктесі
  • Өкпе артериясы қақпақшалары – 3-і аускультация нүктесі
  • Үшжармалы қақпақшалар – 4-і аускультация нүктесі
  • 5-і нүкте – Боткин-Эрб нүктесі (төстің сол қырында, 3-і қабырға аралық) – қолқа
  • қақпақшалары.

Қалыпты жағдайдағы жүрек дыбыстары:

  • Қалыпты жүрек дыбыстары жүрек тондары деп аталады. Әдетте бірінен соң бірі келетін екі дыбыс естіледі:
  • 1 тон – систолалық тон, систола кезінде жүректің қос жармалы және үш жармалы қақпақшалары қатысуымен қалыптасады (айшықты қапақшалар қосымша қатысады)

Қалыпты жағдайдағы жүрек дыбыстары (жалғасы):

  • 2-і тон, диастолалық тон, диастола кезінде қолқаның және өкпе артериясының жарты айшықты қақпақшалары қатысуымен қалыптасады (жармалы қақпақшалар қосымша қатысады)
  • 3-і (диастолалық) тон, сиректеу естіледі

Жүрек тондарының қалыптасу механизмі

  • Жүрек тондарының қалыптасуы жүрек жұмысымен: қарыншалар систоласы және диастоласымен байланысты.
  • Қарыншалар диастола кезінде жүрекшелерден келетін қанға толады
  • Систола кезінде қан ірі тамырларға айдалады: сол қарыншадан – қолқаға; оң қарыншадан өкпе артериясына
  • Қанның осылай айдалуы жүрек қуыстарын-дағы қысымдар айырмасына қарай жүрек
  • қақпақшалары ашылып-жабылу ретіне
  • байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет